Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы

15 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
ІII БӨЛІМ. Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Конспект
18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды. 19 ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта, Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа жəне Қоқан хандықтарының иелігінде болды. Орта Азия хандықтары ағылшын үкіметінің жасырын қолдауына сүйенді. Хиуа ханы Мұхаммед - Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылғы ақпанда 10 мың əскерімен 2 мыңға жуық қазақ ауылдарын талқандады.
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре бастаған
қазақ шаруаларының азаттық қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып Түркістан, Шымкент, Əулиеата, Сайрам өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып кетті. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылды. 19 ғасырдың 20 - 30 жылдары қазақтар мен қырғыздардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілістері Түркістан, Шымкент, Сайрам, Əулиеата, Пішпек аудандарын қамтыды.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда жəне саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кіруіне алғышарттар дайындады. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған аймақ Ресей құрамына алынды. 1825 жылы Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді.
Қазақтардың біртіндеп Ресей қол астына өтуі Қоқан билеушілерінің қарсылығын тудырды. 19 ғасырдың 20 - 30 жылдары Ресей сыртқы істер министрлігінің жанынан «Азия комитеті» құрылды. Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалы күшейіп, әскери бекіністер салынды. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында Ақтау, Алатау, Қапал (1847 ж.), Сергиополь (Аягөз), Лепсі (1855 ж.) бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті. 1847 жылы Қапал бекінісінің салынды. 1848 жылғы 10 қаңтарда Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды.
Бұл оқиғалар Лепсі мен Іле аралығындағы қазақтардың және 40 мың қырғыз отбасының Ресейге өз еріктерімен мойынсұнуын жеделдетті. Орыс әскерінің Жетісуға тереңдеп енуі Орта Азия және Кіші жүз жерлері арқылы іске асырылды.
Конспект сұрақтар
1. Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалған мерзім:
2. 1825 жылы Қаратал өзеніне келген орыс әскерінің тобы кімдер?
3. “Азия комитеті” құрылған мерзім:
4. Ресей құрамына алынған Сүйік сұлтан қарамағындағы ру:
5. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы шаруалар көтерілісін кім басқарды?
6. 1812, 1816, 1820 жылдары қазақ ауылдарына жойқын шабуыл жасаған хандық:
7. 19 ғасырда ағылшын үкіметінің қолдауына кімдер сүйенді?
8. Қапал бекінісі қашан салынды?
9. Қай жылы Ресей сыртқы істер министрлігінің жанынан «Азия комитеті» құрылды?
10. Қай жылы Абылайханның ұлы Сүйік сұлтан өзіне қарасты рулардың Ресей үкіметінің құрамына кіретіндігін жариялайды:
11. «Түркістан өлкесін басқару Ережесі» қашан қабылданды:
Тақырыптың тесті
6 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары. (Конспект). Патша үкіметі Қоқан хандығын ығыстырып, өзінің жергілікті қазақтар арасындағы саяси билігін нығайту үшін бірқатар шараларды іске асырды.
Верный бекінісі негізінің салынуы
Верный бекінісі негізінің салынуы
Верный бекінісі негізінің салынуы. Конспект. Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары Қоқан билігінде болды. Қоқан хандығының басты тірегі Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек бекінісі еді. 1851 жылы 7 шілдеде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілді.
19 ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
19 ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
19 ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі. 19 ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістермен
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (конспект) 19 ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады. 19 ғасырдың 20 - 30 жылдары Хиуа хандығы шекті, төртқара,
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Көпжан Оразғали Мінәжұлы
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×