Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желтоқсан - қасіретім, ар намысым, мақтанышым

25 қараша 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Театрланған сабақ
Сабақ мақсаты: 1. Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету.
2. Оқушыларға қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
3. Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Құрал: Н. Назарбаевтың суреті, бейнефильмдер, слайд, көркем суреттер. «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» кезінде 1 млн қазақ қаза болды, «1916 - 1921ж аралығында 800 мың адам қырғынға ұшырады»;
«1930 - 1933ж Голощекиннің геноцид кезінде 2 млн 200 мыңдай қазақ аштан өлді»;
«Ұлы Отан соғысында 350 ұл - қызынан айырылған қазақ халқының саны 12% кеміді» мәліметтер интерактивті тақтада көрсетіледі.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.

1. Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар мен қонақтар!
2. Жүргізуші: Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші.

1. Жүргізуші: Жанартаулар бұғып жатып бір атылады. жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ халқы да 1986ж желтоқсанда тар жол, тайғақ кешуден өтті. қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Ұлттың жанарудың, елдігімізбен есендігіміздің басы болған деп тілеген еді қалың жұрт.

2. Жүргізуші: Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Ұлттық намысымызды оятып, салт - санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді бір табан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – «желтоқсан оқиғасы».
Осы оқиғаға байланысты елімізде 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеуге алды. Жарақат алған 1283 адам медицина мекемелеріне барды.
(Видеофильмнен үзінді көрсетіледі)

Мұғалім: Желтоқсан қаһарманы – Қайрат Рысқұлбеков қазір аман жүрсе 47 жасқа келер еді. Қазақ халқын қорлап, арын аяққа таптап, баяғысынша өктемдік еткісі келген орталықтың астамшылық ісіне қарсы жастар бой көтерген желтоқсанның сұрқай күнін ұмыту, өткенді ұмыту. Алматының кең көшелеріне симай, сендей соғылысқан жастар... алаңда ұрандатқан қазақтың қайсар қыздары тығырықтан алып шығар жолды іздеді.

1. жүргізуші: КСРО жоғары кеңесі төралқасының 1988 жылғы 28 сәуіріндегі жарлығы бойынша Қайрат Рысқұлбековке берілген өлім жазасы жиырма жыл бас бостандығына ауыстырылды. Алайда бұл хабар Қайратты қуанта қойған жоқ. Өйткені, жазықсыз жиырма жыл қапаста отыру оған атылумен бірдей еді.

2. жүргізуші: Жамбыл облысының, Мойынқұм ауданында дүниеге келіп балалық бал дәурені өзіміз «Тоқырау жылдары» деп айдарлаған кезеңге сай келіп Қайратты қазір кім білмейді. Азаматтық борышын оқ пен оқтың өтінде – Ауған жерінде өтеген, ер мінез жігіт өзінің кім екенін алаңға шыққан алғашқы күні – ақ танытып еді. Қайраттың жасақшы Савицкийдің өліміне қатысты деп айып тағылды. Ұзақ, мұқият жүргізілген тексеру жұмыстарынан кейін, комиссия, оны кісі өліміне қатысты айыптау – тергеу органдарының жалған ісі деген шешімге келеді. Қайрат Рысқұлбеков өзінің кінәсін мойындаудан үзілді – кесілді бас тартып, қылмыс жасаған жерде болмағанын айтты

Мұғалім: Қайратпен жүргізілген тергеу бізге құпия қалды, жүзден он процентін қалай болғанын ешкім білмейді.
Бауыржан Үсеновтің тепкісінің ізімен жазылған «Ерте солған жыр гүлі» атты көрініс.

1 жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының демократияға, бостандыққа ұмтылған батыл қадамы еді. Қазақстан Республикасында 17 желтоқсан демократиялық жаңару күні болып белгіленді.
Бұл оқиға негізінде адам құқығының аяққа басылуы, сот әділдігінің болмауы, прокуратура қателіктері сияқты тұтас тарихи фактілер жатыр.
2 жүргізуші: Кеңес мемлекеті тоталитарлық, орталықтанған әкімшілдік жүйемен басқарылды.
Коммунистік партия Конституцияда өзін саяси жүйенің ұйтқысы ретінде жариялап мемлекеттік билікті қолына алғанын көрсетті.
1986ж 17 желтоқсанда жастар демократия жолында әкімшіл - әмірлік жүйемен ашық қақтығысқа келді. Ел басқарып отырған коммунистік аппарат бұл оқиғаны «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалап, халықты орынсыз айыптады. Кеңес өкіметі осылайша тоқырау дәуірін тоқтату үшін жанталасып жатты.
Ортаға оқушы шығады. Құрманғазы Сағырбайұлының мұңлы күйі орындалады.

1 - жүргізуші: Бұл күн ешқашан ұмтылмақ емес, ешқашан ұмытылмайды да. Тәуелсіздігімізді бір табан жақындатқан аға, әпкелерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

1-оқушы
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Құшақ жая таныстым сан тілімен
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
2- оқушы
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мың тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым
Пәк салтанат салтымды сүйемін мен
Бақ орнаттым басына моланың да
Мұрагермін де иемін мен.
Мұғалім: Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар - намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күнге қаймықпай қарсы шыға білген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпақтан - ұрпаққа жетеді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел экономикасына, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Н. Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.
1 - жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе бер!
«Қазақтай ел қайда» әні
(Слайд Қазақстан)
Қорытынды: Желтоқсан оқиғасынан кейінгі жылдар біздің елімізге көптеген өзгерістер әкелді, ұлттық сана сезіміміз оянып, тәуелсіздіктің туын биікке көтердік.

ІІ. «Желтоқсан тәуелсіздік шежіресі»тақырыбын тексеруге арналған сұрақтар
1. Желтоқсан оқиғасы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Биыл желтоқсан оқиғасына қанша жыл?
3. Желтоқсан оқиғасының басталу себебі неде?
4. Сол оқиғаларға қарсы шыққандарға қандай ат қойылды?
5. 17 желтоқсан қандай күн болып белгіленді?
6. Желтоқсан оқиғасына кімдер қатысты?
11 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік тұғырым
Тәуелсіздік тұғырым
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету. 3. Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Мейіржан Оразханұлы
Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі тарих пәні мұғалімі Беккужина Райгүл Жұмашқызы
Тәуелсіздік таң нұры (әдеби – сазды кеш)
Тәуелсіздік таң нұры (әдеби – сазды кеш)
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Назия Казымовна
Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
ШҚО, Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы ОДБ ҮТО ММ» КММ Уайданова Ж. М.
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» Мақсаты: оқушыларға 1986 ж. көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×