Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары

15 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары
Конспект
Ресей мен Цинь империясы арасындағы сауда - экономикалық байланыстар 1851 жылға дейін Кяхта қаласы арқылы жүргізілді. Шығыс Қазақстан және Шыңжанмен сауда айналымы жүйелі жолға қойылмады. 1851 жылғы 25 шілдеде Құлжа сауда келісімі жасалды. Осы шартқа сай Батыс Қытайда Ресейдің елшілік орталықтары, орыс көпестерінің сауда орындары ашылды. Троицк, Орынбор, Семей, Өскемен кедендерінің сауда құқықтары кеңейтілді. Жаркент, Ақсу, Шəуешек қалаларының сыртқы саудасында қазақтарға аса қажет шай, қант, жібек сияқты тауарлар көлемі көтерілді. 1855 жылы Шəуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті халықтың талан - таражға салуы сауда байланыстарын уақытша тоқтатты. Ресей көпестерінің саудасы Құлжа қаласымен шектелді.
1856 жылғы 25 наурызда I Александр сауда байланыстарын кеңейтуге жол ашуды талап еткен нұсқау шығарды. 19 ғасырдың 60 жылдарының екінші жартысында орыс - қытай саудасы құлдырап, саяси байланыстарда өзгерістер байқалды. 1864 жылғы Шыңжандағы көтерілістің барысында дербес Іле өлкесінде – Іле сұлтандығы, Қашғарияда – Жетішар мұсылман мемлекеттерінің құрылуы орыс - қытай, қазақ - қытай байланыстарына өзгеріс енгізді.
1871 жылы Ресей əскері Іле өлкесіне енгізіліп, Іле сұлтандығы Түркістан генерал - губернаторлығына бағындырылды. Бұл Жетісу өлкесі мен Батыс Қытай арасындағы керуен саудасын күшейткенімен, ресейлік отарлық тәртіптің орнауына да жол ашты.
1881 - 1883 жылдары орыс үкіметінің келісімімен ұйғыр, дүнген және қазақтардың бір бөлігінің Жетісу мен Қырғыз өлкесіне қоныс аударуы халық санының өзгеруіне, шаруашылық ынтымағының тереңдеуіне жол ашты. 1860 жылғы Пекин шарты, 1864 жылғы Шəуешек хаттамасы Ресейдің Қырғыз елі мен Жетісуды өзіне қаратып алғаннан кейін қалыптасқан ахуалды ресми түрде тануды негіздеді.
1881 жылғы Петербург сауда шарты жасалды. Шекаралық аудандардағы керуен саудасын көтеру, орыс - қытай шекарасынан 60 - 65 шақырым жерге дейінгі қашықтықта шайды баж салығынсыз сатуға рұқсат беру, су жолын ашу мәселелері қарастырылды. Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланыстарына кең жол ашылды.
1882 жылы Верный көпесі Вали Ахун Юлдашев пен инженер Поклевский Колпаковскийдің қолдауымен Англиядан су кемесін сатып алды. 1883 жылғы 4 мамырда 20 мың пұт астық тиеген кеме Іле өзені арқылы Қытайдың Сүйдін бекінісіне жіберілді. Қытаймен тікелей Іле су жолының ашылуы 19 ғасырдың 2 - жартысындағы орыс - қытай қатынасындағы белді оқиға болды.
19 ғасырдың 80 жылдары сауда байланыстарында Ресейдің Ірбіт, Крестовск жəрмеңкелері жəне Жетісу өлкесіндегі Қарқара, Орталық Қазақстандағы Қоянды (Ботов) жəрмеңкелері ерекшеленді.
1890 жылғы 14 маусымда Шыңжаңмен сауданы ұйымдастыру үшін Түркістан округімен қатар Семей сауда округі құрылды. Бүкіл Қазақстан және Оңтүстік Сібір арқылы өтетін шекарадағы кедендердің қызметін бақылау, баж салығының қазынаға өткізілуін қадағалау жолға қойылды. 1894 жылғы 30 тамызда Сібір теміржолының іске қосылуы Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа сатыға көтерді. Сібір өлкесінің экономикалық дамуына үлесін қосты. Қытайға жақын аудандарға тауарлар жылдам жеткізілетін болды. 19 ғасырдың II жартысында Қазақ өлкесі арқылы дамыған сауда байланыстары өзара тиімді болды, екі елдің арасында тығыз шаруашылық байланыс орнады.
Конспект сұрақтар
1. Сібір теміржолы іске қосылған мерзім:
2. Мал сатуда үлкен рөл атқарған жәрмеңке:
3. Семей сауда округінің қызметі:
4. Іле су жолы қашан ашылды?
5. Қытаймен сауда жасауға су жолын ашу мәселесі қай жерде қарастырылды?
6. Пекин шарты жасалған мерзім:
7. Іле сұлтандығы қайда бағындырылды?
8. 1856 жылғы 25 наурыздағы I Александр нұсқауы:
9. Шəуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті халықтың талан - таражға салған мерзімі:
10. 1851 жылғы 25 шілдедегі сауда келісімі:
11. XIX ғасырдың II жартысындағы қай елдердің экономикалық қатынасының нәтижесінде «Іле су жолы» ашылды:
12. Қай жылы Қоянды жәрмеңкесі ашылды:
13. Жаңа сұрақ
Тақырыптың тесті
18 805
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сауда жасай білесің бе? Сауда жасаймын
Сауда жасай білесің бе? Сауда жасаймын
Сауда жасаймын тақырыбында мәтінді тыңдап, мазмұнын түсіну.
19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның Қытаймен сауда - экономикалық байланыстары
19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның Қытаймен сауда - экономикалық байланыстары
19 ғасырдың I жартысындағы Қазақстанның Қытаймен сауда - экономикалық байланыстары. 19 ғасырдың басында Пекин сарайының басқа елдерден өзін оқшау ұстау саясатын өзгертпеуі, ресейлік көпестердің қытайлықтармен сауда айналымын кеңейтуге кедергі жасады.
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы Конспект 19 ғасырдың I жартысында жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты. Ертіс, Жайық,
Қазақстан 18 ғасырдың ортасында
Қазақстан 18 ғасырдың ортасында
Қазақстан 18 ғасырдың ортасында Конспект Әбілқайырдың мұрагері Нұралының иелігіне шек қойылды. Әбілқайыр ханның басты тірегі болған шекті руы Батыр сұлтанды хан деп таныды. Әбілқайыр қазасынан кейін Кіші жүзде екі хандық орнады.
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы Конспект Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері Конспект Орта ғасырдың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған. 6 - 9 ғасырларда Қазақстанның
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×