Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тың және тыңайған жерлерді игеру

17 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру
Пәні: тарих
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру жұмысының барысы мен нәтижелері туралы ұғындыра отырып, теориялық білімдерін жетілдіру;
• Оқушыларға алған білімін одан әрі жетілдіре отырып шығармашылық ізденістерін дамыту;
• Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, еңбек адамдарының ерлік істерін дәріптей отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Өзіне, бір - біріне деген сенімділікті орнату, еркін ойлауға мүмкіндік алады, айтылған ойды негізгі ақпарат көзімен салыстыра алады, қосымша ақпараттар арқылы ой - өрісі кеңейеді, бірін - бірі бағалайды.
Ой қорыту
«Көтерілген тың – достық пен жасампаздық белгісі»
Сабақ түрі: топтық, жұптық, шығармашылық

Барысы:
Бағалау парағы таратылады
І. Қызығушылықты ояту «Ауылшаруашылығы» сөзіне ассосация құру
Топ болып айтады

Кіріспе
1953 жылы қыркүйек пленумының шешімдері мен Үкімет жүргізген шаралар ауыл шаруашылығының артта қалуын жоя алмады.
Ауыл шаруашылығы әлі де артта қалып отырды. Ауыл шаруашылығы өскелең заманның талабы – елді азық - түлікпен қамтамасыз етуді орындай алмады.
Сондықтан партия мен Үкімет тығырықтан шығудың жолын іздестіре бастады.
Ақырында тығырықтан шығудың жолын – бос жатқан жерлерді игеру идеясын ойлап тапты, және ол Қазақстанда жүзеге асырылуы тиіс болды.

ІІ Топқа тапсырма. Әр топқа материалдар беріледі
I. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру
II. Тың игерудің пайдалы жақтары
III. Тың игерудің зардаптары
IV. Тың игерудің тарихи маңызы /10 мин/

Сергіту сәті «Егін егу»
ІІІ. Рефлекция. «Пирамидалық стратегия»
1) Кейіпкер аты
2) Оны сипаттайтын 2 сөз
3) Оқиға орнын сипаттайтын 3 сөз
4) Оқиғаға әкелетін проблема 4 сөз
5) Бірінші оқиғаны сипаттайтын 5 сөз
6) Екінші оқиғаны сипаттайтын 6 сөз
7) Үшінші оқиғаны сипаттайтын 7 сөз
8) Проблеманы шешуді сипаттайтын 8 сөз
IV. Бағалау. Топтардан сұрай

V. Үйге тапсырма. Тың және тыңайған жерлерді игеру
VI. Қорытынды.
Достықтың туын жықпай беріскен ел,
Тарихтың сан сынынан бірге өткен ел
Түрлі ұлттар асар жасап, көмекке кеп
Қазақ жерін түрен салып түрленткен ел

61 жыл игергенге тыңы ал төсіп
Сол жерде Астана – ару келеді өсіп
61 жылда өзгерткен дала көркін
Еңбектің құдіреті деген осы!
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу тату болса, төбең көкке жетеді демекші Қазақстан халықтарының бірлігімен ынтымағы нәтижесінде ұлан - ғайыр далада тың игеру іске асырылды.
Бірлік бар жерде, тірлік бар деп ұлы бабаның Төле би айтқандай, достық пен жасампаздық арқасында тың игерілді.
Тың игеру – аға буынның көптеген туысқан халық өкілдерінің ерлігі
Біздің еліміздің тыңын игеруге, ауыл шаруашылығын көтеруге қатысқан ардагерлер еңбегі ешқашан ұмытылмайды деп, тың игеру жылдары халқымыздың рухын көтеріп, атақ даңқын асқақтатқан сол кездегі Менің Қазақстаным, біздің әнұранымызды айтып сабақты аяқтағым келеді.
4 936
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Қазақстандағы Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайымен таныстыру. Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игерудің барысын және тарихи маңызын ашып көрсету.
Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы Қ. И. Сәтпаев
Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы Қ. И. Сәтпаев
ХХ ғасырдың 1 - жартысындағы Қазақстандағы білім беру мен мәдениеттің жалпы дамуы, ерекшелігі туралы мәлімет беру, мәдени құрылысты жан - жақты түсінуге жағдай туғызу.
Тың игеру
Тың игеру
Тың және тыңайған жерлерді игерудің қандай теріс жақтары болғанын ажырата білуге үйрету Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары
Тың игерудің қазақ даласына тигізген зардабы мен зиянын анықтайды. Сауатты талдауға үйренеді
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшеліктері жайында жалпы мағлұмат беру, тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсінуге жағдай жасау.
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шолакова Райса Бабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×