Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ислам діні және Мұхаммед пайғамбар

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам дінінің пайда болуы таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы ролімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың бойында гуманистік дүние таным негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру, бабалар өсиетін насихаттау, ұлттық ой - болмысын ояту.
Тәрбиелік: 1. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
2. Пайғамбар хадистерін оқып, үйреніп, жадтарында сақтауға ынта ықыласын ояту.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, тірек - сызбамен жұмыс.
Көрнекілігі: Қасиетті кітаптар: Зәбур, Тәурат, Інжіл және Құран. Д. ж саяси картасы, ҚР саяси картасы, тірек - сызбалар, слайдтар, фото суреттер, буклеттер.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы, Мәдениттану, Этнография, География, Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сабақтың жоспары.
1. Әлемдік діндерге сипаттама.
2. Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай.
3. Ислам дінінің пайда болуы – Мұхаммет пайғамбар.
4. Ислам дінінің таралу аймағы.
ІІІ. Білімді тексеру.
1. Әлемдік аса ірі діни жүйелерді атап бер? ( буддизм, христиан, ислам )
2. Діннің ең алғашқы түрі? ( фетишизм )
3. Діннің ең ежелгі түрі? ( анимизм )
4. Ұлттық - халықтық діндердің қатарына қандай ілімдерді жатқызуға болады? ( иудаизм, индуизм, синтайзм, Конфуций ілімі )
5. Конфуцийшілдік қандай ілім? ( этникалық - философиялық ілім )
6. Өз өмір тіршілігінде Конфуций неше принципті қатаң ұстанды және қандай? (1. бос қиялға салынбау. 2. «Мен білемін» дегендіктен аулақ болу. 3. қасарыстық көрсетпеу. 4. өзінің жеке басы жайлы ойламау)

Кестені толтыру
Қысқаша мәліметтер Буддизм (ақиқатты сақтаушы) Христиандық (езілген топтардың діні) Ислам (адамгершілікке баулитын дін)
Пайда болған уақыты
Негізін салушы
Қасиетті кітабы
Ұстанушылар саны

ІV. Негізгі ұғымдарға түсінік беру.
1. Дін туралы арнайы ғылымды қалай атаймыз? ( дінтану )
2. Конфессиялық ілім ( мойындау ғибадат қылу )
3. Теология ( teos - халық, logos - ілім )
4. Атеизм ( құдайлардың құдіретін жоққа шығару)
5. Монотеизм ( бір құдайлық )
6. Политеизм ( көп құдайлық )
7. Секта ( ойлау тәсілі, бағыт )

V. Сөзжұмбақ.
1. VI - VII ғ - да қалыптасқан «Синто» термині қандай ілім?
2. Конфуцийдің «Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады, оған 1546 түсіндірме жасаған. Сұрақ: оның ұстанған жолының бірі?
3. Грек тілінен аударғанда миссия құтқарушы деп аударылған сөз?
4. Б. з. б IV - ІІІ ғ - да ежелгі Қытайда аңызға айналған сары император Хуан - Дидің ашқан ілімі?
5. Б. з. б І мың жылдық ортасында Үндістанда пайда болған ең ежелгі дін?
Шешуі: 1. Синтоизм. 2. Әділеттік. 3. Христос. 4. Даосизм. 5. Буддизм.
Әлемдік діндер
Будда діні - б. д. д VI ғасырда Үндістанда пайда болған, кейін Оңтүстік - Шығыс және Орта Азияға, Сібірге тараған. Будда діні Қытай, Тибет, Монголия елдерін қамтыды. Діннің негізін қалаған Гаутама.

Христиан діні - б. д І ғасырында Рим империясының Шығыс провинциясы Палестинада еңбегі қаналғандардың діні ретінде пайда болған. IV ғасырдан бастап Римде мемлекеттік дін болып жарияланды. Христиан діні Еуропа елдерін қамтыды. Бұл діннің православие, протестант, католик болып бөлінетін үш бағыты бар. Діннің негізін қалаған Иисус Христос.

Ислам діні – Араб елінде VIІ ғасырда пайда болды. Араб, Парсы, Түрік, Пакистан, Оңтүстік - Шығыс және Орталық Азия елдерін қамтыды. Ислам Тұран жұртына VIII ғасырда келген. Діннің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Мұсылмандар ұғымында Ислам діні – Құдай тарапынан барлық адамзатқа жіберілген ең соңғы өсиет. Мұсылманға Исламның 5 парызымен қоса, білім - ғылыммен шұғылдану, адал жолмен ризықты табу ұсынылады.

Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай.
Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «Надандық дәуірі»
• Адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы;
• Имансыздықтан тұншығуы;
• Арабстанда нәсіпқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың, маскүнемдіктің, ұрлықтың, зорлықтың, зинақорлықтың кең етек алуы;
• Пұтқа табынушылықтың зорақысының жасалуы, мысалы: Исламға дейінгі кезеңде әйелдердің қыз босанғандығын намыс көріп, одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп, тастау сияқты тұрпайы салт болғаны тұралы деректерден белгілі. Алайда АЛЛАдан аяттар (уахи) түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін мойындағаны шындық.

Ислам дінінің пайда болуы Мұхаммед пайғамбар
Ислам дінінің де басқа д. ж діндер сияқты ұзақ тарихы бар. Әлемдік діндердің ең жасы – Ислам діні б. з 609 - 639жыл аралығында VII ғасырда Шығыс пен Батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болған. Ислам дінің негізгі ұстанымдары: Құран кітап пен Мұхаммет пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс – амалдары( сүннеті ). Мәліметтер бойынша Мұхамедке пайғамбарлық қырық жасында қонған еді осы елшілік міндеті 610 жылы рамазан айында Хира тауының басында жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші Жәбірейіл періште жеткізген делінді. Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединеге көшіп келгеннен кейін таралуы қарқынды күш алды. Медине қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемнің қасиеті мекеніне айналды.

Исламның таралу аймағы
VII ғасыр Ислам дінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка, Пиреней түбегі. Месопотамия, Иран, Ауғаныстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен Үндістанның Солтүстігіне дейін жеткен. Ислам дінін ұстанушылар шамамен 2 миллиардқа жуық 90 % Сунниттер. Ал Шииттер Иран, Ирак аумағында кездеседі. Ислам діні 120 - дан астам елде таралған. Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған.

VI. Жаңа материалды тестпенен пысықтау.
1. Дәуіт пайғамбарға түскен кітап?
А) Құран
В) Інжіл
С) Зәбур
Д) Тәурат
2. Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші періште?
А) Жәбірейіл
В) Микәиіл
С) Исрафил
Д) Әзрейіл
3. Ислам діні әлемде кең таралу жағынан.......... орында (2)
4. Д. ж Ислам дінін ұстанушылардың 90%........ (Сунниттер)
VII. Жаңа материалды бекіту:
VIII. Үйге тапсырма:
1. Исламның пайда болуы мен Мұхаммет пайғамбар туралы мәліметтер жинақтау.
2. Өз бетінше қосымша іздену.
33 019
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Имандылық – инабаттылық мұраты
Имандылық – инабаттылық мұраты
Салт - дәстүрді білуге, имандылыққа, бір - бірімен жақын қарым - қатынасқа, адалдыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу. Тәрбиелік шараға төрт сыныптан бес оқушыдан қатыстыруға болады.
Діни әңгімелер. Қасиетті құран кәрім жайында
Діни әңгімелер. Қасиетті құран кәрім жайында
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік аулы, №55 С. Қожанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кембілбекова Гулзина
Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі
Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Д. Құрманбек атындағы №20 колледжінің тарих пәні магистрі Әбдішбек Айгүл Балтабекқызы
Дүние жүзі діндері тарихынан
Дүние жүзі діндері тарихынан
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №170 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Телеуова Сара
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бисенбаева Анар
Халықтың ұлттық және діни құрамы
Халықтың ұлттық және діни құрамы
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің география пәні мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×