Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Інжу – маржаннан бұйым тоқу

16 қазан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Класс 7
Сабақтың тақырыбы: «Інжу – маржаннан бұйым тоқу»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бисермен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
1) Білімділік: Оқушыларға бисер жөнінде түсінік бере отырып алқа тоқуды үйрету, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
2) Дамытушылық: Қыз балаларды қолөнер еңбегіне қызықтыра отырып, жұмыс барысында ой - өрістерін, іскерліктерін, ынтасын, ойлау қабілеттерін, шеберліктерін, саусақ қимылдарының ептілігін дамыту. 3) Тәрбиелік: Оқушыларды көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылықпен дәлдікке, жасалатын бұйымға ықтиярлықпен қарауға, еңбекті бағалауға, еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, сарамандық жұмыс Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, түсіндірмелі Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ребус, әріптер жазылған шеңбер. Пәнаралық байланыс: математика, тарих, география
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Өткен сабақты өзектілеу.
III. Блиц сұрақтар.
IV. Тірек – сызбамен жұмыс
V. Ойлы болсаң, тауып көр!
VI. Сарамандық жұмыс.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII. Үй тапсырмасы.
IX. Бағалау

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен амандасып, оқушыларды түгендеу, бөлме тазалығын тексеру, кезекші тағайындау.
II. Өткен сабақты өзектілеу.
1. Біз өткен сабақта қандай бұйым жасадық? (бисерден білезік)
2. Ол білезігіміз қалай аталады? (гүлтізбек)
3. Гүлтізбек қандай бұйым? (4 күлтелі гүлден және бір жапыракшадан тұратын бұйым)
4. Неше айқыштан немесе технологиялық операциядан тұрады? (5 айқыштан)
5. Гүлтізбек неше элементтен тұрады?(қолдың өлшеміне қарай 9 - 10)

III. Блиц сұрақтар.
1. Бисер дегеніміз не? (ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер немесе пластмассадан, әйнектен жасалған түрлі түсті ұсақ моншақтар)
2. Бисердің отаны? (Ежелгі Египет)
3. «Бисер» сөзі қай тілден шыққан? (араб сөзі «бусра»)
4. Бусра қандай мағынаны береді? (жасанды маржан)
5. Бисерлер құрамына қарай қалай бөлінеді?(шыныдан және металдан жасалған)
6. Бисерлер өңделуіне қарай қалай аталады? (тұтас боялған, шаңдатылған, күңгірт не құбылмалы түсті)
7. Бисердің шығу тарихы неге байланысты? (әйнектің шығу тарихымен тікелей байланысты)
8. Әйнек дайындаудың ең алғаш құпиясын ашқан ел? (Финикия)
9. Стеклярус қандай сумоншақ? (ұзындығы 3мм шыны түтікше тәріздес сумоншақ түрлері)
10. Стеклярустың бисерден айырмашылығы неде? (Ол түтікше тәріздес қырлы) 11. Ең алғаш стеклярусты қай ел шығарды? (Франция)
12. Бисерді түріне қарап қалай бөледі? (қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, Богем және Шарлот)
13. Бисермен тоқуда қандай жіптер қолданылады? (лавсан, леска – қармақ жіп және мыс сым)

IV. Тірек – сызбамен жұмыс.
V. Ойлы болсаң, тауып көр!
Шеңбердегі адасқан әріптер. Бұл ойында шеңбер бойындағы әріптерді екі әріптен тастап, ретімен оқу арқылы жасырылған мақал – мәтелді тап («Түйменің жіпсіз күні жоқ») Ойын Т әріпінен басталады.

VI. Сарамандық жұмыс. Інжу – маржаннан алқа тоқу.
1. Еңбек қауіпсіздік ережелері. Жұмбақтың жауабын шешіп жауапқа сай қауіпсіздік ережесін айт. 1) Бар екен дүниеде жалғыз көзді, Сол көзбен дүниенің бәрін кезді. Әлемді он сегіз мың киіндіріп, Дүниеден жап – жалаңаш өзі безді (ине) - инені аузыңа салма! - киіміңе түйреме! - тот басқан инені қолданба!
2) Екі семсер айқасқан, Оқта – текте шайқасқан (қайшы) - қайшыны лақтырма, сермеме! - қайшының ашасын ашық тастама!
3) «Естіртпе», - деп ине жіптің күңкілін, Бүтіндейді қағаз кітап жыртығын (желім) – желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніг төсе – желімді аузыңа, көзіңе тигізбе
4) Жүрген сайын жүйрігім, Қысқартады құйрығын (жіп) – ине жібін тіспен үзуге болмайды! – инені жіпсіз тастама!
5) Қимылдаса қос шебер, Қырау – қырау іс өнер (қол) – инемен жұмыс кезінде қолды жарақаттап алмау үшін оймақ киген дұрыс!
2. Қажетті құрал – саймандар: №10 және №11 дөңгелек формадағы түрлі түсті бисерлер, стеклярус, леска жібі, қайшы, ине, жіп және швензы.

3. Теорияны ашу.
Алқа ертеде тау хрусталі мен ақық тастардан даярланған. Алқа неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан жасалған. Алқа мойынға тағылатын сәндік бұйым, оның формасы ұсақ және ірі болады. Ұсақ моншақтармен ежелгі Египет фараондарының киімдерін сәндеген. Бұдан жүздеген жылдар бұрын көшпелі сарматтар мен сақтар інжу – маржанмен әшекейленген киімдер киген. Уақыт өте келе Шығыс халықтарына, Африкаға, Индияға, Америкаға, Тынық мұхит аралдарымен Еуропаға Азияға тараған. Моншақтың әр халықта атауы әр қалай болған. Индияда – хар, Кубада – кояр, Эфиопияда – чале, Анголада – миссанга, Болгария, Румыня, Молдавияда – гардана, Прибалтикада – каролинес, Өзбекстанда – зебигардан, Россияда – ожерели, цепочки, гайтаны деп, қазақ, қырғызда – алқа, моншақ, інжі - маржан деп атаған. Шыныдан бисер өндіру кәсіпшілігі Еуроапада алғаш Венеция, Германия, Византияда дамыды. Венеция өндіріс орталығы Мурано аралығында кәдімгі айна, ірі моншақтар інжу маржандар өндірді. Әсіресе бисер өндіру ісі ол елдерге өте зор байлық әкелді. Венецияда бисер өндіру әдісін ешбір мемлекетке жария етпей өте құпия ұстады. Шыны моншақ жасайтын шеберлерды қатаң ұстап, оларды ешкіммен араластырмады. Құпияны жариялаған адам өлім жазасына кесілетін болған. Басқа мемлекеттерде бәсекелестері болмауын қалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 709
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып; білімін жүйелеу; моншақпен білезік тоқуды үйрену. 1. Бисер тарихы мен білезік тоқудың технологиясымен таныстыру; меңгерту.
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып; білімін жүйелеу; моншақпен білезік тоқуды үйрену. 1. Бисер тарихы мен білезік тоқудың технологиясымен таныстыру; меңгерту.
Технологиядан сабақ топтамасы
Технологиядан сабақ топтамасы
Атырау қаласы, пос. Жұмыскер Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Досаева Салтанат Уразқызы
Бисерден жасалатын бұйымдар
Бисерден жасалатын бұйымдар
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Жобамен сарамандық жұмыс. Көбелек тоқу
Жобамен сарамандық жұмыс. Көбелек тоқу
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Маржаннан алқа тоқу
Маржаннан алқа тоқу
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ технология пәні мұғалімі: Калиева Гаухар Картаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×