Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қимақ қағанаты (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)

09 мам 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Қимақ қағанаты (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)
Конспект
9 ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды. Қағанат Қазақстанның солтүстік - шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Орталығы – Имақия, екінші астанасы – Алакөл жағасындағы Карантия болды. Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары – қимақтар мен қыпшақтар. Қағанат билеушісі – “қаған”. Бұл атақтан екі саты төмен “ябғу” атағы болды. Жеке тайпа көсемдерін “шад - түтік” деп атаған.
10 ғасырдың басында қимақтар тоғыз - ғұздардың шекаралық қаласы Жамлекесті жаулап алды. Қимақтар Енисей бойындағы қырғыздарға да шабуылдап тұрған. Қимақтарға 10 ғасырдың екінші жартысында Қарахан мемлекеті шабуылдай бастады. Қарахандықтардың жорықтары 11 ғасырда жиілей түскен. Осы жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады. Қимақ қағанатының құлауының екі себебі болған. Біріншісі – қыпшақ тайпасы көсемдерінің билік үшін таласуы. Екіншісі – сыртқы қайшылық.
Қимақтарда мал шаруашылығы басым болды. Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, малдан айрылғандар жатаққа айналып, қолөнер мен балық аулауды кәсіп еткен. Қола айнадағы жазулар 9 - 10 ғасырларда қимақтардың ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді. Қимақ шонжарлары 10 ғасырда ислам дінін қабылдай бастады.

Конспект сұрақтар
1. Қимақтардың исламды қабылдаған уақыты:
2. Қимақтардың жазу құралы:
3. Қимақтарда жатаққа айналғандардың кәсіптері:
4. Қимақтарда мал шаруашылығының басым болғандығын жазған парсы тарихшысы:
5. Қимақ қағанатының құлауының себептері:
6. 10 ғасырдың екінші жартысында қимақтарға шабуылдаған мемлекет:
7. Қимақтар жаулап алған тоғыз - ғұздардың шекаралық қаласы:
8. Қимақтардың саяси өміріндегі беделі күшті топ:
9. Қимақтарда “шад - түтік” лауазымы берілді:
10. Қимақтарда қағаннан екі саты төмен атақты иеленуші:
11. Қимақтар құрамындағы тайпа саны:
12. Қимақ қағанатының өмір сүрген мерзімі:
13. Қимақтардың ішінде қыпшақтар болғандығы туралы жазды:
14. Қимақтардың Монғолияның солтүстік - батысын мекендеген мерзімі:
Тақырыптың тесті

Қимақ қағанаты (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы). жүктеу
13 797
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы Конспект Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың этникалық
Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)
Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)
Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы) Конспект 9 ғасырдың аяғы – 10 ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар)
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар)
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар) Конспект Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың
Тарих пәнінен сөзжұмбақтар
Тарих пәнінен сөзжұмбақтар
Сөзжұмбақ «ТАРИХ» 1. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен.... атауы қалыптасқан. (Түрік) 2. Ыдыраған Түрік қағанатының бір бөлігі... (Батыс)
Қимақ, Қыпшақ мемелекеттері
Қимақ, Қыпшақ мемелекеттері
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейінің тарих пәні мұғалімі Сүлейменова Әсемгүл Набиоллақызы
Тарих - ғасырлар куәсі
Тарих - ғасырлар куәсі
ОҚО, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы №83А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×