Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығының 550 жылдығы

13 мам 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Саты ауылы, А. Түркебаев атындағы орта мектеп.
тарих пәні мұғалімі Мәлібек Қ.

2015 - жыл Қазақ хандығының 550 жылдығы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы, деп Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз». XІV – XV ғасырларда Шыңғыс хан империясы мен Алтын Орда ыдыраған соң, қазіргі Қазақстанның территориясында бірнеше мемлекет: Ноғай ордасы, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті) және Моғолстан (Шағатай ұрпақтары билік жүргізген хандық) бөлініп шығып, жеке - дара билік құрды. Кең байтақ дала мен оңтүстіктегі таулы аудандарды мекендеген қазақ тайпалары осы мемлекеттің құрамында болды. Тайпалардың тілі, әдет - ғұрпы мен дәстүрінде ұқсастық көп еді. Барлығын да хандар басқарды. Олар, негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.

XV ғасырда Қазақстан жерінде екі мемлекет: Әбілхайыр хандығы мен Монғолстан елеулі рөл атқарды. Әбілхайыр хандығы Орталық Қазақстанда орналасса, Монғолстан, негізінен, Жетісуды жайлады. Осы уақытта билік үшін, хан тағы үшін күрес жүріп жатты. Шыңғыс хан ұрпақтары – сұлтандар елді жеке – дара билеуді көкседі. Олардың әрқайсысы өзін Ұлыс хан болуға лайықтымын деп санады. Билік үшін күрес шаруашылықты шайқалтып, қарапайым малшылар мен диқаншылардың өмірін нашарлатты, сауданы шығынға ұшыратты. Бұл мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқтырды. Ішкі қайшылықтардың ауыр зардабын жат жұрттық жаулаушылар пайдалануға тырысты. Сөйтіп, Қытай жерінде жоңғар тайпалары қазақ жеріне шабуылдай бастады.

Әбілхайыдың әлсіреп, бытыраған әскері жоңғарларға қарсылық көрсете алмады. Олар қазақ ауылдары мен балалар ажал құшты. Жоңғарлар малдарды тартып алып, қолөнерші шеберлерді тұтқындады. Әбілхайыр 1457 жылы жоңғарларға тойтарыс бермек болды. Бірақ жеңіліске ұшырап, ұрыс даласынан қашып кетті. Әбілхайырдың саясатына көптеген сұлтандардың, әмірлердің, ру - тайпа басшыларының көңілі толмады. Ханға наразы әрі үздіксіз соғыстардан шаршаған қазақ ру - тайпалары Әбілхайырдың қол астынан кетпек болды. Олар Жәнібек пен Керей сұлтандарды қолдады. Жәнібек пен Керей 1457 жылы күзінде қазақ руларын бір тудың астына топтастырып, қайыршылық пен опат болудан құтқару үшін оңтүстікке – Монғолстанға бастап кетті. Дүние - мүліктерін жинап, жылқы мен түйеге артып, жүз мыңдай халық аттылы жаяу жолға шықты. Әбілхайырдан бөлініп көшкен тайпалар үсті - үстіне келіп қосылып, қазақтардың санын көбейте түсті. Олар Жетісуға қарай толассыз ағылып жатты. XV ғасырдың 60 - шы жылдары басына қоныс аударушылар Жетісуға келіп жетті. Манғолстан ханы оларға Шу мен Талас өзендерінің алабынан жер берді. Оның өз көздегені болды. Ол қоныстанушылардың көмегімен Әбілхайыр мен ойраттардың шапқыншылығынан қорғануды ойлады. Жаңа жерлерге қоныстанған халық «1465 жылы Жәнібек пен Керей алғашқы хандықты құрды, қазақ мемлекетігінің тарихы сол кезден бастау алды», төрт ғасырлық шежіресінің елеулі кезеңдерінен сыр шертеді.

Жәнібек пен Керей басқарған қазақтар өмір сүрген жерлерді ортағасырлық тарихшылар Қазақ хандығы деп атайды.
Осылайша, қиын күрес пен ауыр сынақтардың нәтежесінде қазақтардың алғашқы мемлекеті – Қазақ хандығы құрылды. Осы кезде қазақ ұлты – Қазақтар қалыптаса бастады. 1469 жылы Монғолстан ханы көз жұмды. Оның қол астындағылар Жәнібек пен Керей билігіне өтті. Қазақ хандығы ұлғайып, күшейе түсті. Керей ханның тұсында Жәнібек «кіші хан» есебінде онымен бірге ел басқарған. Керей өлгеннен кейін билікті өз қолына алған. Жәнібектен кейін билік басына Керейдің баласы Бұрындық келген. Жәнібек 7 - жыл өзі дара хандық құрған мемлекеттің құрлымы, басқару және заңдық жүйесі, әскери тәртібін жасап, берік орнықтырып кетті. Жәнібектің даңқына даңқ қосты – өзінен тарайтын тоғыз көкжал ұлы. Бұрындық 1480 - 1511ж - р кейін Қазақ хандығының билігі бірыңғай Жәнібектің балалары мен ұрпақтарының қолында болған. Елордада тұрғызылған Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіштері де бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 256
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы Конспект Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделген. Хандық биліктің ең жоғарғы өкілдері –
Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы)
Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы)
Әбілхайыр хандығы (Өзбек хандығы) Конспект 1428 жылы ақсүйек, шонжарлар 17 жастағы Әбілхайырды хан етіп сайлады. Хандық Өзбек ұлысы, Өзбек хандығы, Шайбани ұлысы, Әбілхайыр ұлысы деп аталды.
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір Конспект 13 ғасырда Қазақстанның солтүстік - батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы.
Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ хандығының құрылуы
Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ хандығының құрылуы
ХV - ХVІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстік - шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы ірі тарихи оқиға болды. ХІV - ХV ғасырларда Дешті Қышпақ пен Мәуереннахр, Моғолстанда болған этникалық процесстердің дамуы, Еуразиялық шығыс және Орта бөлігіндегі
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кадисова Акмарал Ержановна
Әбілхайыр хандығы
Әбілхайыр хандығы
Тақырыбы: Әбілхайыр хандығы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×