Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қимақ, Қыпшақ мемелекеттері

31 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қимақ, Қыпшақ мемлекеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қимақ және қыпшақ мемлекетінің қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, саяси жағдайы мен қоғамдық құрылысы, шаруашылығы туралы түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, білімін, сезім қабілеттерін дамытуға, жеке және ұжыммен жұмыс істеу шеберлігін дамытуға, өз пікірін еркін білдіре отырып қорытынды жасауына жағымды жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Ата - баба тарихын білуге, құрметтеуге, еңбексүйгіштікке, батылдыққа, ұлтжанды болуға, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас, жарыс
Сабақтың әдісі: Сто технологиясының әдістері
Көрнекілігі: Карта, слайд, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: География, дүние жүзі тарихы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сабаққа назарын аударту. Психологиялық тренинг.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жан - жақты тексеру
ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық
Ү. Жаңа сабақ
ҮІ. Бекіту
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру

Үй тапсырмасын «Алтын балық» ойыны арқылы сұрау.
«Алтын балық» ойынының сұрақтары
1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі? (Түрік қағанаты)
2. Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды? Жужандарды жеңген соң
3.“Теле» сөзінің мағынасы? (Түрік)
4. Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты? (603ж)
5.“Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті?(542ж)
6. Қытай билеушілері Түрік қағанатына жібек матамен салық төлеп отырды қай қаған кезінде?(Мұқан қаған)
7. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы? (Мыңбұлақ)
8. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға “селиф”деген атақ берген қаған? (Тон)
9. Батыс Түрік қағанатында яғбу, шад, елтебер атағы кімдерге берілген? (Қаған руынан шыққандарға)
10. Оғыздарда 12 тайпа болды деп жазған кім? (Әл - Марвази)
11. Оғыздарда маңызды рөл атқарған әскербасының лауазымы? (Сюбашы)
12. 965ж. оғыздар Хазарларға қарсы әскери одақ құрды? (Киев Русімен)
13. Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойына ығыстырған тайпа? (қыпшақтар)
14. Түркістан аймағындағы оғыздардың елтірі беретін қойларды
өсіретінін жазған кім? (Ибн - Хаукәл)
15. Оғыз мемлекеті мал өнімдерімен айырбас сауда жүргізген елдер? (Орта Азия, Қытай елдері)

Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
1. Қимақ, қыпшақ қағанатының құрылуы
2. Қоғамдық құрылысы
3. Қағанаттың саяси жағдайы
4. Шаруашылығы
Оқушыларды сары, қызыл, күлтешелер таратып екі топқа бөліп аламын. Оқушыларға Қимақтар мен қыпшақтар туралы бейнебаян көрсетіледі.
І топ Қимақ
ІІ топ Қыпшақ
І Кесте құру
І топ
Тарихи шеңбер ІХ ғ. соңы ХІ ғ. басы
Жер аумағы: Солтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан
Қоғамдық құрылысы: Қаған Ябғу Шад - түтік Ұлы қаған, кіші қаған жатақтар
Құрамына кірген тайпалар: Эймур, Байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ
Ел билеушісі – қаған.
Астанасы – Жанақ ибн Хақан ә л Қимақи Имақия, Карантия
Соғыс жүргізді Тоғыз - ғұздар Енесей бойындағы қырғыздар, оғыздармен
Мемлекеттің әлсіреу себептері Қарахан мемелекетінің шапқыншылығы, қыпшақ көсемдерінің билік үшін таласы, сыртқы қайшылық
Шаруашылығы Мал шаруашылығы, балық аулау, Егіншілік, бау - бақша, қолөнер

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 709
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыпшақ мемлекеті
Қыпшақ мемлекеті
Қыпшақ хандығы туралы алған білімдерін еске түсіреді, жаңа мәліметтермен білімдерін жетілдіре отырып, зерттейді.
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы Конспект Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың этникалық
Қимақ қағанаты (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)
Қимақ қағанаты (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)
Қимақ қағанаты (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы) Конспект 9 ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды. Қағанат Қазақстанның солтүстік - шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Орталығы – Имақия, екінші астанасы – Алакөл
Еуропаның халқы
Еуропаның халқы
Еуропаның халқы, тілдік, діни, ұлттық, жастық, жыныстық құрамдары, еңбек ресурсы жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беру орта мектебі" М. М тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Ж. О.
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі Алтаева Гүлжазира Бейсенбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×