Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Технология пәнінен 5 - 9 сыныпқа арналған тест жинағы

18 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Технология пәнінен 5 - 9 сыныпқа арналған тест жинағы (Әдістемелік құрал)

Бәсекеге қабілетті білім беруде ауыл ұстаздарының жаңалыққа ұмтылуы, оқытудың жаңа технологияларын іс - тәжірибеге кең қолдануға бет бұруы кәсіби шеберлікті шыңдауға деген сезінуден туып отыр.
Технология пәні бойынша ұсынылып отырған бұл көмекші құралды құрастырған Жунусов Марат Садырбайұлы мектеп қабырғасында көп жыл еңбек еткен тәжірибелі ұстаз.
«Технология» пәнінен 5 - 9 сыныпқа арналған тест жинағы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеу үрдісінде білімдерін бекітуге арналған.
Тест жинағының мақсаты 5 - 9 сынып оқушыларының сабақта алған білімдерін тексере отырып, бекіту болып табылады.

5 сыныпқа Тақырып: Машинатану элементтері. Конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы.

1. Беріліс механизмдері қандай берілістерден тұрады?
а) тісті, үйкелісті, қайысты, тоғынды, шынжырлы
ә) қысымды, рейкалы, үйкелісті, шынжырлы, тоғынды
б) күш, қозғалтқыш, қайысты, тоғынды, шынжырлы
в) ілініс, карданды, қайысты, тоғынды, шынжырлы
2. Механизмнің буыны деген не?
а) жұлдызшалар, диаметр, айналу жиілігі
ә) доңғалақтар, жұлдызшалар, диаметр,
б) жұлдызшалар, доңғалақтар, тегершектер в) доңғалақтар, тегершектер, диаметрлер
3. Металдар нешеге бөлінеді?
а) 1
ә) 2
б) 3
в) 4
4. Жұқа металды түзету үшін қолданылатын соққы құралы.
а) слесарлық балға
ә) қыспақ
б) ағаш балға
в) төс
5. Машина жасауда қолданылатын болат түрі.
а) арнайы мақсаттағы болат
ә) конструкциялық болат
б) құрылыс болаты
в) құрал - саймандық болат
6. Қысым арқылы өңдеуге және пісіруге келмейтін металл.
а) болат ә) шойын б) мыс в) мырыш
7. Әсемдік бұйымдар жасайтын шебер.
а) ұста ә) зергер б) ісмер в) шебер
8. Ыдыс - аяқ жасауда кеңінен қолданылатын металл түрі.
а) шойын
ә) алюминий
б) мыс
в) қалайы
9. Болатты қалай алады?
а) мыстан балқыту арқылы
ә) мұнайдан алады
б) шойыннан балқыту арқылы
в) түсті металдан балқыту арқылы
10. Қысымға төзімді, оңай өңделетін металл.
а) платина ә) болат б) шойын в) түсті металл

5 сыныпқа Тақырып: Ағаш өңдеу технологиясы.
11. Ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысатын кәсіп.
а) зергер ә) орманшы б) тігінші в) балташы
12. Сүргі пышағы табанынан қандай мөлшерде шығады?
а) 0, 3 - 0, 5
ә) 0, 1 - 0, 3
б) 0, 2 - 0, 5
в) 0, 5 - 0, 7 мм
13. Жазық ағаш бетін неғұрлым дәлірек өңдейтін құрал.
а) шерхебел
ә) рубанок
б) фуганок
в) балта
14. Ағаш өңдеу станогында (СТД) қолданылатын өлшеу құралдары.
а) сызғыш
ә) бұрыштық
б) микрометр
в) штанген циркуль
15. Ағашты белгілі бір бұрыш жасап кесуге арналған көмекші құрал.
а) бұрыштық
ә) жақтаулы ара
б) қол ара
в) стусло
16. Ағаш материалын қисық сызық бойынша кесуге арналған ара.
а) қол ара
ә) жақтаулы ара
б) бойлай кесетін ара
в) көлденең кесетін ара
17. Жапырақты ағаштарға жатады.
а) қайың, шырша
ә) терек, қарағай
б) үйеңкі, жөке
в) терек, самырсын
18. Графикалық сызбалардағы өлшемдер.
а) микрометр ә) милиметр б) сантиметр в) метр
19. Ара төсемі кесу барысында қысып қалмас үшін не істейді?
а) ара тістері ажыратылады
ә) ара тістері жұлынады
б) ара тістері қайралады
в) ара тістері тазаланады
20. Сызбада осьтік және орталық сызықтар қалай белгіленеді?
а) жіңішке тұтас сызық
ә) штрих сызық
б) штрих - пунктир сызығы
в) тұтас жіңішке сызық
21. Ағаш өңдейтін үстел не үшін қажет?
а) жұмыс жасауға
ә) жазуға
б) сызба сызуға
в) құрал - саймандар үшін
22. Ағашты қандай құралмен көркемдеп ояды?
а) қашау, пышақ
ә) сүргі, пышақ
б) қашау, сүргі
в) балға, қашау
23. Шығармашылық жоба дегеніміз не?
а) бақылау жұмысы
ә) тестік сұрақтар
б) сарамандық жұмыс
в) өзіндік жұмыс

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
32 278
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Технология сабағынан тест жинағы
Технология сабағынан тест жинағы
Технология пәні бойынша ұсынылып отырған бұл көмекші құралда оқушылардың білім сапасы мен деңгейін тексеруге маңызы зор.
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары 7 онд.+3 бірл.* 7 онд. 5 онд.+6 бірл. * 6 бірл. 9 онд.+6 бірл. * 9 онд.+8 бірл. 4 онд.+3 бірл. * 5 онд.+3 бірл 6 онд.+4 бірл. * 5 онд.+ 9 бірл.
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен 5 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Ағылшын тілі пәнінен 1-3 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар
Ағылшын тілі пәнінен 1-3 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар
Ағылшын тілі пәнінен 1-3 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×