Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХҮ – ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. (10 сынып)

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: § 20. ХҮ – ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. 10 класс

Сабақтың мақсаты: Қазақстан жерінде өмір сүрген Ақ орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан және Ноғай Ордасы мемлекеттерінің әлеуметтік экономикалық және этностың жағдайлары. Олардың саяси дағдарысқа ұшырауы қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттарын қалыптастырды.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, патриоттық рухқа ұлттық тәрбиені қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Білім - білік дағдысын өз бетінше жұмыстануын қосымша ізденуін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Эдвард де Бононың « Ойлаудың алты қалпағы» технологиясы
Әдісі: Әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар ситуация төңірегінде ой қорыту өздерінің «ойларын пісіру».
Сабақтың көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, қосымша материалдар, БАҚ материалдары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Ойлаудың алты қалпағы
1) Ақ қалпақ. (тарихи фактілерді жаңа мәліметтерді объективті санамалау)
2) Қызыл қалпақ. (зерттелетін материал жекелей талдау жасау)
3) Қара қалпақ. (теріс салдары проблемаларды бөліп қарастыру)
4) Сары қалпақ. (барлық оң атаулыны жинақтау)
5) Жасыл қалпақ. (зерттелетін нәтижелерді шығармашылық формада ұсыну)
6) Көк қалпақ.(оқу материалы жалпы рефлексті ойларды, идеяларды, тұжырымдарды қалыптастыру)

Барысы: 1. Ақ қалпақ фактілер
1. Қазақстан жерінде өмір сүрген Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан және этностың жағдайлары олардың тарихи алғышарттарын қалыптастырды.
2. Тарихшы М. Х. Дулати өзінің «Тарихи - и - Рашиди» атты еңбегінде 1465 - 1466 жылдар аралығында осы хандықтан Жәнібекпен Керейдің бөлініп кеткендігін айтады. Көшудің басты себебі Әбілхайыр хан 1457 қалмақ ханы Үз - Темірден жеңіліп қалғаннан кейін өзін қолдамаған сұлтандарды жазалай бастады. Бұған қарсы болған Жәнібек пен Керей сұлтандар өз руларын Жетісуға қарай бет алады.
3. Қазақ хандығы өзінің құрылған күннен бастап саяси жағынан жақсартуға әрекет жасады. Жәнібек пен Керей 1470 жылдан бастап өздерінің ата қонысы Түркістан аймағын қол астына қаратып алуға кірісті. Осы кезде 1465 жылда Әбілқайыр хан қаза болып хандық билік үшін талас жалындап жатты. Мұндай жағдайды пайдаланып қалғысы келген Қазақ хандығы, Оңтүстік Қазақстандағы Сығанақ, Сауран, т. б қалаларды қарамағына алды.
4. Қазақ хандығының саяси жағдайы ХҮІ ғасыр 50жылдан бастап Қасым ханның баласы Хақназар (1548 - 1580) кезінде өрлей бастады. Оған мысал орта Азияда болған ағылшын көпесі А. Дженкинсон «Мұсылман дініндегілердің ішінде ең көбі және күштісі қазақтар, Ташкентке шабуыл жасаған оған баратын керуендердің еркін жүруіне кедергі жасаған» деп жазған.

2. «Қызыл қалпақ» Зерттелетін материалдарды жекелей бағамдау.
1. Керей - Жәнібектің Әбілхайыр ханнан бөлініп Жетісуға қарай бет алуы тек сылтау ғана. Бөлініп кетудің негізгі әлдеқайда тереңде. Біріншіден: ол хандықтың ішіндегі әлеуметтік – экономикалық қайшылықтардың күшеюінен болған. Ортағасырлық авторлардың жазуларына қарағанда өздерінің хандықтарына риза болмай, көшулер тарихта талай болған. Бірақ оның барлығы Қазақ хандығындай хандық өкімет құрылмаған.
2. Бұл көштің Жетісуға қарай бағыт алуындағы түпкі мақсаты, бұл аймақтағы қазақ тайпалары мен көшіп келуші қазақ тайпаларының (басым көпшілігі) арасына ерте кезден ақ этностық байланыстың басым болуы. Сондықтан бұл қазақ тайпаларының бір аймаққа шоғырлануы олардың қазақ халқы болып қалыптасуына және жеке хандық болып құрылуына мүмкіндік берді. Көш Жетісудың басындағы Қозыбасы мен Шу деген жерге келіп қоныстанды.
3. Қоныс аударушылар саны басында 200 мың адамға жеткен. 1465 - 1466 жасы үлкен Керейді ақ киізге отырғызып хан сайлап, қазақ хандығын құрған. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында ғана емес, бүкіл Еуразия құрлығының тарихында үлкен жаңалық болды. Қазақ хандығы өзінің «Қазақ» деген атымен дүниежүзіндегі мемлекеттерге таныла бастады.
4. ХҮ – ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының ең жоғары билеушісі хан болды. Хан өзінен кейінгі сұлтан, билердің көмегімен билік жүргізді. Хандық билік мұрагерлікпен беріліп, тек сұлтан атағы бар адам ғана хан тағына отыра алған. Аға сұлтан тек Шыңғыс тұқымдарына берілген.
5. Ертеден келе жатқан салт бойынша хан сайланатын адамды ақ киізге отырғызып, оны ең беделді сұлтан билер үш рет көтеріп «хан, хан, хан» деп айқайлаған. Одан кейін сол ақ киізді «тәбәрік» деп бір жапырақтап бөлісіп алған. Ханның бес түрлі құқығы мен міндеті болған.
А) Мемлекеттің жеріне билік жүргізу құқығы
Б) Хан соғыс жариялауға, билік жасауға құқылы, әскер басқаруға міндетті.
В) Хан шет елдермен келіс сөз жүргізуге құқылы.
Г) Хан өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесуге оны тірі қалдыруға құқылы.
Е) Ханның заң шығаруға бұйрық беруге құқылы болды.

3. Қара қалпақ. ( Барлық теріс салдар проблемаларды талдау)
1. Қазақ хандығының арасында да таққа талас, билікке талас келеңсіз оқиғалар белең алып отырды. Оған мысал ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырдың 30 жылында Есім, Тұрсын, Абылай сияқты сұлтандар билік жүргізіп хандық саяси бытыраңқылықта болды. Өзбек ханы Инамқұл өз атынан Тұрсынды хан деп жариялады. Ташкентке билеуші етіп тағайындады. Есімге қарсы әрекеттер жасады. Соңында есім Тұрсынның басын алуымен аяқталды. Тарихта бұл оқиға «Қатаған қырғыны» деп аталады.

2. Қазақ халқы әлеуметтік құрамы жағынан екі әлеуметтік топқа бөлінеді. Феодалдар – Шыңғыс тұқымнан шыққан. Оңтүстіктер сұлтандар мен қожалар жатты бір саты төмен жергілікті ру тайпадан шыққан билер бай - шоңжарлар батырлар ақсақалдар тұрды. Ақсүйектерді «төре» немесе «оғлан» деп атаған.
Қарапайым халық сұлтандардың атын атамай төре немесе тақсыр деп атаған.
«Тақсыр - Тақсыр» дегізіп тамсандырды.
Сөйтіп жүріп, аяққа хан салдырды деген сөз осыдан қалған.

3. Қазақ халқының «Жеті жарғы» заңы өмірге келді. Жарғыда халқымыз этностық құрамына енген ру тайпаларының әдеттегі құқық нормалары негізге алынды. «Жеті жарғы» заңдары бойынша хан мен билер пайдасына халықтан жыл сайын жиырма малдан, бір бас жиналып отырған. Кісі өлтіргендерге қанға – қанмен, кек қайтару заңы сақталған. Қылмыскерге қолданылатын жаза тегіне қарайтын болған.

4. Тарихшы Құрбанғали Халиди жазған нұсқа бойынша Абылай хан болып соншалықты биік абыройға ие болмады. Жалпы Абылайдың халыққа жасаған озбырлықтары туралы ел есінде көптеген әңгімелер сақталған. Соның бірі Қазыбек бидің інісі Ботақанды тірілей көмдіріп азаптап өлтіруі аталады.
Осы оқиға туралы Көтеш ақынның
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің
Есіл ер жазығы жоқ не өлтірдің
Хан басын қарашаңмен даулы болып
Үстіне ақ орданың қол келтірдің.
Сондай – ақ ХІХ ғасырда өмір сүрген Жанақ ақынның (1770 - 1856) Рүстем төреге айтқанда Абылайдың озбырлығы сөз болады. Сонда Жанақ ақынның
Ботақанды Абылай өлтірем деп
Заманы бола жаздаған алмағайын
Сол себепті, сен тұрмақ атаңның да
Көкшетаудан табаны кеткен тайып, - дегені арғындардың Абылайды қуып жібергені ел есінде жақсы сақталғанын көрсетеді.
5. Сары қалпақ.
А) Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында ғана емес бүкіл Еуразия құрлығының тарихында үлкен жаңалық болды. Қазақ хандығы өзінің «қазақ» деген атымен дүниежүзіндегі мемлекеттерге таныла бастады. Хандықтың билеуде Құрылтай жиналысының маңызы зор болуы. Жиында мемлекеттің ішкі сыртқы саяси жағдайы көші - қон, мәселелер қаралды.
Б) Қазақ халқында Тәуке ханның құқық нормалар жүйесі « Тәуке ханның жеті жарғысы» деп аталды. Тәуке хан үш жүздің басын қосып « Күлтөбе» деген жерде жасаған жиналысқа қару - жарақты асынып келмеген адамның дауыс беруге құқығы болмады. Жарғыда мал - мүлік тәркілеу, елден қуу т. б жора түрлері болды. Отбасында атаның құқығы үстем болды.
В) Бәрі болған қазақ сынды көне елде
Ел белгі де, ерлік сезім өнерде
Жаһандағы ен жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады деген ге?!
Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға
Қалай оның Елтаңбасы болмайды
Түлігіне дейін салса ең таңба!
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні, байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған деп әнұран?!
А. Бөкенов.
6. Жасыл қалпақ. Зерттелген нәтижелерді шығармашылық формада ұсыну (тақпақ, ән, қойылым)
1. Мөңке Зерттеушілердің шамалауынша 1675 - 1756 жылдары өмір сүрген. Оның әкесі Тілеу Айтұлы – Күлтөбеде Тәукені хан көтеруге қатысқан көргендігімен, шешендігімен, тапқырлығымен жұртты тамсандырған. Мөңке бидің осы заман туралы айтып кеткенінің айнымай келгенін тыңдап көрейік.
Құрамалы қорғанды үйің болады,
Айнымалы төкпелі биің болады
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай - сайын бас қосқан жиын болады.
2. Тәуке хан өз дәуірінде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа шығыс халықтарының тарихнамасында ірі тұлға. Тәуке хан бірде қолбасшыларына мынандай сұрақ қойған екен.
- Мен мынаны білсем деймін Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, олардың ордасын күл - талқан ету үшін қазақтарға не қажет? Әркім әр түрлі пікір айтады Тәуке хан.
- Бәрі дұрыс ау, тоқ етерін айтар болсақ қазақ халқына құдайдың құтты күні және болашақта ауызбіршілік қажет. Ол еліміздің мәңгілік қаруы, күш - қуаты жеңістеріміз күретамыры – деген екен.
7. Көк қалпақ.
Тақырыпты қорытындылай келіп РАФТ технологиясы
Р – роль
А – аудитория
Ф – форма (алғыс хат, тілек, өтініш, т. б)
Т – тақырып
Оқушының жұмысы
Р - оқушы
А – қала әкіміне
Ф – өтініш хат
Т – Абылай ханға ескерткіш орнату
Қорытындылау:
Бағалау:
Үйге тапсырма:: § 20./қосымша шығармашылық тапсырма/
9 646
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық құндылықтар (Алты қалпақ әдісі)
Ұлттық құндылықтар (Алты қалпақ әдісі)
Ұлттық құндылықтар туралы әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын білдіру”.
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының мемлекеттік – әкімшілік құрылысы Конспект Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделген. Хандық биліктің ең жоғарғы өкілдері –
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Рахмет Айтолхын
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×