Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның ауыл шаруашылығы

24 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ауыл шаруашылығы.
Мақсаты: білімділік: Қазақстандағы Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайымен таныстыру. Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игерудің барысын және тарихи маңызын ашып көрсету. Нақты мәліметтер мен деректерді көтере отырып, тың игерудің отан тарихындағы алатын орнын саралау.
Дамытушылық: Оқушыларға берілген мәліметтерді есте сақтауға дағдыландыру. Өз бетінше оқиға барысын саралап, олардың себептерін анықтауға, жүйелеп қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Туған еліміздің тарихындағы әрбір оқиғаны жүйелі бағалап, оны құрметтеуге үйрету. Тың игеру кезіндегі еңбек жасында орасан ерлік көрсеткен аға - апаларымыздың еңбегіне құрметпен қарап, игі дәстүрге жалғастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. Электрондық оқулық.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сызба әдістері, сұрақ - жауап әдістері, ой - қозғау, мәселелік - мәліметтік әдістер, ізденіс әдістері, салыстыру - талдау - жинақтау - қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: А. Қазақстан картасы, тақырыптық аннотациялар.
Ә. Дидактикалық материалдар, тірек нүкте, тірек сызба, тесттер.
Б. Қосымша әдебиеттер: Ф. Т. Морган «Тың туралы ойлар»
Ы. Жақаев «Менің бақытым»
Л. И. Брежнев «Тың»
«Земля и хлеб»
Техникалық көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, проектор.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақты игеру
А. Қызығушылықты ояту сатысы.
С. Мәуленовтың «Дала дәптерінен» үзінді оқылады.
Көнбей адам ырқына
Жаңа атқан тың дала
Жаңа совхоз жұртында
Жалғыз шатыр
Бір қада.
Боран
Боран
Бұрқаған
Бастырмайды бір қадам.
Қарды аспан диірмені
Бұрқыратып ұнтаған
Күресінді күрт бұзып,
Жел күреді сапырып,
Көкте ойнады бұлт жүзіп
Найзағайы атылып.
Жалғыз шатыр
Бір қада
Кішігірім бір қала.
Жасыл боран
Жас егін
Тусыраған тың дала...

ІІІ. Оқушылармен пікір алмасу.
- Өлеңді тыңдап отырғанда не туралы ойладыңыз?
- Көз алдыңызға не келді?
- Өлең текстінен ойыңызда не қалды?
- Осы өлеңнен қандай мәлімет алуға болады?
Мұғалім: - Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз:
«Тың және тыңайған жерлерді игеру»

ІҮ. Жаңа сабақ хабарлау
жоспары:
1. Тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен жүру барысы;
2. Мемлекет тарапынан көрсетілген көмектер;
3. Тыңгерлердің ерлігі;
4. Тың игерудің нәтижесі: тың және тыңайған жерлерді игерудің Қазақстан үшін пайдасы мен зияны.

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

Тың жерлерді жаппай игеру бағыты КОКП - ның ОК - ның қаңтар - наурыз пленумында қаралып, онда «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Қаулы бойынша Қазақстанда, Сібірде, Уралда, Солтүстік Кавказда егіс көлемін күрт көбейтіп, онан 1100 - 1200 млн. астық алу көзделді.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы. жүктеу
2 113
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тың игеру
Тың игеру
Тың және тыңайған жерлерді игерудің қандай теріс жақтары болғанын ажырата білуге үйрету Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары
Тың игерудің қазақ даласына тигізген зардабы мен зиянын анықтайды. Сауатты талдауға үйренеді
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшеліктері жайында жалпы мағлұмат беру, тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсінуге жағдай жасау.
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, №3 Қарауылкелді орта мектебі мұғалімі Аккожаева Самал Кажагалиевна
Географиядан сабақ топтамасы (9 сынып)
Географиядан сабақ топтамасы (9 сынып)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №55 С. Қожанов атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Кемелбекова Г.
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы Егіншілік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×