Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Тарих ғасырлар куәсі» тарихи танымдық сайыс

13 желтоқсан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: «Тарих ғасырлар куәсі» тарихи танымдық сайыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ҰБТ - ға дайындығын бақылау, тарих пәніне қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: а) тарихи деректер бойынша тапсырма жасай білу дағдысына үйрену
ә) Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
б) өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру
Тәрбиелік: а) бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру
ә) тарихты оқып, үйренуге және ұлттық намыс қалыптастыру
б) ерлікке батырлыққа, Отанын сүюге, оған қызмет етуге, Отанды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды ортаға дөңгелендіріп отырғызу.
«Тарих рецептімен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар мәліметтерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтынкілт – сол» - деп Ермұқан Бакмаханов ағамыз айтқандай, сіздер « Тарих ғасырлар куәсі» атты тарихи танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұл білім сайысына 10 оқушы қатысқалы отыр. Олар өздерінің осы уақытқа дейінгі ҰБТ - ға дайындықтарын ортаға салмақшы.
Олай болса сайысымыздың әділ бағасын шығару үшін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:
Өткел кезеңі:
А) Тарихқа саяхат ( Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады.)
Ә) Әріптер сөйлейді (Қойылған сұрақтың жауабы алфавиттегі әріптен басталады немесе аяқталады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады)
Б) Тарихи оқиғалар (Слайдта көрсетілген уақыт аралығында қандай оқиғалар болды табу керек. Әр жауапқа 5 балдан қойылады.)
Самғау кезеңі:
А) « Тапқыр болсаң тауып көр» Хронологиямен жұмыс (10 мин уақыт беріледі. Әр жауапқа 1 балдан қойылады)
Ә) «Иә» ма, «Жоқ» па ойыны (Әр оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 5 балдан қойылады)
Б) «Тарихи көмбе» (Тарихта кездесетін сөздердің мағынасын ашу. Әр жауапқа 5 балдан қойылады)
Осы екі кезеңнен 50 бал жинаған оқушы келесі кезеңге өтеді.
Шарықтау кезеңі:
А) Тарихи басқатырғыш ( Берілген басқатырғыштан дұрыс жауабын табу. Әр жауапқа 5 балдан)
Ә) «Ойды аяқтау» (20 сұрақ қойылады. Әр жауапқа 1 балдан)
Б) «Кім, не жазған...» (Слайдта берілген сөздердің егесін табу. Әр жауапқа 5 балдан)
Осы кезеңнен ең көп бал жинаған 3 оқушы келесі кезеңге өтеді.
Шырқау кезеңі:
А) Қазақстан мәдениеті
Ә) «Суреттер сыр шертеді» ( Берілген суретте кім немесе қандай оқиға баяндап беру керек. Әр жауапқа 1 балдан)
Б) «Эрудит» (Слайдта басқа пәндерден мұғалімдер сұрақ қояды. Әр жауапқа 1 балдан)
Жерұйық кезеңі.( Жеңіп шыққан оқушымен супер ойын ойнау)

Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең,- дей келе сайысымызды бастайық.
Өткел кезеңі:

Тарихқа саяхат Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады.
Әріптер сөйлейді:
А – Еліміздің оңтүстік станасы: Алматы
Ә – Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр
Б – Астана қаласының символы: Бәйтерек
В – 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға: Валюта енгізілді
Г – Тарихтың атасы: Геродот
Ғ – Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ: Ғасыр адамы
Д – алла тарапынан берілетін әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы: Дін
Е – «Алтын адам» қайдан табылды: Есік қорғанынан
Ё – Конституцияның құрылымы: 9 тарау 98 бап
Ж – «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам: Ж. Молдағалиев
З – Сиырдың пірі: Зеңгі баба
И – Елбасымыздың мамандығы: Инженер - металлург
Й – «Алаш» сыйлығын алған жазушы, қажы: Халифа Алтай
К – Қазақтың соңғы ханы: Кенесары
Қ – Ж. баласағұнның ХІ ғ. жазған еңбегі: «Құтты Білік»
Л – кеңес үкіметінің басшысы Ленин
М – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі: Мұхтар Құл - Мұхамед
Н – Күйші, сазгер, дирежер, домбырашы: Н. Тілендиев
Ң - Қазақстанның ең биік шыңы: Хантәңірі
О - Қазақстанның бірінші астанасы: Орынбор
Ө – Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы: Өскемен
П – Жоғарғы заң шығарушы орган: Парламент
Р – 1995ж «әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам: Р. Бағыланова
С – Сүтке араластырылып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы: Сөк
Т – Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел: Туркия
У – Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті: Уыз
Ұ – Кеңес Одағы мен Германия арасындағы соғыс: ҰОС
Ү – Жыл мезгілін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген: Үркер
Ф – «Екінші ұстаз» атанған ғұлама: фараби
Х – 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға: Халық санағы
Һ – Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздік жолында күресі үшін берілетін орден: Халық Қаһарманы
Ц – Астана қаласының бұрынғы атауы: Целиноград
Ч – қазақтың ұлы ақыны: Абай
Ш – аса көрнекті сазгер, ән жанырының майталманы: Ш. Қалдаяқов
Щ – Биыл Тәуелсіздікке неше жыл: 22 жыл
Ъ – Халықаралық тіл: Орыс тілі
Ы – Қазақтан шыққан суретші қыз: Г. Ысмаилова
І – « Көшпенділер» триллогиясының авторы: І. Есенберлин
Ь - Қазақтың ең биік тауы: Тянь - Шань
Э – Халықтардың әдет – ғұрып, салт – дәстүрін зерттейтін ғылым: Этнография
Ю – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі: Ою
Я – Кеңес Одағы батыры атағын алған мерген: Әлия

Тарих ғасырлар куәсі тарихи танымдық сайыс. жүктеу
12 629
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері
Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері
Тарих туралы түсінік. Тарихтың қалыптасуы және дамуы. Тарих ғылымы туралы мағлұмат беру.
Тарихи жәдігерлер
Тарихи жәдігерлер
Тарихи жәдігерлердің негізі түрлері. Деректер. Қосалқы тарих пәндері. Жазбаша тарихтың дамуы. Пиктография. Иеороглифтер. Шумерлік және египеттік жазбалар. Финиктер. Археология ғылымы. Археологиялық түсінік. Этнография және этнология. Ғылымдарына
Қазақ хандары мен билері
Қазақ хандары мен билері
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы мен хандардың, билердің ерлік істері туралы түсінік беру.
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Тарих - ғасырлар куәсі (Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай)
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кадисова Акмарал Ержановна
Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру
Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру
ШҚО, Жарма ауданы, «Суықбұлақ орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Сыдыкова Анар Ахановна
Тарих - ғасырлар куәсі
Тарих - ғасырлар куәсі
ОҚО, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы №83А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×