Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Крейзи вул

20 тамыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Қарасаз ауылындағы өнер мектебі
Сәндік қолданбалы өнер сыныбының
оқытушысы: Түзелбаева Арай

Крейзи вул
Шеберлік сабағы
Мақсаты:
1. «Крейзи вул» туралы түсінік беру және оны шығармашылықта пайдалануға бейімдеу;
2. «Крейзи вул» жасалу жолдарын меңгерте отырып, ұлттық өнерімізбен ұштастыру;
3. Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке баулу, дарындық қабілетін көркейтуге тәрбиелеу.
Міндеті:
Мектеп оқушыларына крейзи вул әдісін қалыптастырудың теориялық негізін анықтау;
«Крейзи вул» өнерінің мазмұнын ашу;
- «Крейзи вул» әдісін өмірде қолдануды ұйымдастыру.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Балалар әлемді бейнелейді» Первый казахстанский клуб.
ЮНЕСКО
2. Интернет сайдтары4. www. ivd. ru. интернеттік сайт /Своими руками * техника крейзи вул*/
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Интерактивті тақтамен жұмыс, баяндау, көрсету, сарамандық жұмыс

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Мақсат қою
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіре отырып, сарамандық жұмыс жасату
ІV. Материалды түсінгенін тексеру
V. Қорытынды
VI. Үйге тапсырма беру
Мақсат қою. Крейзи вул - көркем кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнері салаларын қамти отырып, ұлттық дүниетаныммен байланыстырып қана қоймай баланың ой - өрісін еркін жетілдіретін әдістің бірі.

Крейзи вул әдісінің шығу тарихы:
Крейзи - вул әдісі - қазіргі заманғы дизайн әлеміндегі ең қарқынды дамып келе жатқан өнердің түрі. Бұл ерекше әдістің авторы - Жаннет Кнаке. «Крейзи вул» сөзі ағылшын тілінен аударғанда - «сумашедшая нить» - шатасқан жіп немесе шытырман жіп деген мағынаны береді. Бұл өнер ХХІ ғасырдың ішінде 2010 жылдары Америка, Европа елдерінде дамыған өнердің бірі. Крейзи вул әдісімен ең ерекше туындыларды жасауға болады. Оның ерекшелігі жіптерді өз фантазияңмен әрлеп, әсемдеуге түрлі бағытта шашыратып, жинақтауыңа болады және машина тігістерімен бекітіледі. Крейзи вул әдісімен орындалған киімдер мен жұмыстар жеңіл әрі өте айрықша көзге түседі. Аты айтып тұрғандай жіптердің сан алуан түрмен қатар матамен де басқа моншақ, лента сияқты түрлі фурнитуралық заттармен араластыруға болады.

Сізге бұл әдіспен жұмыс жасау үшін:
Қалыңдығы мен фактурасы әртүрлі түрлі – түсті жіптер
- суда еритін флизелин,
- тігін машинасы,
- машина жіптері
- ілмек біз бен тоқыма бізі

Сарамандық жұмыс:
1. Суда еритін флизелинді аламыз.
2. Флизелиннің бетіне түрлі бағытта жіптерді қоямыз.
3. Жіптерді лакпен қатырамыз
4. Флизелинді бетіне жабамыз
5. Тор көз жолдармен көктейміз
6. Тігін машинасымен тігістер жүргіземіз.
7. Флизелинді ағып тұрған салқын суда ұстап жуамыз.
8. Дайын болған бұйымды кептіреміз

Материалды түсінгенін тексеру:
Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып, олардың шығармашылығын шыңдай келе, жасаған жұмыстары арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін көріп, бағалауымызға болады.

Қорытынды:
Сарамандық жұмысы арқылы оқушының түсінігін бағалау
Үйге тапсырма беру
Крейзи вул әдісімен түрлі жұмыстар жасау.
Назарларыңызға көп рахмет!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 980
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кескіндеме пәні бойынша оқыту бағдарламасы
Кескіндеме пәні бойынша оқыту бағдарламасы
Бағдарламада оқу мен білім алу деңгейлеріне қарай, оқушының жас ерекшеліктері ескеріле келе, кескіндеме пәнінен көркемдік білімдерін жетілдіре келе, әлем мәдениетін танып білуге, тұлғаның әлеуметтік, мәдени және кәсіптік анықталуына, өз
Сурет пәні бойынша оқыту бағдарламасы
Сурет пәні бойынша оқыту бағдарламасы
Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнер мектептерінде көркем эстетикалық бағыттағы сурет пәні бойынша авторлық қосымша білім беру оқу бағдарламасы білім мазмұнын, білімді игерудегі қажеттілікпен қатар, сурет салу шеберліктерін арттырып олардың
Салынбалы жағалар
Салынбалы жағалар
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Былғарымен жұмыс
Былғарымен жұмыс
Өміржанов Сәрсенбек Қаукенұлы № 7 мектеп, Рудный қаласы
Сәндік қолданбалық өнер
Сәндік қолданбалық өнер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия Технология пәнінің мұғалімі: Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×