Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Технология сабағынан тест жинағы

19 қыркүйек 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Технология сабағынан тест жинағы
Алғы сөз
Технология пәні бойынша ұсынылып отырған бұл көмекші құралда оқушылардың білім сапасы мен деңгейін тексеруге маңызы зор.
Тест сұрақтары арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемділігі мен дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кездерде шығармашылықпен қолдана білуге, машықтандыру көзделеді. Оқушылардың жалпы дүниетанымын кеңейту мақсаты жүзеге асады.
Тест тапсырмаларының мазмұны оқушыларға технология пәнінен алған білім, білік дағдыларын тексереді.

5 сынып: Машинатану элементтері. Конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы.
1. Беріліс механизмдері қандай берілістерден тұрады?
а) тісті, үйкелісті, қайысты, тоғынды, шынжырлы ә) қысымды, рейкалы, үйкелісті, шынжырлы, тоғынды б) күш, қозғалтқыш, қайысты, тоғынды, шынжырлы в) ілініс, карданды, қайысты, тоғынды, шынжырлы
2. Механизмнің буыны деген не?
а) жұлдызшалар, диаметр, айналу жиілігі ә) доңғалақтар, жұлдызшалар, диаметр, б) жұлдызшалар, доңғалақтар, тегершектер в) доңғалақтар, тегершектер, диаметрлер
3. Металдар нешеге бөлінеді?
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
4. Жұқа металды түзету үшін қолданылатын соққы құралы.
а) слесарлық балға ә) қыспақ б) ағаш балға в) төс
5. Машина жасауда қолданылатын болат түрі.
а) арнайы мақсаттағы болат ә) конструкциялық болат б) құрылыс болаты в) құрал - саймандық болат
6. Қысым арқылы өңдеуге және пісіруге келмейтін металл.
а) болат ә) шойын б) мыс в) мырыш
7. Әсемдік бұйымдар жасайтын шебер.
а) ұста ә) зергер б) ісмер в) шебер
8. Ыдыс - аяқ жасауда кеңінен қолданылатын металл түрі.
а) шойын ә) алюминий б) мыс в) қалайы
9. Болатты қалай алады?
а) мыстан балқыту арқылы ә) мұнайдан алады б) шойыннан балқыту арқылы в) түсті металдан балқыту арқылы
10. Қысымға төзімді, оңай өңделетін металл.
а) платина ә) болат б) шойын в) түсті металл

Ағаш өңдеу технологиясы.
11. Ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысатын кәсіп.
а) зергер ә) орманшы б) тігінші в) балташы
12. Сүргі пышағы табанынан қандай мөлшерде шығады?
а) 0, 3 - 0, 5 ә) 0, 1 - 0, 3 б) 0, 2 - 0, 5 в) 0, 5 - 0, 7 мм
13. Жазық ағаш бетін неғұрлым дәлірек өңдейтін құрал.
а) шерхебел ә) рубанок б) фуганок в) балта
14. Ағаш өңдеу станогында (СТД) қолданылатын өлшеу құралдары.
а) сызғыш ә) бұрыштық б) микрометр в) штанген циркуль
15. Ағашты белгілі бір бұрыш жасап кесуге арналған көмекші құрал.
а) бұрыштық ә) жақтаулы ара б) қол ара в) стусло
16. Ағаш материалын қисық сызық бойынша кесуге арналған ара.
а) қол ара ә) жақтаулы ара б) бойлай кесетін ара в) көлденең кесетін ара
17. Жапырақты ағаштарға жатады.
а) қайың, шырша ә) терек, қарағай б) үйеңкі, жөке в) терек, самырсын
18. Графикалық сызбалардағы өлшемдер.
а) микрометр ә) милиметр б) сантиметр в) метр
19. Ара төсемі кесу барысында қысып қалмас үшін не істейді?
а) ара тістері ажыратылады ә) ара тістері жұлынады б) ара тістері қайралады в) ара тістері тазаланады
20. Сызбада осьтік және орталық сызықтар қалай белгіленеді?
а) жіңішке тұтас сызық ә) штрих сызық б) штрих - пунктир сызығы в) тұтас жіңішке сызық
21. Ағаш өңдейтін үстел не үшін қажет?
а) жұмыс жасауға ә) жазуға б) сызба сызуға в) құрал - саймандар үшін
22. Ағашты қандай құралмен көркемдеп ояды?
а) қашау, пышақ ә) сүргі, пышақ б) қашау, сүргі в) балға, қашау
23. Шығармашылық жоба дегеніміз не?
а) бақылау жұмысы ә) тестік сұрақтар б) сарамандық жұмыс в) өзіндік жұмыс

Электротехникалық жұмыстар.
24. Ток өткізбейтін заттар.
а) ағаш ә) мыс б) су в) алюминий
25. Электр құрал - саймандарының саптары ағаштан, пластмассадан жасалады?
а) ұстауға ыңғайлы болу үшін ә) әсемдік үшін б) ток өткізбес үшін в) мықтылық үшін
26. Электр энергиясы қандай қондырғыларды механикалық қозғалысқа келтіреді?
а) автомобиль ә) теледидар б) СТД станогы в) жарық шамы
27. Электр жұмыстарымен айналысатын мамандықтар.
а) лаборант ә) токарь б) монтер в) жүргізуші
29. Тұрмысқа электр энергиясын қабылдап және оны түрлендірушілер.
а) электр тұтынушылар ә) электр қозғалтқыштар б) электр шамдары в) генераторлар
30. Қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады?
а) 4 ә) 2 б) 5 в) 3
Ауыл шаруашылық техникасы мен технологиясы.
31. Минералдық тыңайтқыштарды қайда әзірлейді?
а) үйде ә) заводта б) далада в) егістікте
32. Органикалық тыңайтқыштарға жатады.
а) калий, қарашірік ә) азот, фосфор б) азот, күл в) көң, қарашірік
33. Топыраққа шашылған органикалық тыңайтқыштың әсер ету мерзімі.
а) 1 - 2 ә) 3 - 4 б) 4 - 5 в) 5 - 6
34. Пайдасы көл - көсір түлік.
а) түйе ә) жылқы б) сиыр в) қой
35. Шығанақ Берсеев өсірген астық дақылының түрі.
а) арпа ә) тары б) бидай в) күріш
36. Гүлдерді көбейтудің қандай әдістерін білесің?
а) дәннен, өнімнен ә) көшетпен, гүлімен б) тамырдан, тозаңданудан
в) дәннен, вегетативтік жолымен
37. Жерді тыңайту үшін үй жағдайында не себуге болады?
а) әктің қалдығы мен ағаштың күлі ә) ағаштың күлі мен көмір шлагы б) ағаштың күлі мен қоқыстарды в) әктің қалдығы мен көмір шлагы
38. Тыңайтқыштар қалай енгізілуі керек?
а) жоспар бойынша ә) тәжірибе бойынша б) ережені сақтап в) мақсатты түрде
39. Минералдық тыңайтқыштарға жатады
а) азот ә) фосфор б) калий в) барлығы дұрыс
40. Терең жыртуды не үшін жүргізеді?
а) тыңайтқыш себу ә) ылғалдандыру б) арамшөптерді құрту
в) ауа кіруі үшін
Технология сабағынан тест жинағы. жүктеу
4 491
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбекті қорғау және өндірістік экология - пәнінен тест жұмыстарының жинағы
Еңбекті қорғау және өндірістік экология - пәнінен тест жұмыстарының жинағы
Еңбекті қорғау және өндірістік экология - пәнінен тест жұмыстарының жинағы
Тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған
Тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған
Алғы сөз Бұл тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған. Әр модульдан кейінгі нәтиже сабақтарына қосымша. Тест 7 - сыныбының ХХІІІ модуліне екі нұсқадан тұрады: грамматикалық тестер, тақырыптық тестер, лексикалық тестер. Тест сұрақтары
Технология пәнінен 5 - 9 сыныпқа арналған тест жинағы
Технология пәнінен 5 - 9 сыныпқа арналған тест жинағы
ШҚО, Үржар ауданы, Қаратал орта мектебінде технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі Жунусов Марат Садырбайұлы
Алғашқы функция және интеграл (тест)
Алғашқы функция және интеграл (тест)
Тоқыжанова Шолпан Қасымқызы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы С. Ғаббасов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі
Билология сабағынан тест сұрақтары
Билология сабағынан тест сұрақтары
Билология сабағынан тест сұрақтары мен жауаптары (жүктеу тегін!)
Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету
Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету
ШҚО, Семей, Новобаженово ауылы, сызу және сурет пәнінің мұғалімі Жанысбаева Алмагул Адильхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×