Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы

26 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Тәуке ханның, хандық құрған кезіндегі елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәукенің
ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу. Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңдары мен қазақтың ұлы билердің өмірі мен қызметі даналықтары туралы мәліметтермен танысу.

ә) тәрбиелігі: Өз елінің тарихын білуге, Қазақ тарихында Тәуке хандай құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткерінің халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру. Түрлі тірек - сызбалар, түрлі танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, тірек - сызбамен жұмыс, сұрақ – жауап, топтастыру, сәйкестендіру тесті, әңгімелеу,
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, құқықтану, география.

Сабақ кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Тәуке хан болу қарсаңындағы қазақ хандығының саяси жағдайы.
2. Тәукенің хан тағына отыруы.
3. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
4. «Жеті жарғы»
5. Ұлы билер.

Жаңа сабақты баяндау:
І. Оқып пікір талдау стратегиясы (Сабақты түсіндіре отырып, жетелеу сұрақтары арқылы оқушыны қатыстыру)
1. Тәуке хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.
XVI ғасырдың ортасында Батыр қонтайшының билікке келуіне байланысты Жоңғар мемлекетінің күш - қуаты артты. Батыр қонтайшы тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында 1635, 1643, 1652 жылдары үш рет қарулы шайқастар болды. Осы кезде қазақтардың хан тағына 1628 - 1652 жылдары Есімнің баласы Жәңгір отырды.
Оның ғұмыры жоңғарларға қарсы күреспен өтті. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады.

2. Тәукенің хан тағына отыруы.
Тың өзгерістер енгізді
«Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды
Хан мен билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды
Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды
Феодалдық талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты Қазақ хандығын құруға күш салды
3. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы жағдайы.
Елдің ішкі жағдайы өте шиеленісіп тұрды
Үстем тап өкілдері арасында ішкі, талас - тартыс пен алауыздық өрші түсті
Қазақ жүздері біртұтас қазақ хандығын мойындағанмен, іс жүзінде олар Ұлы ханға бағынбау
үрдісін ұстанды
Сұлтандардың өздері кіші хандарға бағынғысы келмей, өз алдарына жеке - дара билік жүргізуді көздеді

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының сыртқы жағдайы
Орыс мемлекетімен экономикалық және саяси - дипломатиялық байланыс орнатуға тырысты
1573 жылы С. Малцев пен Т. Чебуков бастаған орыс елшілігі келді
1694 жылы Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады.
Ресей болса қазақ хандығын Сібір ханы Көшімге қарсы одақтас еткісі келді. 1598 жылы Көшім біржолата жеңіліске ұшырады
Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан қырғыздар мен қарақалпақтарды да тартты.

4. «Жеті жарғы»
Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш - қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз осыдан қалса керек. «Жеті жарғы» қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары. Жарғының негізі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы сияқты» байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларының алынды. Зерттеулерге қарағанда «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің таңдаулы жеті биі қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш данасы, үш кемеңгер деп танылған қазақ халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек және Әйтекелер заң жобаларын сахараның сол замандағы тұрмыс – тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып қайта жасаған. Қазақша «жарғы» деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді.

Қасым ханның қасқа жолы.
1. Мүлік заңы ( жер дауы, мал - мүлік дауы);
2. Қылмыс заңы ( кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
3. Әскери заң ( қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат, қара қазан мәселелері);
4. Елшілік жоралары ( майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
5. Жұртшылық заңы ( ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері жасауыл және т. б.)

Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта.
4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жесір дауы.

Сергіту кезеңі: Қазақта « жеті» санын киелі деп санаған. Жеті санына байланысты мақал - мәтелдер айту.

5. Ұлы билер
XVII ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы билердің қосқан үлестері зор болды
Төле би
- 1663 - 1756 ж. ж өмір сүрген. Ұлы Жүздің төбе биі. Жамбыл облысы, Шу өзені Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер. Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі
- Жеті Жарғы Заңын жасаушылардың көрнекті өкіл
-«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған.

Қазыбек би
- 1667 - 1764 ж. ж. өмір сүрді. Сыр бойында дүниеге келген. Орта Жүздің биі. Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Қазақ хандарының ақылшысы, елші - мәмлегер, дипломат.
- Жоңғар хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған Асқан шешен, ел басқарған, дау - жанжалды шешкен.

Әйтеке би (Айтық)
- 1682 - 1766 ж. ж. өмір сүрген. Кіші Жүздің биі. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан.
- Аты аңызға айналған ақыл - ой алыптарының бірі, 12 жасына дейін әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген.
- Бұхар мен Самарқан медреселерінде араб - парсы тілдерін үйренген.

1 - тапсырма «Миға шабуыл» әдісі
1. «Би» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Би болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсыңдар?
Би ------→ Елші, мәмілегер, саясаткер, қоғам қайраткері, ойшыл, заңгер, ақын, шешен

3. «Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер?
4. «Құн» деген не?
5. Құрылтай дегенді қалай түсінесің? Қандай мәселелер қаралды?

Халқымыздың тарихында бұл атақты үш бидің алатын орны ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт - дәстүрін сақтап қалуда зор еңбегін сіңірді. Олардың есімдері тарихымызда мәңгі сақталады. Ұлы билердің қара қылды қақ жарған билік кесімдері бүгінгі таңдағы ел басқарып жүрген әкімдерімізге үлгі - өнеге болуға тиісті. билік басындағы азаматтарымыз дәл осы Ұлы билеріміздей болса, халқымызда қандай өнегелі ел болар еді.
Сабақты қорытындылау кезеңі. “Кім жылдам?”

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 242
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Конспект Есім ханның баласы Жәңгір 1628 - 1652 жылдары хан болған. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады. 1643 жылы жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне басып кіріп,
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке ханның қазақ хандығындағы ішкі талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құру жолында тың өзгерістер енгізгенін және «Жеті жарғы» заңының мазмұнына түсініктер беру.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Білімділік: Тәуке хан тұсындағы елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәуке ханның ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу.
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Алмута вилайити. Уйғур наһийәси, Ават йезиси, И. Искәндәров намидики оттура мәктәп коммуналлиқ мәмликәтлик мәһкимиси тарих пәни муәллими Музапаров Ерлан Семятович
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Ключев орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тулеубаева Сандуғаш Сайлаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×