Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХҮІІ - ХҮІІІ ғғ. Азия және Африка елдері

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Дүние жүзі тарихы (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: ХҮІІ - ХҮІІІ ғғ. Азия және Африка елдері
Сабақтың мақсаты: ХҮІІ - ХҮІІІ ғғ. Еуропа мемлекеттерінің Азия және Африка елдерін отарлау әрекеттеріне сипаттама беріп, алғашқы отарлаушы мемлекеттер мен олардың отар иеліктерімен оқушыларды таныстыру.
Білімділік міндеті: ХҮІІ - ХҮІІІ ғғ. Капиталистік мемлекеттердің Азия мен Африка елдерін отарлау мен ықпал ету аймақтарына ие болу үшін жүргізген күресі туралы нақты деректер келтіріп түсінік беру.
Дамытушылық міндеттері: Оқушылардың картамен жұмыс жасау, өз бетінше оқулықтан негізгі мәтінді табу және уақытты үнемді пайдалану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды еңбекқорлыққа, тарихты құрметтеуге тәрбиелеуді жалғастыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: ойын сабақ
Әдісі: үй тапсырмасы «Миллион кімге бұйырады?», тапсырмалар, «Алтын көмбе» ойыны
Көрнекілігі: слайд, оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Миллион кімге бұйырады?»
1. Осман империясының негізі қай жылы қаланды? (1299 ж)
2. Түріктер Константинопль қаласын қашан шабылмен алды? (1450ж)
3. 1514 ж. түріктерге кімдерді жеңудің сәті түсті? (Сефевидтік Иран)
4. Вена түбіндегі жеңістен кейін 1684 ж. османдарға қарсы құрылған коалиция. («Қасиетті лига»)
5. 1697ж. австриялық қолбасшы Евгений Савойский Тиса өзені бойында түрік әскерлерін талқандады, ал 1696 ж қандай оқиға болды? (І Петр Азов бекінісін тартып алды)
6. ІІ Мұстафа қай жылдары билік етті? (1695 - 1703 жж)
7. 1729 ж. Осман империясында қандай оқиға болды? (алғашқы баспахана ашылды)
8. І Махмұд сұлтан билікке келген күн. ( 2 қазан)
9. Осман империясында әскери инженерлік училище қайда ашылды? (Стамбул)
10. Стамбұл кедейлерінің бой көтеруін бастаған кім? (Патрон Халил)
11. Франция мен Англия Ресейдің күшеюінен сақтанып, осы орыс билеушісінің саясатына қарсылық танытты. (ІІ Екатерина)
12. ІІІ Селим Реформасын жалғастырушы (Мұстафа Паша Байрақтар)
13. ІІІ Селимнің реформасына қарсылық білдірген кімдер? (янычарлар)
14. ХҮІІІ ғ. Осман империясы қай елдермен соғыс жүргізді? (Ресей мен Австрия)
15. Осы порттар арқылы империя Еуропа, Азия және Африка елдерімен сауда байланысын жасады. (Стамбұл, Измир, Салоники, Александрия)

ІІІ. Жаңа сабақ
ХҮІ - ХҮІІІ ғғ. Шығыс әлемі біртіндеп Батысқа тәуелділікке түсті. Екі ғасыр бойы еуропалық теңізге жүзушілер, алдымен португалдықтар мен испандықтар, содан кейін голландықтар, ағылшындар мен француздар Шығысқа, Африкаға, Үндістанға, Азияның оңтүстік - шығысына жол сала отырып, Австралияны ашты. Ал осы уақытта орыс саяхатшылары Сібірді игеріп, Тынық мұхит жалауларына шықты. Магелланнан бастап дүние жүзін айналып шығу саяхаты басталды.
«Отарлаушы империя» ойыны. Бұл ойынның барысында оқушылар оқулықпен жұмыс жасап қай елдер қандай отар иеленгендіктерін тауып, дәптерлеріне жазады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 497
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Азия елдері. 1 – тақырып. ШЕТЕЛДІК АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ. §1. Азияның саяси картасы мен аймақтары
Орталық және Шығыс Азия елдері
Орталық және Шығыс Азия елдері
Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына кіретін мемлекеттер, жер бедерінің ерекшеліктері, әлемдік өркениеттің дамуындағы орны туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
Азия мен Африкадағы араб елдері
Азия мен Африкадағы араб елдері
Азия мен Африкадағы араб елдерінің жалпы жағдайына сипаттама беріп, батыс елдерінің осы елдерге жүргізген саясатын ашып көрсету, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуын және араб елдеріндегі ұлт - азаттық күрестің нәтижелері туралы меңгерту.
Орта ғасырлардағы Африка
Орта ғасырлардағы Африка
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Осман империясы
Осман империясы
Ақтау қаласы, № 9 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Ж. О.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×