Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


18 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

13 мам 2018, Жексенбі
Категориясы: Тарих
18 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Конспект
Қазақстанның Ресей құрамына енуі әлеуметтік - экономикалық, саяси өмірге өзгерістер әкелді. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зеттей бастады. Князь Александр Бекович - Черкасский экспедициясы саяси қатынас тұрғысынан сәтсіз аяқталғанымен, Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болды. И. Д. Бухгольцтің әскери жорық экспедициясы I Петрдің “Азияға жол іздеу” талабымен құрылған жеке тапсырмасы болды. Экспедиция құрамында болған тұтқындағы швед И. Г. Ренат “Жоңғария картасын” жасады. Г. Ф. Миллер Қазақ хандығы туралы мағлұматтарды оқып, зерттеп жүйеге келтірген. “Сібір тарихы” еңбегінде Орта жүз туралы жазған мәліметі ерекше бағалы. Г. Миллердің жазбаларында орын алған ерекше мәлімет, жоңғар тұтқынынан Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы жазғаны. П. И. Рычков Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы терең ғылыми мұра қалдырды. “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “Орынбор тарихы” еңбектерінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен қиыншылықтарын атап өткен. П. И. Рычковтың баласы капитан Н. П. Рычковтың “Қырғыз - қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар” атты еңбегінде Еділ қалмақтарының қазақ даласы арқылы Қытайға қашуы туралы мәліметтер, Кіші жүз қазақтарының өмірі туралы қызықты бақылаулар бар. Әбілқайыр ханның сол кезде жақсы сақталған бейітін суреттеп жазған. Неміс саяхатшысы, натуралист П. С. Палластың “Россия мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат” еңбегінде халықтың жағдайы, орналасуы, әскери бекіністердің салынуы суреттеледі. И. Муравин, Д. Галдышев, Я. Гуляевтер Әбілқайыр, Нұралы хандардың ордасында бірнеше рет болған. Орск маңында хандар мен сұлтандардың съезіне қатысып, өлкедегі саяси жағдайды суреттеп жазған.
Қазақ мәдениетінің тарихында 18 ғасыр ерекше орын алады. Халық ауыз әдебиеті шығармашылығының өкілдерінің бірі – Ақтамберді жырау шығармаларын Қаракерей Қабанбайға, Қанжығалы Бөгенбайға арнаған. Тәтіқара ақын шығармаларында шақшақ руынан Жәнібек, дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дербісәлі, уақ руынан Баян, Бөгенбай ерліктерін шабытпен жырлады. Сонымен бірге Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған. Үмбетей жырау Абақкерей руының батыры Жауғашарға, Бекболат биге арнап жыр шығарған. Бөгенбай батырға арналған жоқтауында Абылайдың өмірін, қызметін, көрнекті қолбасшы Бөгенбайды мақтан етті. Бұқар жырау өмірінің соңғы жылдары Абылайдың кеңесшісі болған. Жанақ ақынның шығармашылығының ең басты жетістігі “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” поэмасының ерекше бір нұсқасын таратуы.
Конспект сұрақтар
1. Жанақ ақын шығармашылығының ең басты жетістігі:
2. Қалқаман батырдың баласы, қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі:
3. 1706 - 1778 жылдары өмір сүрген жырау:
4. Тәтіқара ақын шығармаларының гүлденген уақыты:
5. Ақтамберді жырау шығармалары кімге арналды?
6. “Орынбор тарихы” еңбегінде не баяндалады:
7. И. Муравин, Д. Гладышев, Я. Гуляевтер болған хан ордалары:
8. Абылай сұлтанды тұтқыннан босатуға қатысқан зерттеуші:
9. Неміс саяхатшысы П. С. Палластың еңбегінде не суреттеледі:
10. Әбілқайыр ханның бейітін суреттеп жазған тарихшы:
11. “Сібір тарихының атасы” атанған ғалым:
12. И. Д. Бухгольцтің экспедициясы кімнің талабымен құрылды?
13. Князь Александр Бекович - Черкасский экспедициясы Қазақстанның қай аймағын зерттеді?
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 267
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Қазақстан тарихы 8 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Қазақстан тарихы 8 сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8 - сынып оқушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)
Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Көпжан Оразғали Мінәжұлы
ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті мен қазақ әдебиеті
ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті мен қазақ әдебиеті
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Игембаева Гүлзат
ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Дузелбаева Гулнар Жамалбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×