Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қола дәуірі

21 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Қола дәуірі (6 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Қола дәуірінің өзіндік сипатын, оның адамзат тарихындағы маңызын, ерекшелігін, археологиялық зерттелу жайын және нәтижелерін түсіндіру.
Дамытушылық: Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, қола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артықшылығы мен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын анықтай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің арқасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін ұғындыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелеу және сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: «Ежелгі Қазақстан» картасы, кесте, сызбалар, қима қағаздар, интерактивті тақта, венн диаграммасы, қола дәуірінің құралдарының суреттері.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1 - тапсырма. 3 – 4 оқушыдан түсінік сұрау
2 - тапсырма: «Жеке жұмыс» қима қағаздарды тарату
(көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой)
1. Ең бірінші қолданылған металл -... мыс.
2. Бұдан... 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді.
3. Ботай тұрағы.... 15 гектар жерді алып жатыр.
4. Энеолит сөзі –..... мыс - тас ғасыры дегенді білдіреді.
3 - тапсырма. Шығармашылық тапсырма
Кестені толтырыңдар

ІІІ Білімін жан – жақты жетілдіру
4 - тапсырма. Таза тақта (оқушылар тақтадағы сұрақтарға жауап береді)
1. Ботайлықтар қай малды қолға үйреткен? Жылқы
2. Еңбек бөлінісі қашан пайда болды? Энеолитте
3. Мыс - тас ғасыры қоғамында қандай өзгеріс орын алды? Еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты
4. Ботай тұрағынан қанша тұрғын үй табылды? 158 тұрғын үй
5. «Тотемизм» дегеніміз не? Адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстырды
6. Маңғыстау жеріндегі Шебір елді мекенінен табылған ескерткіштер туралы не білесіндер? Тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылды. Ыдыстар саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді болып келеді және ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланылған т. б.

ІV Жаңа сабақ
Жоспары:
1. Өндіріске металл құрал - саймандардың енуі.
2. Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу.
1. Адамзат баласының ой - санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын жетіліп отырды. Өндірісті игеру тәжірибесі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасты. Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл - мыс.

Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді. Ол негізінен мыс пен қалайының
қосындысынан алынады. Металл кеніштер қазіргі Зыряновск, Жезқазған маңайында, Қарқаралы, Ақшатау тауларында болған. Қазақтың белгілі ғалымы Қ. И. Сәтбаевтың есебі бойынша, көне заманда Жезқазғаннан 1миллион тоннадай кен өндіріліп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған. Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған. Қола дәуірі б. з. б. 2800 жыл - б. з. б. 900 жыл аралығын қамтиды.

Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы
№29 Александр Герцен орта мектебі Үсенқұлова С. Е.

Қола дәуірі. жүктеу
2 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Қазақ жеріндегі Қола дәуірі
Қазақ жеріндегі Қола дәуірі
Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері жөнінде түсіну.
Қола дәуірі Қазақстан терреториясында
Қола дәуірі Қазақстан терреториясында
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 7 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Епенова Самал
Дәуірдің негізгі сипаты
Дәуірдің негізгі сипаты
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің құқықтану пәні мұғалімі Мыңбаева Айгүл Тұрарқызы
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірінің қоныстары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нурсолтанова Ақмарал Алыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×