Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас тарихшылар сайысы

20 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,
Қабанбай ауылы, К. Төгісов атындағы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі С. Канагатова

Сабақтың тақырыбы: «Жас тарихшылар» сайысы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру арқылы шығармашылыққа баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, іздену, салыстыру және де пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, отаншылдыққа, туған еліне, жеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Топқа бөлу, сұрақ - жауап, салыстыру, талдау, пікір алысу, топтастыру, ассоциация құру, т. б.
Көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар, кестелер, ұяшықтар, сөзжұмбақтар, т. б.
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар біз бүгін 6 - шы сынып оқушыларымен «Жас тарихшылар» атты сайыс сабағымызды бастаймыз. Бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Сайысқа I топ және II топ оқушылары қатысады. Сайыс 5 бөлімнен тұрады. Жеңіске жеткен топқа «Жас тарихшылар» деген баға беріледі.

Жоспары:
I бөлім: «Асу» (әр топқа 13 сұрақтан қойылады. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай).
II бөлім: «Өткел» ( топпен жұмыс. Сұрақ екі топқа да қойылады. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай).
III бөлім: «Белес» (топтастыру, сәйкестендіру).
1 ұпай 1 ұпай
IV бөлім: «Жерұйық» (Ұяшықтарды шешу. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай).
V бөлім: «Бәйге» (Шығармашылық жұмыс. Сөзжұмбақтар шешу. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай).

Топтарға бөлу:
I топ: «Тас дәуірі»
II топ: «Қола дәуірі»

I. Қызығушылығын ояту:
Адам қайдан жаралған?
Осынау бір сұрақты
Топшылаймыз сан алуан,
Жауабы жоқ тұрақты,
Ұғынамыз ғылымнан,
Топшылаймыз діндерден
Адам қайдан туылған?
Тәңірі оны кім көрген!
Судан ба әлде оттан ба,
Жерден бе әлде күннен бе,
Бардан ба әлде жоқтан ба,

Маймылдан ба, пілден бе?
Әр нәрсеге үңілдік,
Ұқсап бақтық әркімге,
Ақыры көп жүгіндік,
Ғұлама шал Дарвинге
Мен адамнан жаралдым,
Ниетім жоқ айнуға
Баласымын адамның,
Ұқсаған жоқ маймылға
Мен – Адаммын!

I бөлім «Асу»
I топ: Тас дәуірінің сұрақтары
1. Ең алғаш адамдардың өмір сүрген қоғамын қалай атайды? (Алғашқы қауымдық құрылыс)
2. Алғашқы адамдардың сүйегі Қазақстанның қай жерінен табылды? (Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жотасы)
3. Андронов мәдениетінің тұрақтары ең алғаш қай жерден табылған? (Ачинск маңы)
4. Археологтар адамзат дамуын қандай дәуірлерге бөлді? (Тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі)
5. Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын ата? (қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар)
6. Қаратау ауданындағы тастарда көбінесе нелердің суреті бейнеленген? (Соғыс арбалары)
7. Соңғы қола дәуірінің мәдениетін ата? (Беғазы - Дәндібай мәдениеті)
8. Неолит дәуірінде тас өңдеудің қандай әдістері қолданды? (Жылтырата тегістеу)
9. Алғашқы еңбек бөлінісі деген не? (Мал шаруашылықтың егіншіліктен бөлінуі)
10. Жер бетін қай уақытта мұз басты? (Осыдан 100 мың жыл бұрын)
11. 1938 жылы Неандертальдық бала табылған үңгір? (Өзбекстанның Тесіктас жерінен)
12. Неолиттік 150 - ге жуық тұрақ, кен шығару, жерлеу орындары табылған өңір? (Жезқазған өңірінен)
13. Ежелгі қалалардың бірі Арқайым қайда орналасқан? (Қостанай мен Челябі облыстарының аралығында)

II топ: Қола дәуірінің сұрақтары
1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? (Тас дәуірі)
2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңіндегі топтасу жүйесі? (Тобыр)
3. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі? (Рулық)
4. Тас дәуірін өндірістен ығыстырып шығарған дәуір? (Қола)
5. Адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым? (Археология)
6. Епті адам қайдан табылды? (Африка, Кения, Олдувай шатқалы)
7. Мезолит кезеңінде жебе мен садақтың доғал және домалақ ұштары қандай мақсатта қолданылды? (Терісі бағалы аңдарды аулау үшін)
8. Неолит қай кезеңді қамтиды? (Б. з. б. 5 - 3 мың жылдықтар)
9. Мезолиттің ең үлкен жаңалығы? (Садақ пен жебенің пайда болуы)
10. Балалар тобынан, ересектер тобына өту ғұрпы қалай аталады? (бағыштау, иницияция)
11. Қай дәуірде малды қолға үйрете бастады? (Мезолит)
12. Ең бірінші қолданылған металл? (Мыс)
13. Қазіргі заман адамының пайда болуы ежелгі адамдар өмірінің қай кезеңімен байланысты? (Кейінгі палеолит)

II бөлім: «Өткел»
Сұрақ екі топқа да қойылады.
1. Жер бетінде бұдан 100 - 35 мың жыл бұрын пайда болған адам? (Неандерталь)
2. Бір қабат өңделген жүзінде кертік ойықтары бар өткірлеу әдіс? (Ретушь)
3. Жамбыл облысынан бес мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар? (Бөріқазған, Шабақты)
4.«Саналы адам» табылған жер? (Франция, Кро - Маньон үңгірі)
5. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі? (Көзе құмыралар жасау)
6. Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті? (Андронов мәдениеті)
7. Андроновтықтардың сүт өнімдері мен етті сақтау тәсілі? (Жер асты шұңқырларда)
8. Андроновтардың бет - бейнесін сипаттаған ғалым? (Алексеев)
9. Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы? (Мыс пен қалайы)
10. Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен бір миллион тонна кен өндірілгенін айтқан ғалым? (Қ. Сатбаев)
11. Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны? (Нарым, Қалба)
12. Тас пен мыстан жасалған еңбек құралдары қатар қолданылған кезең? (Энеолит)
13. Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал? (Қой мен жылқы)
14. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін зерттеген ғалым? (Ә. Марғұлан)

III - бөлім: «Белес»
(Топтастыру)

I топ: «Тас дәуірі»
Сәйкестендіру
I топ: «Тас дәуірі»
1. Австролопитек А. Ява аралы
2. Питекантроп В. Франция
3. Синантроп С. Германия
4. Неандерталь Д. Чжоу - коу - дянь үңгірі
5. Кроманьон Е. Олдувай шатқалы

II топ: «Қола дәуірі»
1. Австролопитек А. Б. з. б. 40 - 35 мың жыл
2. Питекантороп В. Б. з. б. 500 - 200 мың жыл
3. Синантроп С. Б. з. б. 100 - 35 мың жыл
4. Неандерталь Д. Б. з. б. 1 млн жыл
5. Кроманьон Е. 1 млн - 750 мың жыл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 870
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке ханның қазақ хандығындағы ішкі талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құру жолында тың өзгерістер енгізгенін және «Жеті жарғы» заңының мазмұнына түсініктер беру.
Географшылар көзімен әлемді таны, Тарихшылар сөзімен өткеніңді таны
Географшылар көзімен әлемді таны, Тарихшылар сөзімен өткеніңді таны
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, «№1мектеп - гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі: Досниязова Жанар Дүйсенбекқызы
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылы, Талдыбұлақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ендаманова Гүлзат Қабылдақызы
Туған тілім өркенде!
Туған тілім өркенде!
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 13 бастауыш мектеп мұғалімі Маржан Жидебаева
Туған еліме. Туған жер
Туған еліме. Туған жер
Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы
Жер ортақ үйіміз
Жер ортақ үйіміз
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×