Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй печенесі

05 тамыз 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Қызыл - төбе елді мекені, №2 орта мектебі
Технология пәнінің мұғалімі
Утегенова Жибек Жаналиевна

Сабақтың тақырыбы: «Үй печенесі»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділік, біліктілік іс - тәжірибесімен ұштастыра отырып, толық мағлұмат беру. Тағамдардың ерекшелігі мен құндылығын білуге, үй печенесі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: жеке тапсырмаларды орындау барысында технологияның ретін, талаптарын орындау, оқушылар шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: жаңашылдыққа, әдемілікке, дастарқанды әзірлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға, эстетикалық талғамға баулу, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыда ойлау, ынтымақтастықта оқыту, түсіндірмелі сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, сурет, журналдар, дастарқан жабдықтары, т. б.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, әдебиет, алгебра, геометрия.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма

1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа қатынасын анықтау.

2. Ұннан жасалған кондитер тағамдарын әзірлеу үшін бір - бірінен рецептурасы, консистенциясы және дайындау тәсілі бойынша ерекшеленетін қамырдың әр түрлісі пайдаланылады. Консистенциясы жағынан қамыр сұйық, дайындау тәсілі бойынша ашытқылы және тұщы болады. Ашытқылы және тұщы қамырлар рецептурасына байланысты тоқаштық және тоқаштық емес болып бөлінеді. Тұщы қамыр үгілмелі, қаттамалы, бисквитті болады. Тағамның әр түрі үшін қамыр белгілі бір рецепт бойынша иленеді.
Үгілмелі қамыр илеуді, жасауды, печенье үлгілерін жасауды және пісіруді үйрету.
Ыдыс - аяқ, құрал - жабдықтар: тостақ, ас қасығы, ас тақтайшасы, металл қалыптар, тәрелкелер, пышақ.
Азық - түлік: ұн - 2, 5 стақан, құмшекер - 1стақан, сары май - 100 г, жұмыртқа 2 дана, тұз, сода.

Сабақты бекіту. Үй печенесі туралы нені үйрендіңдер?
Үйге тапсырма: «Үй печенесін әзірлеу»
4 265
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту, бөлу кестесін пысықтау
Көбейту, бөлу кестесін пысықтау
Өткен сабақтарды пысықтау тапсырмаларын орындау. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, есте сақтау дағдысын қалыптастырып, сыни ойлауға үйрену.
Сүт және сүт өнімдері
Сүт және сүт өнімдері
Қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсінік беру
Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру
Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе елді мекені, №2 орта мектебінің Технология пәні мұғалімі Утегенова Жибек Жаналиевна
Тоқыма айқаспаның түрлері
Тоқыма айқаспаның түрлері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Қызыл - төбе елді мекені, №2 орта мектебі Технология пәнінің мұғалімі Утегенова Жибек Жаналиевна
Бисермен жұмыс
Бисермен жұмыс
Шығыс Қазақстан облысы, Катон - Қарағай ауданы Аққайнар ауылы, Чернова орта мектебінің технология пәні мұғалімі Абенева Ақнұр
Дизайн
Дизайн
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Нұржан Ертореұлы Балов Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға дизайн жөнінде мағлұмат бере отырып, бұйымның жаңа үлгісін дайындауға үйрету; ә) тәрбиелік: қарапайым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×