Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары. Еділ – Ғұн мемлекетінің әйгілі билеушісі

27 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Солтүстік Қазақстан облысы,
Тайынша ауданы, Теңдік ауылы, «Теңдік орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі Жапенова Гульмира Жикеновна

Қазақстан тарихынан әңгімелер 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары. Еділ – Ғұн мемлекетінің әйгілі билеушісі.
Сабақтың мақсаты: Ғұн елінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі, тұрмысы мен Еділ патша кезіндегі ғұн мемлекеті туралы білу.
Тренинг: “Алғашқы мемлекет” (Бір оқушы - тобыр, екінші оқушының иығынан ұстап, ру құрайды. Үшінші оқушыны қосып, ру бірлестігі, төртінші тайпа құрып, оқушылардың саны өскен сайын алғашқы мемлекет қаланады.)

• Тобыр - 1
• Ру - 2
• Ру бірлестігі - 3
• Тайпа - 4
• Тайпа бірлестігі - 5
• Алғашқы мемлекет - 6
Жұпқа бөлу: “Алтын асық” Оқушылар асық алып бір - біріне тілек білдіру.

Қызыл – 1, жасыл – 1, қоңыр – 2, сары – 2, қара – 3, ақ – 3
Бағалау критерийлер: «Бағалау парағы»
Сабаққа белсеңді қатысу.
Тапсырмаларды дұрыс, толық орындау.
Сұрақтарға дұрыс, нақты жауап беру.
Сұрақтарды дұрыс қою.
Үй тапсырмасы: жеке жұмыс

3 тест сұрақтар құру. Сұрақтар мен тапсырмалар / бет 60. Білімпаздар үшін «Алтын киімді адам»
Бағалау: «Бағалау парағы»
Жеке тапсырма: Тізбек сөздер “Ұлы Қытай қорғаны”
СКИФХАОМАВАРГМАССАГЕТЖАУЫНГРТҰМАРАБЫЗСАҚКИРТИГРАХАУДСПАРГАПИСХАОМАШЫРАҚПАТШАПАРСЫОБАПАРАДАРАЙАҒҰН
Бағалау: «Бағалау парағы»
Жұптық тапсырма: «Ғұн» ( мазмұндау)
• Ғұн мемлекеті
• Ғұндардың шаруашылығы
• Ғұндардың тұрмысы
Бағалау: «Бағалау парағы»

Жұптық тапсырма: оқулықпен жұмыс “Тұлғалар” (ұғымдарға түсініктеме беру)
• Еділ
• Құдайдың қаһары
• Ши - Хуанди
• Бледа
• Тұман
• Мөде

Бағалау: «Бағалау парағы»
Сергіту сәті: «Биле, биле!» Видео көрсету.
Арнайы сұрақтар:“Сен білесің бе?” Видео сұрақтар.
Сарыбай Н. 11 - сынып қояды.
Бағалау: «Бағалау парағы»

Сабақты бекіту:
Жеке тапсырма: “Өзіңді тексер!”
1. Қытай деректерінде "ғұн" атауының пайда болған кезі: б. з. б. ІІІ ғ. аяғы
2. Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы: "Шаньюи"
3. Ғұндар туралы дерек беретін: қытай деректері
4. Ғұндар кезеңін қамтитын аралық: б. з. б. ІV ғ.- б. з. ІІІ ғ.
5. Ғұн державасының негізін қалаған: Мөде
6. "Жер дегеніміз - мемлекеттің негізі, оны қалай береміз" деген ғұн басшысы: Мөде
7. Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа: ғұндар
8. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша: 3 қанатқа бөлінген
9. Ғұн шаньюйінің жақын туыстары иеленген лауазым: "Түменбасы"
10. Ғұн мемлекетіндегі ру саны: 24
11. Ғұн мемлекетіндегі Түменбасы әскерінің құрамы: 10 мың атты әскер
12. Ғұн мемлекетінде ақсақалдар кеңесі жылына: 3 рет шақырылды
13. Ғұн мемлкетінің оңтүстік және солтүстік болып бөлінген мерзімі: б. з. б. 55 жыл
14. "Халықтардың ұлы қоныс аударуын" бастаған: Ғұндар
15. Рим империясына қауіп туғызған ғұн басшысы: Еділ
16. Ғұн билеушісі Еділдің қайтыс болған уақыты: 453 жыл
17. Аттиланың (Еділ) шамамен өмір сүрген жылдары: 400 - 453ж.
18. "Еділ" (Атилла) атымен аталатын өзен: Волга
19. Ғұн әскерлерінің негізгі құрамы: Атты әскерлер
20. Ғұндар өсірген үй малдары: Малдың барлық түрін
21. Ғұндардың негізгі баспанасы: киіз үйлер
22. Ғұндармен көршілес болған тайпалар: қаңлылар, савраматтар
23. Ғұндардағы биліктің берілу жүйесі: Мұрагерлікпен берілді
24. Ғұндарда опасыздық жасағандарға берілген жаза түрі: өлім жазасы
25. Ғұндардың негізгі өмір салты: көшпелі өмір
26. Ғұндар бұйымының бетіне түрлі - түсті заттарды жапсыру стилі: "Полихромдық стиль"
27. Ғұндарда бұйым бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі: Зерлеу
28. Ғұндарда бұйымдарды безендіру үшін қолданылған негізгі бейне: Жабайы аңдар
29. Ғұндардың жүннен киім тоқып кигендігін көрсететін негізгі дәлел: Ұршық бастары
30. Ғұндардың ру көсемдері: Ақсақалдар

Толық нұсқасын жүктеу
14 582
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
Ноғай Ордасы мен Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы жайлы баяндау
Көшпелілікті зерттеу тарихы
Көшпелілікті зерттеу тарихы
көшпеліліктің қалыптасу туралы оқыта отырып, оқушылардың танымдық қабілетін, ой - өрісін, білімділігін дамытып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденуге дағдыландыру;
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Сақ тайпалары, тұрмысы, шаруашылығы
Сақ тайпалары, тұрмысы, шаруашылығы
Сақ қоғамындағы басқару ісі, коғамдық құрылысының ерекшелігі мен сақтардың өз тәуелсіздігі үшін жүргізген соғыстары кезеңіндегі басты тарихи тұлғалар мен олардын ерліктері туралы түсіну.
Қазақ жеріндегі Қола дәуірі
Қазақ жеріндегі Қола дәуірі
Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері жөнінде түсіну.
Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары
Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «№219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің» Жұмабаева Қалдыгүл Қалдыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×