Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тас дәуірі (палеолит)

10 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі тарих пәнінің мұғалімі
Ахметкереева Анаргуль Кайровна

5 - сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 4. Тас дәуірі (палеолит)
Сабақтың мақсаты.
• Білімділік: Адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің кезеңдерін хронологиялық ретімен, еңбек құралдарымен баяндап, тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім беру.
• Дамытушылық: Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
• Тәрбиелік: Ежелгі мәдениетті сақтап - қорғауға, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: биология, география, математика
Сабақтың көрнекілігі:
1. «Ежелгі Қазақстан» картасы.
2. «Тас дәуірінің кезеңдері» деп аталатын кесте.
3. Тас дәуірінің құралдарының суреттері.

Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Өткен сабақтағы сабақ жоспары бойынша бірнеше оқушыдан үйге берілген тапсырманың мазмұнын сұрап шығамын. Одан кейін үйге берілген «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырманы жалпы сыныптан әр партаны аралап жүріп, тексеремін. Одан кейін алдын ала дайындаған қағаз қиындыларына әр нұсқаға жеке - жеке жазып келген 3 - 4 жаңа сөздермен таратып беріп, оның жауабын берілген уақыттан соң жинап алып, тексеріп шығамын.

Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Ерте тас дәуірі (Палеолит).
2. Тас құралдары.
3. Тас дәуіріндегі Қазақстанның табиғаты.
4. Орта тас дәуірі.
5. Жаңа тас дәуірі.
6. Неолит жаңалықтары.
Адам баласының алғаш қолданған еңбек құралдары тастан жасалған. Еңбек құралдарын тастан жасау, оны қолдану дәуірі өте ұзаққа созылған. Сондықтан адамзат тарихының осы кезеңі тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі үшке бөлінеді деп төмендегі кестенің көмегімен тас дәуірінің кезеңдерімен таныстырамын.
Тас дәуірінің кезеңдері.
ТАС ДӘУІРІ
ПАЛЕОЛИТ (б. з. б. 2 млн 500 - 12 мыңжылдықтар)
МЕЗОЛИТ (б. з. б. 12 - 5мыңжылдықтар)
НЕОЛИТ (б. з. б. 5 - 3 мыңжылдықтар)
----------► 1. Ерте палеолит ( б. з. б. 2 млн 500 - 140 мыңжылдықтар)
----------► 2. Ортаңғы палеолит (б. з. б. 140 - 40мыңжылдықтар)
----------► 3. Соңғы палеолит (б. з. б. 40 - 12мыңжылдықтар)
Одан кейін тас дәуірінің құралдарын суреттердің көмегімен таныстырып өтемін. Оқушылар дәптерлеріне алғашқы адамдардың пайдаланған еңбек құралдарын жазып алады:
тескіш, кескіш (чоппер), қырғыш, чоппинг, қол шапқы, пышақ, найза, болос.
Оқушыларға Қазақстанның ерте кезеңдегі табиғат жағдайы мен қазіргі табиғатын салыстыртамын. Оқушылар дәптерлерін екіге бөліп, осы тәртіппен екі бағанды салыстырмалы түрде толтырып шығады.
Ежелгі Қазақстан табиғаты
Қазіргі Қазақстан табиғаты

Сабақты түсіндіру барысында төмендегі негізге сүйенемін.
Мезолиттегі өзгерістер:
• Мұздың еріп, табиғаттың өзгеруі,
• Ірі жан - жануарлардың құрып кетуі,
• Жебелі садақтың, бумерангтың, қақпан мен тұзақтың пайда болуы,
• Балық аулаудың көбеюі қайықтың пайда болуына түрткі болды,
• Мал шаруашылығы мен егіншіліктің алғашқы белгілері пайда бола бастады,
• Тас өңдеудің жетіле түсуі,
• Еуразия, Қиыр Шығыс, Америка құрлығының адам мекенінің игілігіне айнала бастауы.
Неолит дәуірінің жаңалықтары:
• Тас өңдеу әдістері жетіліп, жоғарғы дәрежеге жетті,
• Ыдыс жасауды үйренді,
• Жабайы аңдарды қолға үйрете бастады,
• Егіншілікпен айналыса бастады,
• Кен өндірісінің негізгі белгілері пайда болды.
Мезолит пен неолит дәуіріндегі жетістіктерді тақтаға ілінген тас дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің суреті арқылы сипаттап шығамын. Картадан оқушыларға тас дәуірінің ескерткіштері шоғырланған аймақтарды көрсетемін.

Осылайша жаңа тақырыпты осындай тірек кесте, сөздер арқылы түсіндіріп былай қорытындылаймын: Тас дәуірі біз көріп отырғандай адамзат дамуының ең ұзаққа созылған дәуірі. Мұз басу дәуірі Қазақстан аумағына жетпегенмен, мұздың еруі Қазақстанның табиғатына әсер етті. Мезолит дәуірі палеолит пен неолит кезеңі арасындағы жалғастырушы көпір болса, ал неолит кезеңіндегі жеткен жетістіктерінің маңызының зор болғандығы соншалық, тарихта оны ғалымдар «неолит төңкерісі» деп атады.

Бағалау:
Үйге тапсырма: 4 - параграфты оқу, хронологиялық кестені толтыру.
9 693
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Қола дәуірі
Қола дәуірі
Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, қола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артықшылығы мен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Тас дәуірінің ерекшеліктері туралы ақпарат беру Палеолит дәуірінің тұрақтарының мәнін түсінуге үйрету
Қазақ жеріндегі Қола дәуірі
Қазақ жеріндегі Қола дәуірі
Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері жөнінде түсіну.
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптары. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі (Тас дәуір)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×