Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары

15 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары.
Конспект.
Патша үкіметі Қоқан хандығын ығыстырып, өзінің жергілікті қазақтар арасындағы саяси билігін нығайту үшін бірқатар шараларды іске асырды. Іле өңірінде әскери күштерді молайтып, керуен жолдарын бақылауға алуға, сауда - саттыққа зер салуға ерекше мән берілді. 800 орыс және 100 қазақтан тұратын күшті басқарған подполковник Шайтанов Шу алқабына қарай бағыт алды. Сұраншы, Шаян батырлар, Жайнақ би Ресей әскерін қоқандықтар озбырлығынан құтқарушы ретінде қарсы алды. 1859 жылы Ұлы жүз бен қырғыз елінің солтүстігінде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Орыс əскерінің Шу аңғары арқылы Қоқан бекіністері Əулиеата, Шымкент, Ташкентке қарай жүруі осы жерден басталды. 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақ, 4 қырқүйекте Қоқанның Жетісудағы тірегі Пішпек алынды. Қоқан ханы Верный бекінісіне 22 мыңдық əскер жіберді. Қазақ феодалдары екіге бөлініп, Кенесарының баласы сұлтан Сыздық тобы Ресейге қарсы шықты. Феодалдардың көпшілігі Қоқан ханына қарсы шықты.
1860 жылғы 19 - 21 қазанда болған Ұзынағаш шайқасында Алатау округінің билеушісі Г. А. Колпаковский əскері қоқандықтарды жеңді. Қоқандықтар – 400 адамнан, орыстар – 2 адамнан айрылды. 1863 жылы Ресей құрамына 4 мың шаңырақ қоңырат, 5 мың шаңырақ бестаңбалы рулары кірді.
Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздықтың күшеюі орыс әскерінің соғыс қимылдарын жеделдетуіне түрткі болды. 1864 жылғы көктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша əскері Шу алқабын, Мерке, Əулиеата, Түркістан бекіністерін алды. Полковник М. Черняев әскері Шымкент бекінісіне бет алды. Қоқан билеушісі Әлімқұл Хиуа, Бұхар хандықтарымен одақ жасауға тырысты. 1864 жылғы 22 қырқүйекте Шымкент алынды. 1865 жылғы шілдеде орыс әскері Ташкентті басып алды.
1866 жылдың басында Бұхар хандығының жеріне орыс əскерлері басып кіріп, хандық иеліктері Түркістан генерал - губернаторлығының құрамына кірді. Бұхар хандығының солтүстігінде қоныстанған қазақтар өзбектермен қатар Ресейдің билігін мойындады. 1868 жылғы қаңтардағы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты бірқатар жер, оның ішінде Қоқан хандығына тəуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал - губернаторлығына бағындырылды. Ал 1873 жылғы Хиуа хандығының жеңілісі қазақтардың оларға тəуелділігін жойды.
Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан жері 15 ғасырдың орта кезінен бастап ерекше мәнге ие болған. Қазақ - орыс байланыстарының жолға қойыла бастауы IY Иван билік құрған кез болып есептеледі. 18 ғасырдағы князь А. Бекович - Черкасскийдің, И. Д. Бухгольцтің, И. М. Лихаревтің, П. Ступиннің әскери барлау экспедициялары қазақтарды Жоңғария шапқыншылықтарынан қорғауда елеулі орын алды. Қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі 18 ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1, 5 ғасырға созылды.
Конспект сұрақтар
1. Ресейдің саясатында Қазақстан ерекше мәнге ие болған кез:
2. Қоқан хандығының жері Ресей құрамына қашан енгізілді?
3. 1866 жылдың басында кімдер Ресейдің билігін мойындады?
4. М. Черняев пен Лерхе тобы Шымкентті қашан алды?
5. Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздықтың күшеюі қандай іс - әрекетке түрткі болды?
6. 1860 жылы қоқандықтар мен орыс əскерлерінің шайқасы өткен жер:
7. Қастек бекінісі қай жылы салынды:
8. Орыс әскерін құтқарушы ретінде қарсы алған батырлар:
9. Қай жылы Патша әскері Бұхар хандығының жеріне кірді?
10. Қоқан ханы Құдиярға қарсы қыпшақтарды басқарған көтеріліс басшысы кім:
11. Қай жылы Ресей әскері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды:
12. «Ереже» бойынша Дала генерал - губернаторлық қай жылы құрылды:
13. М. Черняев басқарған орыс әскері Түркістанды қашан басып алды:
14. 1916 жылғы 20 шілдеде Түркістан генерал - губернаторлығына генерал - губернатор болып кім тағайындалды:
15. Қай жылы Ресей үкіметі Пішпек бекінісін басып алды:
16. Қай жылы орыс әскерлері Ташкент қаласын басып алды:
17. Аға сұлтандар қанша жылға сайланды:
18. 19 ғасырдың 60 - жылдары полковник Циммерман қандай бекіністерді басып алды:
19. 1864 жылы Әулиеатаны басып алған полковник:
Тақырыптың тесті
10 020
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Верный бекінісі негізінің салынуы
Верный бекінісі негізінің салынуы
Верный бекінісі негізінің салынуы. Конспект. Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары Қоқан билігінде болды. Қоқан хандығының басты тірегі Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек бекінісі еді. 1851 жылы 7 шілдеде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілді.
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Конспект. 18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды.
19 ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
19 ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
19 ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі. 19 ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістермен
Қазақстанның Ресей құрамына кіруі
Қазақстанның Ресей құрамына кіруі
Қазақстанның Ресей құрамына кіруі Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептерін, салдарын айқындай білу.
Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясатының күшеюі
Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясатының күшеюі
Атырау облысы, Индер ауданы, "Көктем" қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нариманова Гауһар
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Көпжан Оразғали Мінәжұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×