Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы

13 мам 2018, Жексенбі
Категориясы: Тарих
ІІ БӨЛІМ. 19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
Конспект
19 ғасырдың I жартысында жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты. Ертіс, Жайық, Каспий, Зайсан көлі маңайында қазақтар балық аулауды тұрақты кәсіпке айналдырды. Қазақстанның батыс, солтүстік - шығыс аудандарында тұз өндіру және оны сату жолға қойыла бастады. Шығыс, орталық аймақтарында түсті металдар, тас көмір өндіретін кен орындары ашылды.
19 ғасырдың I жартысы – Қазақ елінің Орта Азия хандықтарымен, Сібірмен, Цинь империясымен сауда байланыстарын кеңейте түскен кезең. 1803 жылғы 19 мамырда Ресей үкіметі керуендер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауына рұқсат берді. Ірі сауда орталықтары – Петропавл (Қызылжар), Ақмола, Орал, Семей, Бұқтырма, Орынбор, Омбы. Қазақстанның батыс өңіріндегі ірі сауда орталығы Кіші Орда (хан Ордасы) болды. Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда Петропавл қаласы ерекше болды.
Халық арасында ықпалы кеміген хандар патша өкіметінің билеп - төстеу саясатына қарсылық көрсете алмады. 1781 - 1819 жылдары Орта жүзді басқарған Уəлидің қатігездігі халықтың наразылығын туғызды. Патша үкіметі 1815жылы екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Бөкей – 1817 жылы, Уəли – 1819 жылы қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. 1822 жылы “Сібір қырғыздарының жарғысы” шықты. Авторы – Сібір генерал - губернаторы М. М. Сперанский. 1822 жылғы “Жарғының” басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік - шығыс өңірінде əкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту, рулық - феодалдық тəртіптерді əлсірету. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50 - 70 шаңырақтан, болыс 10 - 12 ауылдан, округ 15 - 20 болыстан құралды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Cөз жүзінде округті билеу аға сұлтанға берілсе де, істі шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізу олардың рөлін әлсіретті. Орта жүз жəне Ұлы жүздің бір бөлігінің территориясы “Сібір қырғыздарының облысы”деп аталды.
Батыс Сібір генерал - губернаторлығына Тобыл, Том, Омбы, Сібір қырғыздарының облыстары кірді. Орталығы – Тобыл, кейін Омбы (1839 жылдан бастап). Округтер – Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж), Баянауыл (1826 ж), Аякөз (1831 ж), Ақмола (1832 ж), Үшбұлақ (1833 ж), Аманқарағай (1834 ж), 40 - 50 жылдары құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау. Болыс сұлтандары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен берілді. Ауыл старшындары мен аға сұлтандар 3 жылға сайланды. Аға сұлтандарды тек сұлтандар ғана сайлады. Оларға майор əскери шені, ал 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді.
Сот ісі 3 - ке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, шағым айту. 1822 жылғы реформа Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді. Орта жүзде хандық билік жойылды. 1824 жылы Орынбор губернаторы П. К. Эссеннің “Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғысы” қабылданды. 1824 жылы Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды.
Бөкей Ордасындағы хандық билік 1845 жылға дейін сақталды.
Конспект сұрақтар
1. Көпестерге қарулы топ ұстауға рұқсат қай жылы берілді?
2. Қазақстанның батысындағы ірі сауда орталығы:
3. 1781 - 1819 жылдары хан болған Орта жүз билеушісі:
4. 1822 жылғы «Сібір қырғыздарының Жарғысының» авторы:
5. 1822 жылғы “Жарғының” басты мақсаты:
6. 1822 жылғы “Жарғыға” сəйкес Орта жүздегі əкімшілік - басқару қанша сатыға бөлінді?
7. 1822 жылғы Жарғы бойынша округтер қайда бағындырылды?
8. Сібір қазақтарының округінің аумағы:
9. Көкшетау округі құрылды:
10. Аға сұлтанды кім сайлады?
11. 1822 жылғы Жарғы бойынша мұрагерлікпен берілетін билік:
12. 1822 жылғы Жарғы бойынша қылмыстық істер қайда қаралды?
13. Шетелдермен келіссөз жүргізуге кім құқылы болды?
14. Орта жүзде хандық билік қай жылы жойылды?
15. «Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғысын» кім дайындады?
16. Кіші жүздің соңғы ханы:
17. Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасқан кез:
18. Бөкей Ордасы қай жылы құрылды?
19. «Сібір қазақтарының жарғысына» сәйкес Орта жүздегі билік қандай әкімшілік бөлікке бөлінді?
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 507
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары (конспект) Ресей мен Цинь империясы арасындағы сауда - экономикалық байланыстар 1851 жылға дейін Кяхта қаласы арқылы жүргізілді. Шығыс Қазақстан және Шыңжанмен сауда айналымы жүйелі жолға
19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның Қытаймен сауда - экономикалық байланыстары
19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның Қытаймен сауда - экономикалық байланыстары
19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның Қытаймен сауда - экономикалық байланыстары. 19 ғасырдың басында Пекин сарайының басқа елдерден өзін оқшау ұстау саясатын өзгертпеуі, ресейлік көпестердің қытайлықтармен сауда айналымын кеңейтуге кедергі жасады.
Қазақстан 18 ғасырдың ортасында
Қазақстан 18 ғасырдың ортасында
Қазақстан 18 ғасырдың ортасында Конспект Әбілқайырдың мұрагері Нұралының иелігіне шек қойылды. Әбілқайыр ханның басты тірегі болған шекті руы Батыр сұлтанды хан деп таныды. Әбілқайыр қазасынан кейін Кіші жүзде екі хандық орнады.
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Конспект Орыс мемлекеті ортаазиялық хандықтармен сауда - экономикалық, дипломатиялық қатынастарын
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы Конспект Монғол шапқыншылығынан кейін мал шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өмір ХІІI ғасырдың соңында қайта жандана бастады. Шаруашылықтың 3 түрі болды. Отырықшы жер шаруашылығы Оңтүстік
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
4 ТАРАУ. 9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы Конспект Ерте орта ғасырға (6 - 9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10 - 12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×