Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы және жастар

14 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Отбасын құрудың басты мақсаты, оның қағидалары, атқаратын міндеттері мен отбасындағы ата - ана мен балалар құқықтары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың қазіргі таңдағы жастар саясатына байланысты атқарылып жатқан істерге байланысты ізденістерін дамыту.
Тәрбиелік: Отбасы шағын мемлекет деген қағиданы айта отырып, отбасын құрудағы үлкен жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікірталас
Сабақтың әдістері: топпен, жекелеп, ізденіс түріндегі жұмыстар, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кесте - сызбалар.
Сабақтағы пәнаралық байланыс: әдеп, тарих, әдебиет.

1. Отбасы құрудың басты мақсаты:
• Қазақстан Республикасының жерінің кеңдігі, табиғи ресурстарының молдығы, оларды игеру қажеттісі - тұрғындар санының үнемі өсіп отыруын қажет етеді.
• Қазақстанның азаматы болып табылатын әр жас адам отбасын құрып өмірге бала әкелуді ең асқақ, ізгі, қасиетті борышы деп есептеуі керек.
• Қазақстан Республикасы Конституциясының алғашқы сөйлемі оның ең басты байлығы оның адамдары деген сөзде үлкен мағына бар.
Бұл проблемалардың демографиялық саясатпен байланысты екені анық.
Қазақстанда халық санын өсірудің жолдары:
1. Миграциялық - сырттағы қазақ халқын туған жерге оралуына жағдай жасау.
2. Табиғи жолдары - адам санының табиғи жолмен көбеюі.

Сайыстың кезеңдері:
І. Топты таныстыру (топтың аты, эмблема)
ІІ. «Бәйге» (сұрақтарға жауап беру)
ІІІ. Ситуациялық сұрақтар
ҮІ. Мақал - мәтелдер
Ү. Үй тапсырмасы (сурет бойынша)
ҮІ. Ән сайысы
ҮІІ. Қорытынды.

І. Топты таныстыру.
Әділ қазылардың бағалауы.
ІІ. «Бәйге»
І топтың сұрақтары.
1. Қазақстанда жаңа Конституция қай жылы қабылданды?
2. Сақтар қанша топқа бөлінді?
3. Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым?
4. Тарихтың атасы?
5. Түркістанды астана еткен хан?
6. Тасқа салынған суреттер қалай аталады?
7. Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет?
8. Орталық Қазақстандағы тау?
9. Үйсіндердің астанасы?
10. Тәуке ханның заңы?

ІІ топтың сұрақтары.
1. Абылай ханның шын аты?
2. 100 жылдық өтпелі кезеңді қалай атайды?
3. Қазақстан Республикасы туының авторы?
4. Әмір Темірдің мемлекеті?
5. Сақтардың сусын дайындайтын тобы?
6. Мемлекетіміздің негізгі заңы?
7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері?
8. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде халық арасында кең тараған ән?
9. Әмір Темір қай жерде қаза болды?
10. Оғыз мемлекетінің астанасы?
Бағалау.
Мұғалім сөзі:
• Отбасы - шағын мемлекет
• Отбасы – қоғам тірегі, алғашқы ұясы
• Адам өмірінің мәні - отбасының болуымен өлшенеді.

ІІІ. Ситуациялық сұрақтар
І топқа.
1. Сен құрбыңа міндетті түрде туылған күніне баруға уәде еттің. Ал ата - анаң сенің кешкі мезгілде үйден шығуыңа мүлдем рұқсат етпейді. Бұл жағдайдағы сенің әрекетің?
2. Ата - анаң, бауырларың саяхатқа бара жатыр, ал сені үйге ие болу үшін қалдырғалы тұр. Сен де барғың келеді, не істер едің?
3. Ата - анаң сені бесіктегі кезеңде - ақ жолдастарының баласымен атастырып қойған. Ата - анаңның айтқанын орындар ма едің?
4. Қазіргі жастар неке, отбасы туралы заңдарды толық біле ме?

ІІ топқа.
1. Анаң сенің дәрігер болғаныңды, ал әкең мұғалім болғаныңды қалайды. Ал саған екі мамандық та ұнамайды, өйткені сен актер болғың келеді. Сенің әрекетің?
2. сен үйдің кіші баласысың. Алты бауырың бірінен кейін бірі әр нәрсеге жұмсай беретіні сонша, әбден ығырың шықты? Қандай іс - әрекет жасар едің?
3. Ата - анаң бір – бірімен ренжісіп қалған. Қалай татуластырасың?
4. Неліктен жастардың үйленуінен, ажырасу процесі жоғары.
Бағалау.
ІҮ. Мақал - мәтелдер сайысы.
Ү. Үй тапсырмасы
ҮІ. Ән сайысы
ҮІІ. Қорытынды.

Мұғалім сөзі.
Қосымша сұрақтар.
1. Отбасындағы ата - ананың міндеті қандай?
2. Баланың міндеттері қандай?
3. Отбасында қанша бала болу керек?
4. Жастар қазірде бос уақытын қалай өткізеді?
Неке жасы заң бойынша ерлер мен әйелдер үшін 18 жас.
Отбасының қағидалары.
1. Еріктілік
2. Құқықтары тең
3. Бөгде адамдардың араласпауы
4. Ішкі мәселерді келісіп шешу
5. Балаларға қамқорлық
6. Салауатты өмір салтын қолдау
7. Бір - біріне қамқор болу.
18 жасқа толмаған азаматтар бала болып есептеледі.
Ата - ананың міндеттері:
1. Балалар денсаулығын қадағалау
2. Оларды тәрбиелеу
3. Орта білім алуын қамтамасыз ету
Отбасының атқаратын қызметтері:
1. Бала өсіру, тәрбиелеу, ұрпақ жалғастыру.
2. Баланы қоғамда өмір сүруге дайындау.
3. Отбасы мүшелерінің материалдық жағдайын қамтамасыз ету.
Отбасындағы қарым - қатынастар.
1. Екі адам теңдігі.
2. Бір - бірін сыйлау, отбасын құрудың негізгі – махаббат
3. Жауапкершілік
4. Сенім.
Қорытынды.
10 347
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
отбасы жарастығы және отбасының өсіп дамуы туралы түсінік беру; отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;
Отбасы шаңырақ берекесі
Отбасы шаңырақ берекесі
Отбасын құрайтын адамдар, әр адамның отбасында алатын орны мен маңызын түсіндіру. Оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Отбасы шағын қоғам. Қоғамдық топтар
Отбасы шағын қоғам. Қоғамдық топтар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға отбасы ұғымын тереңірек түсіндіру арқылы әке - шеше, бауырларының қадірін білгізу. 2. Жаңа мағынаны танып білуімен қатар «Отбасы» тақырыбының мағынасын өздері ашу, ойларын жеткізе білу қабілетін дамыту.
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Некеге тұру, оның заңдылықтары, отбасының жалпы мазмұны, ондағы әртүрлі қызметтер, қазіргі отбасына жүргізілген зерттеулер, отбасында болатын қайшылықтарға тоқталу.
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Сәтбаев қаласы, "№5 орта мектебі"КММ Медеубаева Айнур Култасовна
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сарсенова Нәписа Ысқаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×