Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атамекен – алтын бесік

30 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін - өзі тану 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Атамекен – алтын бесік
Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.
Міндеттері:
- Атамекенді қадірлей білуге, ата-мекенге қызмет ету, адам өмірінде ата-мекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;
- Оқушылардың өз ата-мекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;
- өз ата-мекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
Қолданылған технология: СТО
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд

Шаттық шеңбері
Атамекен
Сөзі: Қ. Мырза Әлі
Әні: Е. Хасанғалиев
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көк ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен

Қызығушылықты ояту кезеңінде миға шабуыл әдісімен әңгімелесуді жүргіземін. Бұл әдісте төмендегідей сұрақтар берілген:
1) Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді?
2) Адамның туған жері әрқашанда атамекен бола ма?
3) Адамда екі атамекен бола ма? Отан ше?
4) Өз ата-мекенін сүйе білу адам өміріне қалай әсер етеді?
5) Сенің арман – қиялыңда ата-мекеніңе қандай орын берілген?

Мағынаны тану кезеңінде түртіп алу әдісімен мәтінмен жұмыс жүргіземін
Бір шымшым топырақ
Ғ. Оралбаев
1) Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?
2) «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?
3) Өз ата-мекенің, туған жерің, Отаның туралы айтып беріңдер.
Аймақтық компонент (Айбек Сапышев шығармаларына тоқталу)

Сергіту сәті.
«Жақсы» тақырыбындағы ширату - ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады):
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады)

Оқу ақпараты
Атамекен - туған халқымның, ұлтыңның мекен еткен, ата бабаңның қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де ата-мекенмен тығыз байланыста болады.

Дәйексөз
«Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың»
Түйіндеме
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Менде адаммын жаралған сүйек, еттен,
Арым бар, намысым бар жер тербеткен
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.
Б. Момышұлы

Ой толғаныс кезеңінде оқушыларды дәптермен жұмыс жүргізуге шақырамын.
«Ата-мекенім - мақтанышым» тақырыбында өз ата-мекені туралы эссе жазу.

Мәтіндермен жұмыс
1. Мұхтар туған жер З. Қабдолов
2. Менің аулым К. Нығметова
Тапсырма
Атамекен
М. Айтқожина
Мекен ғой бұл, ел көшкен қия құздан
Қара тастан жас тамып, күй ағызған
Жақсыны да, жаманды көрген далада,
Кеңдігінен кеудеге сыя алғызған.
Мекен ғой бұл тұлпардың ізі қалған,
Көкжиектегі жүріпті жүзіп арман.
Домбырадан бір мезгіл күй толастап,
Арулардан нәзік ән үзіп алған.
Жүректен – жүрекке
Туған жер туралы өз лебіздерін білдіру(гүл тәріздес стикерлерге өз ойларын жазып, автор орындығына отырып, оқып беру)

Үйге тапсырма: «Ата-мекенім - мақтанышым» тақырыбында эссе аяқтау.
9 472
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Туған жер-тұғырың
Туған жер-тұғырың
Уа, дариға, алтын бесік туған жер, Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр! Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей Ақын болмай, тасың болсам мен егер
Отанымыз - Қазақстан, Елордамыз – Астана
Отанымыз - Қазақстан, Елордамыз – Астана
Отан, Астана туралы түсінік беру. Мәнерлеп оқуын дамыту
Атамекен – алтын бесік
Атамекен – алтын бесік
Алматы обылысы Сарқан ауданы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің өзін – өзі тану пән мұғалімі Абдраманхан Ербол
Ән жұмбақ (музыкалық сайыс)
Ән жұмбақ (музыкалық сайыс)
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Баймуханова Гульсим Мешиткалиевна
Ғажайып сурет әлемінде
Ғажайып сурет әлемінде
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Төкенова Жайнагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×