Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ Орда

20 ақпан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Ақ Орда
Қазақ хандығының құрылуы, 1466 ж.
XIII ғасырдың ортасында Шығыс Дешті Қыпшақта құрылған Ақ Орда мемлекеті XV ғасырдың 1 - ширегіне дейін өмір сүрді. Бұл мемлекет Жошы ұлысының шығыс жағында орналасты. Ақ Орда мемлекетінің негізін Жошының үлкен ұлы - Орда Ежен салған еді. Бастапқы кезде Ақ Орданың құрамына Жетісудың солтүстік - шығысы, ұлытау мен Кентау (ұлытау - бүгінгі Жезқазған облысында, Кентау - бүгінгі Оңтүстік Қазақстан, Түркістан қаласы маңында), сондай - ақ Ертіс өзені бойы кірді. ұзақ уақыт Ақ Орданың саяси орталығы Ертіс өзені мен Алакөл маңында болды. Кейіннен хан ордасы Қазақстанның оңтүстігіне Сығанақ қаласына көшірілді.

Бертін келе монғол билеушілері - ақ сүйек ("төре") тұқымы біртіндеп қазақтарға (түріктерге) сіңісіп, қазақ (түрік) рулары мен тайпаларының рөлі өсе түсті. Ал, Алтын Орда ыдырағаннан кейін, Ақ Орда тәуелсіз, егеменді елге айналды. Алайда Ақ Орда бөлінгенге дейін Алтын Орда билеушілері тарапынан кез келген саяси бостандыққа деген талпыныстарға тосқауыл жасалып келді.

Ақ Орда хандары мынандай ретпен билік құрды: Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы Бұқа, Ерзен Мүбарак, Шымтай, Орыс, Қойыршық және Барақ. XIV ғасырдың басында Сыр өзені бойындағы қалалар мен Жетісу аймағы үшін Орда Ежен мен Шағатайлықтар арасында күрес басталды. Біртіндеп Оңтүстік Қазақстан аймағын бағындырған Ақ Орда хандары Сырдарияның орта ағысындағы отырықшы - егіншілік оазистерінде Талас, Шу өзендері мен ұлытау далаларында шаруашылық - мәдени өмірді қалпына келтіре бастады. Мысалы, Ерзен хан Сығанақ қаласын "гүлдендіріп", Отырар, Сауран, Жент және Баршынкент қалаларында бірқатар құрылыстарды қайтадан салдырды. XIV ғасырдағы Ақ Орда хандары теңгелерді тек өздерінің аттарымен шығарды.

Орталығын Оңтүстік Қазақстанға көшіріп, Сығанақ қаласын астана еткен Ақ Орда мемлекеті - Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланысты кеңейтті. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда билеушілерінің арасында қайшылықтар туып, өзара билік үшін күрес жүргізіп "дүрбелең жылдарды" бастарынан өткізді. Тақ үшін күреске Ақ Орда хандары белсене араласты. Әсіресе, 1361 жылы билікке келген Орыс хан Алтын Орда тағы үшін күрес жүргізіп, 1368 жылы Еділ өзені маңына бірқатар жорықтар жасады. Ол 1374 - 1375 жылдарда Алтын Орданың астанасы Сарай қаласын жаулап алып, Хаджы - Тархан (Астрахань) қаласын қоршауға алды. Біраз уақытта Кама болғарларын өзіне бағындырды. Алайда Орыс ханның жетістіктері уақытша сипат алды. өйткені, ол Алтын Орданы уақытша билеуші Мамайды биліктен кетіре алмады, сонымен қатар 1376 жылы Ақ Орданың оңтүстік шекараларында Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің (қаталдығы жағынан аты шыққан Темірлан) агрессиялық әрекеті белең ала бастады. Осындай жағдайларға байланысты Орыс хан Еділ өзені маңынан Дешті Қыпшаққа қайтуға мәжбүр болды.

Ақ Орда хандары Жошы ұлысы (шығыс және батыс бөлігі) жерлерін бір тудың астына жинастыруды алдарына мақсат етіп қойды. Бұл істі Әмір Темірдің көмегімен билікке келген Тоқтамыс одан әрі жалғастырды. Жошы ұлысының батыс бөлігі үшін Мамаймен күреске түскен Тоқтамыс Куликов даласында (1380 ж.) Дмитрий Донскойдың көмегімен шыңғыстық емес ханды(Шыңғыс ұрпағы емес) жеңді. Жеңілген Мамай Польшаға кетуге мәжбүр болды. Алайда Алтын Орда уақытша ғана қалпына келтірілген еді. Мауераннахр билеушісі Әмір Темір өз ықпалына көнгісі келмеген Тоқтамысқа қарсы күресті бастады. 1395 жылы Әмір Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірді паналады.
XV ғасырдың басында, бір жағы Әмір Темірмен күресте, екінші жағы ішкі күресте Ақ Орда мемлекеті әлсіреді. Тек 1423 - 1424 жылдары билікке келген Орыс ханның немересі Барақ сұлтан аз уақытқа жағдайды жақсарта алды. Ол өз қарсыластарын құрту арқылы біртұтас билік орната алды. Алайда Әмір Темірдің жорығынан кейін Сыр бойы Ақ Орда астанасы Сығанақ қаласымен қоса Темір әулеті мемлекеті құрамына өткен еді.

Барақ ханның билік еткен кезі Әмір Темірдің өлімінен кейін, Мауереннахрда билікке келген ұлықбек басқарған уақытқа сай келді. Қытайға жорыққа дайындалып жатқан Әмір Темір аяқ астынан 1405 жылы Отырар қаласында қайтыс болады. Күшті, әрі абырой сүйгіш Барақ ұлықбекпен болған шайқаста оны жеңіп, Сыр бойындағы ата - бабасының жерін кері қайтарып алды. 1428 жылы Барақ қайтыс болғаннан кейін Дешті Қыпшақта билік Шейбан әулетінің өкілі Әбілқайырға көшті.

Соған қарамастан Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамына кіретін рулар мен тайпалар, кейіннен құрылған Қазақ хандығының этникалық ядросын құрады. Бұл жайлы белгілі башқұрт ғалымы Ахмед Зәки Уәли былай деп жазады: "Барақ хан өлтірілгеннен кейін (1428 ж.) Көк Орда мен Ақ Ордада шейбани әулетінен шыққан Мақмұдқожа хан мен Әбілқайыр күшейіп, Барақ ұрпақтарын қуғындай бастады. Әбілқайыр оларға тиеселі жерлерді тартып ала бастады, бұл әрекет Есен Бұғаға ұнамады. Әбілқайырдан зорлық көрген Керей мен Жәнібек сұлтандар қарамағындағы халықтармен моғол ханы Есен Бұғаның қарамағына көшіп барды. Осында көшіп келген Ақ Орда халқының өкілдері "қазақтар" деп атала бастады. Сөйтіп, олар күшті Қазақ хандығының негізін қалады. Хандықтың басында Керей хан мен Жәнібек сұлтандар тұрған еді".

Жоғарыда айтылған жайттардан Ақ Орданың тайпалары мен рулары XV ғасырда Қазақ хандығы құрылуы мен халқының қалыптасуына әсер етті деген түйін жасауға болады.
50 199
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
Ноғай Ордасы мен Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы жайлы баяндау
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы) Конспект Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы –
Алтын Орда (13 ғ. ортасы - 16 ғ. басы)
Алтын Орда (13 ғ. ортасы - 16 ғ. басы)
Алтын Орда (13 ғ. ортасы - 16 ғ. басы) Конспект Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Орталығы алғашында Сарай - Батуда (Еділ бойында) болды, кейін Сарай - Беркеге көшірілді. Батый хан Алтын Орданы құрып, 1227 -
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
Ақ Орда (XIII-XV ғасырдың басы)
Ақ Орда (XIII-XV ғасырдың басы)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті № 7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жұмаева Гүлжан
Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.)
Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.)
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.) Сабақтың мақсаты: ● Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×