Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,
Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің
Тарих және география пәнінің мұғалімі
Елеусизова Нуркамал Мухтархановна
Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Ұлттық құндылық дегеніміз не? Ұлттық құндылық, ұлттық патриотизм - әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет - ғұрып, ұлттық салт - дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Қ.Р. тұңғыш президенті Н. Ә. Н. пайымдауынан ұлттық құндылыққа қатысты екі ой түйін туындап тұр. Бірі – ұлттық құндылық өзін - өзі таныған ұлт барда ғана дүниеге келеді. Өзін - өзі тану тарих толқынында шыңдалған ұлттардың ғана пешенесіне жазылған. Туған еліміз бен жеріміздің тәуелсіздік алуы – тарихымызды түгендеуге, ұлттық рухани болмысымызды қалыптастыруға кең мүмкіндіктер ашып отыр. Астананың Арқа төріне көшуі – ұлттық тұтасу мен ұйысуды тереңдетуге үлкен жол ашты.
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, ешбір елдің мәдениетінен асып түспесе кем түспейтіні айғақ.
Ұлттық құндылық дегеніміз, бұл:
1. Рухани байлық, ұлттық салт - дәстүр, ұлттық мақсат - мүдделер;
2. Дархан даламыздың ұлтымызға байланысты қасиеттері;
3. Төл тума тарихымыздың таңғажайып тылсымы мен тұлғалары;
4. Рух пен намыс, ұлттық құндылықтың ең бір биігі іспеттес;
Осыларды тұжырымдап келіп бір сөзбен айтқанда, с анаға рухани құндылықтың сәулесін шашар сауыттары:
1. Тіл.
2. Діл.
3. Дін.
Осы үш қасиет қашанда ұлттың ұлағатты ұрпақ өсіруіне бірден - бір керек құнарлылық.
Ұлттық санаға сілкініс әкелу үшін ұлттық мәдениеттің бастауы мен бұлағының көзін ашып жарқыратып көрсету, мешеулеп қалған адамзаттың қарым - қатынас құралы тілді, тіл мәдениетін өркендетуге толық күш салу керек. Ұлттық ана тілді біліп, терең тамыр жайғызу, құрметтеу, салт - дәстүрлерін қадірлей білу, имандылық парасатқа, діни тәрбиелеуге негізделуі қажет.
Бүгін еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін Астанаға мақтанышпен қарайды, оны елдігіміздің, мемлекеттігіміздің айбарындай қабылдайды. Тоталитарлық - идеологиялық өктемдік тұсында жатқа телмірген жадағай қаланың қазақтары «Менің елім, менің жерім, менің тілім» деуден қалса, тіпті Алматыны Қазақстанның астанасы ретінде ұлықтау оңайға соқпаса, тап қазір Еуразияның сайын даласында мемлекеттік және ұлттық сәйкестіктің ұштасқанына бәріміз куәміз. Мұнсыз, ұлттық мақтанышсыз ұлттық идея түзілмейтінін ұғынған жан Елордамыз ұлттық идеяның саяси - ұйымдастырушылық және имандық - отансүйгіштік ұйытқысы болғанын да бекерлей алмайды.
Конституция қабылданған соң «алдымен экономика, одан кейін саясат» ұстанымы аясында жүзеге асқан реформалар Елордамыздың Астанаға көшуімен өз нәтижесін берді. Астана – нақты істер алаңы. «Нарық», «реформа», «модернизация», «жаһандану» деген сөздерді ойлы кейіппен күніне мың рет айтқанмен мұнда жаңа ғимараттар, сарайлар, үйлер, жолдар өздігінен салына қалмайды. Астана барша қазақстандықтарды еңбекке жұмылдырды, тәртіпке салды, кімнің кім екенін көрсетті. Ішкі жиынтық өнімнің 9 - 10 пайызға артып отыруы Астанадан басталды, ол өз кезегінде ұлттық идеяның экономикалық іргетасын қалады.
Ал, енді осы ұлттық құндылығымызды қаншалықты дәрежеде жас ұрпақтың санасына сіңіріп, өздерінің бірден - бір ұстанатын қорғаны қылдық?
Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет - ғұрып дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек танысу қажеттігі бірінші орында тұр. Өйткені, мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз рухани байлығын арттыра түсу мүмкін емес.
Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім - тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана - сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата - бабалар салт - дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті ― ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу” делінген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Жаңалықтар
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Қоғамға керек мамандық
Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл -
Қазақ әдебиетін оқытуда студенттердің құзыреттіліктерін арттыру
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын студенттер ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ
Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы
Атырау қаласы №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Марал Сарсеновна
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.