Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде түрлі әдістерді қолданудың тиімділігі

27 желтоқсан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
МАҚАЛА
Тақырыбы: Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде түрлі әдістерді қолданудың тиімділігі
Қазақ халқының ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов: "Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет"- деп айтқан. Еліміздің ертеңі кемел, болашағы берік болуының негізгі алғышарты білім екендігі сөзсіз.

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады. (Қазақстан - 2030 бағдарламасы). Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.

Тарих пәні – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана - сезімді және адамгершілік - этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс - тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай: - оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру; - бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту; - оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту; - оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу; - оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру; - эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу. Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т. б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогы К. Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет. Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс - тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 10 - сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, т. б. тәсілдерді қолданамын. Сурет - иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек - сызбалар, кластерлер, хронологиялық кестелер құрастыру, тірек - конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.
1 - тапсырма: Кестемен жұмыс. Мысалы: палеолит, мезолит, неолит, энеолит кезеңдеріндегі уақыт шеңбері және ескерткіштердің ерекшеліктерін анықтайды.
2 - тапсырма: Тарихи сынақ хат. Көп нүктенің орнына оқулықтағы кілт сөздерді қойып жазады. Әр топтың басшысы тексеріп, тақтада ілінген бағаларды алып, өз топтарын бағалайды. Тарихи сынақхат мәтіні Кир қайтыс болғаннан кейін б. з. б. 519 жылы парсы патшасы......................... сақтарға шабуыл жасайды............................. есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін жарақаттап,............................. қашып барып, өзін сақ көсемдерінен......................... көрген етіп көрсетеді. Ол парсы әскерлерін.............................,............................ сусыз шөлге апарады. «Мен сендерді адастырып......................... ұшыраттым, елімді.......................... алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді.............................. келгендеріңді істей беріңдер» деп,.............................. көрсетіп, парсылардан Шырақ кегін алады. Дарий көптеген әскерінен..............................., еліне........................... мәжбүр болады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз......................................... сақтап қалды.
3 - тапсырма. Венн диаграммасын толтыру: 1783 - 1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтеріліспен 1837 - 1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері және көтерілістердің ортақ белгілерін анықтайды.
4 - тапсырма. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты - жөнін атап, өмірбаянына тоқталу).
5 - тапсырма. «Бұл сөзді кім айтқан?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген мәтіннің кімнің сөзі екенін анықтау) т. с. с.
6 - тапсырма. «Сөзілгек» ойыны. Мұғалім сөзді бастайды, әрі қарай оқушы сөзді жалғастырып кетеді. Мысалы: - 100 мың жыл бұрын егіншілік... - Саналы адам, епті адам..... - Малды қолға үйрете бастады..... - Алғашқы еңбек бөлінісі..... - Ежелгі адам тұрағы.....

Міне, осы тәрізді әдіс - тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн. Сондай - ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп. Мұғалімнің ой - өрісі кең, жан - жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез - келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата - аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік. Себебі халық бізге өз балаларын үлкен сеніммен тапсырып отыр емес пе?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы әдістемесі. 2010 ж № 5
2. Ғаламтор. Ustaz/kz сайты.

Сабыр Рахымов атындағы
Шымкент республикалық «Жасұлан» мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі Игенбаева Улмира Маратовна
2 777
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5 – 9 - сыныптар)
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5 – 9 - сыныптар)
Оқу бағдарламасы Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Қазақ тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Қазақ тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушының даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесінің сапасын жан - жақты және әділ
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Зиғаева Сантөре Жәнібекқызы
Эссе. Курстан кейінгі ой- толғаныс
Эссе. Курстан кейінгі ой- толғаныс
Сайрам ауданы, №83 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих, құқық пәндерінің мұғалімі Игенбаева Динара Маратовна
Ағылшын тлін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Ағылшын тлін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Бозаева Алмагуль Бекетовна Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы 204 орта мектеп
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×