Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


§6. Феодалдық қоғам. Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан.

06 қараша 2020, Жұма
Категориясы: Тарих
Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
1В бөлімі - Феодализм
Сынып:
Сабақтың тақырыбы§6. Феодалдық қоғам.
Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)6. 1. 1. 1 – феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау;
6. 1. 2. 1 – үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын сипаттау.
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар орындай алады:
«Феодалдық қоғам» ұғымын анықтау, феодалдық сатыға тән бегілерді ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Феодалдық саты баспалдақтары өкілдерінің қызметтік міндеттерін сипаттайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Феодалдар мен шаруалар арасындағы өзара қарым - қатынастың ерекшелігін сипаттайды.
Бағалау критерийі«Феодалдық қоғам» ұғымын анықтайды, феодалдық сатыға тән бегілерді ажыратады;
Феодалдық саты баспалдақтары өкілдерінің қызметтік міндеттерін анықтайды;
  Феодалдар мен шаруалар арасындағы өзара қарым - қатынасты қорытындылай алады.
Алдыңғы оқуФеодалдық экономика тақырыбын өткенде феод, феодал терминдері, феодалдық шаруашылық туралы түсініктері қалыптасқан.
Жоспарланған уақытЖоспарланған жаттығу түрлері
Сабақтың басыҰйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Психологиялық дайындық.
«Ой қозғау»
Интербелсенді тақтадан жаңа сабаққа байланысты суреттер көрсетіліп, сұрақтар қойылады?
1. Суретте кімдер бейнеленген? Ойларыңды тұжырымдасаңдар?
  2. Неліктен Король суреттің ең басында бейнеленген?
Оқушылардың жауаптарын мадақтау.
Оқушыларға феодалдардың сатыланып бөлінуі 847 жылы Ұлы Карлдың немересі Қасқабас Карл «әрбір ерікті адам өзіне сеньор таңдап алсын» деген нұсқауындағы Франктер империясынан бастама алғанын айтып өтемін.
Сабақтың ортасы
Қысқаша конспект
Ортағасырлық қоғам феодалдық қоғам деп аталды. Қоғамның жоғарғы тобы феодалдар еді, олардың қолында жер иелігі болды. Феодалдар шыққан тегі мен байлығы жағынан тең болған жоқ, деңгейлік сатыларға бөлінді. Ең жоғарғы сатыда бүкіл мемлекеттік жердің иесі король тұрды. Ол өзіне жақын адамдарға жер үлестіріп, олардың сеньорына, ал корольдан жер үлесін алғандар вассалға(бағынышты) айналды. Мұндай қоғамдық қатынастар вассалитет, бағыныштылық сатысы деп аталды. 
Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар
Мұғаліммен кері байланыс
1 тапсырма. Жүйелік органайзер
Феодалдық саты баспалдақтары өкілдерінің қызметтік
міндеттерін көрсетіңіз? 
Кароль
Герцогтар мен графтар
Барондар
Рыцарьлар
Шаруаларфеодалдық сатыға кірмейді
Дескриптор
- корольдің қызметтік міндетін атайды;
- герцогтер мен графтардың қызметтік міндетін атайды;
- барондардың қызметтік міндетін атайды;
- рыцарьлардың қызметтік міндетін атайды.
2 тапсырма. Кестені толтырыңдар.
Ортағасырлық қоғамның 3 сословиесі
Дін иелері
Рыцарьлар
Шаруалар
3 тапсырма. Берілген мәтіндегі бос орынды төмендегі тірек сөздермен толықтырыңыз. (бағыныштысына, мырзаның, шаруалар)
Мырза мен бағыныштылар арасында келісімшарт жасалатын. Вассал... алдында тізерлеп тұрып, адал қызмет етуге ант беретін.
Мырза өз... қамқорлық жасап, қолдау көрсетуге уәде ететін. Уәдесін бағыныштыға бір уыс топырақ пен ағаш бұтағын тапсырумен бекітті. Бұл келісімдер ауызша, сөз жүзінде жасалғандықтан жиі - жиі бұзыла беретін. Бағыныштылар бір - бірінің мырзаларының иеліктеріне шабуыл жасап тұрды.
Олардың мақсаты -... қоныстанған жерлерді басып алу; бай көршісін тұтқындап, құн талап ету; тонаушылықпен олжа табу болды.
§6 оқу. Берілген тапсырмаларды орындау.
Құрметті оқушылар, орындалған тапсырмаларды WhatsApp арқылы немесе Mektep. edus жүйелер арқылы жібереміз
7 167
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан территориясындағы ерте және дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер.
Қазақстан территориясындағы ерте және дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер.
Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI - IX ғғ). VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай - Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Көшпелілер өркениеті. Көшпелілікті зерттеу тарихы
Көшпелілер өркениеті. Көшпелілікті зерттеу тарихы
Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б. з. д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды.
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Қазақстан тарихы (8 сынып) Сабақтың тақырыбы: Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Шукурбекова Сауле Боранбековна №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі. Шымкент қаласы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×