Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрақ құраудың технологиясы

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Құрақ құраудың технологиясы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға құрақ түрлерін тігудің ерекшелігімен құрақ бөліктерін дұрыс орналастыру реттілігін және өңдеу технологиясын үйрету.
ә) тәрбиелік: Оқушылардың үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақты болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек
сүйгіштікке баулу.
б) дамытушылық Оқушылардың теориялық білімдерін іс – жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Тарих, Геометрия, Бейнелеу, Сызу.
Керекті құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, қатты қағаз,
үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы, бор немесе қарындаш
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сынып тазалығына мән беру.

II. Үй тапсырмасын тексеру
«Қандай жұмбақ болса да шешпей оны қоймайық»
Әр топ ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап беру.
І. Ою - өрнек сұрағы:
1) Ежелгі ұлттық ою? (қошқар мүйіз)
2) Өсімдік тектес оюларды ата (үшжапырақ, жауқазын, шыңгүл, жапырақ, жетігүл)
3) Бұл ою «Г» және «Т» әріптеріне ұқсас, және қандай да бір ру таңбаларынан пайда болған. Қандай ою? (Балта)
4) Магиялық ою қалай аталады? (тұмарша)
ІІ. Жұмбақтар
1) Бар екен бір дүниеде жалғыз көзі,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді 18 мың киіндіріп,
Дүниеден жап - жалаңаш өзі безді (ине)
2) Дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды (дастархан)
3) Арық ат қарны қабысқан,
Бір көлді ішіп тауысқан (қасық)
4) Құрғақ жерде сақтаймыз,
Онсыз тамақ татпаймыз (тұз)
ІІІ. Ұлттық тағамдар
1) Ұйытылған сүт қалай аталады? (Айран)
2) Торта дегеніміз не? (Сары май тұнбасы)
3) Бие сүтінен ашытылған сусын (қымыз)
4) Езілген құрт қалай аталады? (малта)
ІҮ. Жалпы сұрақ:
1) Стиль деген не? (Мәнер, сипат, ерекшелік)
2) Матаны ылғалды - жылумен өңдеу дегеніміз не? (Үтіктеу)
3) Салалы, жабайы, бұйра. Қандай талшық? (Зығыр)
4) Мына сандар нені білдіреді: 160 - 88 - 70?
(1 сан - см өлшенген бой
2 сан – кеуденің жарты орамы
3 сан - мықынның жарты орамы )

ІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіріп, топтастыру әдісімен басталады.
Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:
Құрақты қандай мақсатта құраймыз?
- Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
- Екіншіден, әдемілікке, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.
Құрақ құрау - халқымыздың үй - тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан - ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау - мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.

Бұрынғы әже - әпкелеріміз күнделікті үй - тіршілігінде өзіндік орны бар, пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше, мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе - көрпешелер жасауын дайындаған.

Құрақ құрау өнерінің терең мән - мағынасы бар. Ертеде апа - әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз - немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп - өнсін»деген тілекпен жасаған.

Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние - мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. Құрақ – төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл - көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.

Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен - ақ өмірге келетінін ежелден - ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай - қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір - бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап - талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай - ақ танисың.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 936
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақтың тарихына тоқталу, үлгісін даярлау, құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру. Оқушылардың ұлттық бұйымдарға қызығушылығын арттыру, құрақтың түрлерімен таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Құрақ құрау технологиясы
Құрақ құрау технологиясы
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Қоңырат кенті, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі технология пәні мұғалімі: Тоқтаубаева Кульбаршин Жұмашқызы
Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы
Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы
Мақсаты: 1. Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру. Нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеу, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыру.
Құрақ құрау технологиясы
Құрақ құрау технологиясы
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №62орта мектебінің технология пәні мұғалімі Бекмамбетова Гульмира Мақсұтқызы
Құрақ құрау
Құрақ құрау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің технология пәні мұғалімі Досманбетова Динара Пернебайқызы
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×