Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Конституциялық кеңес

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Тарих
Пәні: Адам. Қоғам. Құқық
Сыныбы 9

Тақырыбы: Конституциялық кеңес
Мақсаты:
Білімділік: «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы толық танысу
Тәрбиелік: Оқушыларды «Конституциялық кеңес» заңымен таныстыру және өз елінің заңдарын құрметтеуге, қорғауға шақыру
Дамытушылық:. Оқушылардың таным қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін дамыту, талдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: Аралас(интерактивті тақта, тапсырмаларды талдау)

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасы: Сот билігі
1. Сот билігі мемлекеттік биліктің қандай тармағы болып табылады?
2. Сот кімдер бола алады?
З. Сот жүйесін ата?
4. Судья заңды қолданғанда қандай принциптерді басшылыққа алуға тиіс?
5. Сот кімнің атынан қызметін жүзеге асырады?

Тапсырмалар:
1 - тапсырма
Азамат А. Айдаров азаматша М. Махмудова екеуінің арасындағы некесінің бұзылғандығын, отбасында өзара түсініктің жоқтығын көрсете отырып, некені бұзу туралы сот органдарына шағымданады. Махмудова осы мерзім аралығында ұл туған, ол 4 ай мерзім өткен соң шетінеген. Судья Махмудованың некені бұзуға келісімі жоқ екенін сылтауратып талап - арызды қабылдаудан бас тартады. Осыған қосымша оған 10 ай мерзім өткен соң ғана сотқа қайта шағымдануын ұсынады. Судьяның әрекетінде заңсыздық белгілері бар ма? Жауаптарыңды заңның тиісті баптарына сүйене отырып дәлелдеңдер.

2 - тапсырма
А. Садырова Алматы аудандық сотына С. Алдековпен арасындағы некені бұзу туралы талап қояды. С. Алдеков қылмыс жасағаны үшін 4 жыл бас бостандығынан айырылған. Сот Алдековтың Садыроваға мүліктік талаптары болуы мүмкіндігін ескерте отырып, некені бұзудан бас тартады. Егер саған осы істі қарау мүмкіндігі берілгенде, сен қандай шешім қабылдар едің? Заңның баптарына сүйеніп, жауаптарыңды негіздеп дәптерге жазыңдар?

3 - тапсырма
Азаматша А. Жанарова азамат Қ. Турдиев екеуінің арасындағы некені бұзу жөнінде сотқа талап қояды. Осыған орай қосымша өзінің 4 айлық баласының бар екенін, жұмыс істеу мүмкіндігі жоқтығын ескерте отырып алимент төлеу жөніндегі талабын қанағаттандыруды өтінген.
Сот әйел адамның жүктілігі немесе 1 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған кезінде некені бұзу туралы іс қозғай алады ма? Бұл істі қалай дұрыс шешуге болады?
4 - тапсырма
Шаймахановтың көлікті қатты жылдамдықта айдап келе жатыр еді, алдынан МАЙ - қызметкері шығып, оны тоқтатты. Оған өз құқықтарын түсіндіріп, жүргізушінің көлік жүргізетін құжатын алып қойды? МАЙ - қызметкерінің іс - қимылы дұрыс па, ол жүргізушінің құжатын не істейді?

ІІІ. Жаңа тақырыпты қарастыру:
Конституциялық кеңес
1 - бап. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi
Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi:
1) өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды;
2) Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай - ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
2 - бап. Конституциялық Кеңестiң құрамы
Конституциялық Кеңес жетi мүшеден, соның iшiнде Конституциялық Кеңестiң Төрағасынан тұрады. Бұған қоса Республиканың экс - Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.

3 - бап. Конституциялық Кеңестi құру тәртiбi
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті қызметке тағайындайды, Конституциялық Кеңеске екі - екі мүшеден Парламент Палаталары төрағаларының ұсынуы бойынша тиісінше Парламент Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жанартылып отырады

4 - бап. Конституциялық Кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар
1. Конституциялық Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады.

5 - бап. Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi
1. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiгi алты жылға созылады.
2. Шығып қалған немесе қызметте болу мерзiмi аяқталған жағдайда Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалады.

10 - бап. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi мемлекеттiң лауазымды адамдары ретiнде
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi мемлекеттiң лауазымды адамдары болып табылады, олардың мәртебесi Конституциямен және осы Конституциялық заңмен, сондай - ақ Конституция мен осы Конституциялық заңда реттелмеген бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

11 - бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгi
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәуелсiз болады және тек Конституция мен осы Конституциялық заңға ғана бағынады. Басқа ешқандай да актiнiң олар үшiн сөзсiз мiндеттi күшi болмайды. Олардың қызметiне қандай болса да араласуға, сондай - ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 869
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
1. Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады? А) Қазақстан Республикасының Президенті. В) Қазақстан Республикасының Парламенті. С) Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі. Д) Қазақстан Республикасының Үкіметі. *Е)
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері, Конституция ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері, Конституция ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері, Конституция ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары 1. Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады? А) Қазақстан Республикасының Президенті. В) Қазақстан Республикасының Парламенті. С) Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі. Д)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
№215 орта мектебі, Қызылорда қаласы, Құқық негіздері пәні мұғалімі: Лаура Абитова
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×