Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық қолөнері арқылы баланың шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Қазақтың ұлттық қолөнері арқылы баланың шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту

«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.»
(АБАЙ. Жетінші сөз)

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында оқушылардың жалпы білімін көтеру, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырып, бүгінгі оқушы, ертеңгі жас маман екенін ескере отырып, оларға кәсіби білім беріп, қабілетін, дарынын аша білу, шығармашылыққа бағыт - бағдар беру әр мұғалімнің мақсаты болып табылады

Әр оқу пәні оқушы алдында мүмкіндігінше еңбек пен мамандықтар әлемін ашады. Сондай пәндердің бірі - ТЕХНОЛОГИЯ. Технология - шеберлік, іскерлік, білгірлік мектебі. Технология сабақтарында оқушылар жан - жақты дүниетанымын қалыптастыра отырып, болашақта өмірге, өндіріске қажетті мамандық алып шығады, саналы, сұлулық сезімін түсінетін, шебер, заман талабына сай өмірге бейімделген, еңбекті бағалайтын, үнемшіл ұрпақ тәрбиеленеді. Еңбек сабағында іс жүзінде нақты жұмыс жүргізіледі.

Шығармашылық - бұл жекелеген мотивациялық құрылым арқылы берілетін ақыл - ой жемісі, ол жеке тұлғаның бойында білім мен ептілік, қажырлы еңбектену мен қызығушылық қабілеттерінің әсерімен қоғамдық маңызды нәтиже. Жазушы Л. Н. Толстой, суретші Репин, композитор Глинка өздерінің ұлы шығармаларын «1% талант, 99% еңбектің күшімен жасадық» деген екен. Сондықтан оқушының шығармашылық қабілетін дамыту да үлкен қажырлы еңбекті талап етеді. Осы шығармашылық қасиеттерді дамытудың негізгі тәсілдері:

 Оқушы білімінің өмірмен байланысы
 Ғылыми негіздердің зертханалық - сарамандық жұмыстармен байланысы
 Алған білімін сапалы, жүйелі меңгеру
 Теория мен сарамандық әдістердің өзара байланысы
 Іздену жұмыстарының ғылыми тұрғыда орындалуы
 Нәтижеге жету ынтасын қалыптастыру

Қолөнерге ұштастыра білім мен тәрбие берудің түрі - шығармашылыққа баулу. Ал қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ, оқушы шығармашылықпен іске кіріседі. Еңбек үстінде шығармашылық ізденудің нәтижесінде алуан қолөнер туындылары дүниеге келеді.

Әр ұлттың өзіне т. Халық қолөнерінің түп тамыры халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты. Қолөнердің тәрбиелік мәні арқылы оқыту кезеңінде өнерге, өзіне деген көзқарасын, білімін, біліктілігін арттырып, шығармашылыққа баулимыз. Ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұраның ең асыл құнды қазынасы. Қолөнер - өресі биік, өрісі кең өнер. Қазақ халқы – кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші. Ысырапқорлық – қазақтарға жат қылық. Ежелден - ақ ата - бабаларымыз үнемшіл болып, қолдағы темір, сүйек, ағаш, тері тәрізді заттардың да кесінділерін қажетіне ұқсатып, аяқ асты тастамаған. Олай болса, ізденімпаздықпен атқарған әр жұмыс ысырапқорлықтан тыйып, үнемділікке үйретеді

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 861
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қара сөздер. Абайдың жетінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың жетінші қара сөзі
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды.
Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу
Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу
Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс - тәсілдері жоқ.
Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар
Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Қасымова Қарғаш
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М. Н
Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері
Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.
Ата-ананың бақыты балада
Ата-ананың бақыты балада
Жезқазған қаласы № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазанғапова Венера Орынбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×