Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қол тігісі жұмыстарының орындалу технологиясы (бүгіп көктеу қадау)

02 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы.
№ 20 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі
Айталиева Венера Өмірханқызы

Технология 5 сынып
Күнделікті сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қол тігісі жұмыстарының орындалу технологиясы (бүгіп көктеу қадау)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қол тігістер туралы мәлімет беру, тігістерді айыра білуге үйрету
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, ойлау, есте сақтау, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамытуы
Тәрбиелік: эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу, адамгершілік қарым қатынасқа тәрбиелеу, бір біріне көмекке келуге, адамдардың еңбегін сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жана сабақ
Оқыту әдісі: түсіндіру, бейнелеу
Сабақтың көрнекіліктер: тігістердің түрлері
Құрал - жабдықтар: қайшы, ине, жіп
Пәнаралық байланыс: сызу, математика

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткен сабақты қайталау
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Кіріспе инструктаж
V. Сарамандық жұмыс
VI. Бекіту
VII. Жұмыс орнын жинақтау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендей, психолого - педагогикалық дем беру: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін біз үшін ерекше күн! Мен сендерге сенемін, сендер жақсы нәтиже көрсетесіңдер!
Өткен сабақты қайталау. Жаңа сабақтың өтілу жоспары:
1) Қол жұмысына қажетті құрал - жабдықтармен таныстыру.
2) Қол тігісінде сақталатын қауіпсіздік ережесін «Ойлан тап» ойыны арқылы оқушыларға шешкізу.
3) Қол тігісінің терминологиялық түсіндірмесі.
4) Қол тігісінің түрлері.
а) Көктеу тігісі
ә) Тізбек тігістер
б) Шет тігістер:
1 Қыздар өткен тақырыпта қандай тігісті үйрендік?
2. Cендер қандай тігіс түрлерін білесіңдер?
3. Тігістің түрлерін айтшы

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қол жұмысы кезінде қолданатын құралдар мен құрылғылар:
Ине жоғары сапалы болаттан жасалатын, бір үші үшкір екіншісі ұшында көзі, яғни жасалуы орналасқан өзек. Ине тегіс үшкір сынбайтын қатты болуы керек. Ине ұзындығы бойынша әртүрлі өлшемде болады.
Қайшы киім бөлектерің пішуге, жіптің ұшын қиюға арналған. Қайшы дыбыссыз жабылып, ашылуы керек. Қайшының жүзі өткір болу керек.
Оймақ бұл пластмассадан болаттан жасалған зат. Оның оң қолдың ортаңғы саусағына киеді.
Сантиметрлік таспа ұзындығы 150 см тең. Матадан тігілген бұйымның бөлшектерін өлшемін алуға арналған.
Лекало бұйымның қатты қағаздан қиылып жасалған бөліктері. Матаға лекалоларды қойып, бақылау нүктелерін белгілеп шығады.
Түйрегіш бұйым бөлшектерін түйреу, көктеу кезінде, сондай-ақ бір бөлшектен сызықты екінші бөлшекке көшіру кезінде пайдаланады. Ұзындығы 3 - 4 см.
Жұмыс үстеліне қисайып немесе қатты еңкейіп отыратын болсаңдар, ол омыртқаның қисаюына, жақыннан көргіштікке, тез шаршауға алып келеді. Сондықтан жұмыс үстелінде дұрыс отырудың, жұмыс орының дұрыс ұйымдастырылуының маңызы зор.
Қол жұмыс тігіс түрлері: көктеу, бүгіп көктеу, жапсырып көктеу. Бүгін сабақта біз бүгіп көктеу тігісімен таныстырамыз. Бүгіп көктеу тігісті біз уақытша пайдаланамыз, бұйымдарды пішіп, бір-бірімен көктеуде арналған тігістер.

IV. Кіріспе инструктаж.
• Бұйымның жасалу реті: қиық шетін 1см-дей бүгіп, арасы 0, 5 см-ден түзу ине шаншымдар жасап көктеңдер
• Жұмыстың тәсілін көрсету
• Техника қауіпсіздік ережесін қайталау.
• Қателерді ескерту
1. Сарамандық жұмыс «Бүгіп көктеу»
Ағымдағы инструктаж:
• Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарын тексеру
• Жұмыс тәсілінің жалғасуымен дұрыс орындалуын бақылау
• Қателіктерді табу ж/е жою
• Сергіту сағатын өткізу
Жел еседі бетіне
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі

1. Бекіту
- Оқушылардың жұмыстарын сапасын анықтау;
- Тақырып бойынша сұрақтарды қою
- Сабақты қорытындылау: 1.Бүгін не үйрендік? Қандай тігістерді үйрендіңдер? Бүгін сабақта қол тігістерін үйрендік.
VII. Жұмыс орнын жинақтау.
6 945
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Технологиядан тақыптық жоспар
Технологиядан тақыптық жоспар
Технология пәні бойынша 5 сыныптарға тақыптық жоспар
Шеткі тігістерді орындау
Шеткі тігістерді орындау
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі Шеткі тігістерді үйрету. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін қайталау. Оқушылардың жүйелі ойлау әрі тігу дағдыларын қалыптастыру.
Қол жұмыстары, тігістерінің түрлері
Қол жұмыстары, тігістерінің түрлері
Қол тігістерінің түрлерімен таныстыру, үйрету, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру
Қол жұмысына арналған құрал - жабдықтармен танысу. Қол тігістерінің түрлерін орындау
Қол жұмысына арналған құрал - жабдықтармен танысу. Қол тігістерінің түрлерін орындау
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі Базарова Рая Кәкіқызы
Өнер іздеген өсер!
Өнер іздеген өсер!
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің технология пәні мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Әйелдер белдемшесін өңдеу. Пішілген бөліктерді тігуге дайындау. Майда бөлшектерді өңдеу
Әйелдер белдемшесін өңдеу. Пішілген бөліктерді тігуге дайындау. Майда бөлшектерді өңдеу
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжі тігін технологиясы пәні мұғалімі Саркеева Ғазиза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×