Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қондырма жеңді, жағалы әйел жейдесінің конструкциясын жасау

06 ақпан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Бағдарлама тақырыбы: Қондырма жеңді, жағалы әйел жейдесінің конструкциясын жасау.

Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі материалдардан қондырма жеңді, жағалы әйел жейдесінің конструкциясын жасау, пішу.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға әйел жейдесінің түрлерімен таныстыру, конструкциясын жасауға үйрету. Берілген білімдерін практика жүзінде іске асыру.
2. Дамытушылық: Әр оқушының логикалық ой – дербестігін дамыту, кәсіби дайындығын айқындау.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбірлікке, сыйласуға, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Меңгерген білімін өмірге үйлесімді пайдалануға жол ашу.

Сабақтың түрі: Аралас.
Негізделген технология: Тірек сызба, топшамалар.

Көрнекілік құралдар: Үлгілер, мультимедиялық тақта, нұсқау карталар, оқушылардың жеке құралдары, шеберхана жабдықтары.
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, Модельдеу, Мататану, Жабдықтау.

I. Ұйымдастыру бөлімі 3 – 5 мин.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Кіріспе бөлім.
1. Үй тапсырмасын тексеру (Өздерінің өлшемдерімен алдыңғы бой мен артқы бойды құрастыру, бір тігісті жең құрастыру, жейде суретін салып келу).

2. Өткен сабақты қайталау (Слайдтта көрсетілген батырма сандардың астындағы жасырын сұрақтарды таңдап, оқушылар жауап береді).
1. Еңсе (осанка) түрлерін ата.
2. Долихоморфный тип қандай болады?
3. Жейде конструкциясында АоУ нүктесін қалай табасың?
4. О – обхват пен С – полуобхват белгілерінің айырмашылығы.
5. Шг2 қалай өлшенеді?
6. Жейде конструкциясында П1 нүктесін қалай табасың?
7. Жейде құрастыруға қандай қосымшалар қолданылады?
8. Шг2 өлшемі Шс өлшемінен кем болса қандай еңсеге жатады?
9. Қандай өлшемдер екіге бөлінеді?
10. Рубинцевті тип қандай болады?
11. Дтс қалай өлшенеді?
12. Жейде конструкциясын құрастыруға қандай өлшемдер қолданылады?
Сг3 Дтп Вс Впрсз Дбр Оп

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
Оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Әр түрлі материалдардан қондырма жеңді, жағалы әйел жейдесін конструкциялау, модельдеу және пішу.
Бәрімізге белгілі жейделердің әр түрлі маталардан өңделген модельдері болады.
(Мақта мата, зығыр, жібек, крепдешин, шифон, мақпал, жасанды жібек және т. б )

Модель - жейденің конструкциялық негізін модельдеу арқасында пайда болады.
Мысалы: Жейденің алдыңғы бойы мен артқы бойларында әр түрлі бүкпелермен, бедер тігістерімен, иініштермен және күлтелермен безендіріліп өңделеді. Әр түрлі стильді (классикалық, романтикалық, спорттық т. б), әр түрлі силуэтті (тік, трапеция, доғал, қынамалы, жартылай қынамалы және т.. б.) болады және олар әр түрлі жеңді: ұзын жеңді, қысқа жеңді, реглан жең, тұтас пішілген жең және жең
ауыздары әр түрлі безендірілген болып келеді (желбіршекпен, шілтермен, қаттамамен, жиекпен) немесе жеңсіз де жейделер болады. Жағаларға келетін болсақ модельге байланысты тік жаға, қондырма жаға, апаш, шәлі, тіктемесі бар қайырма жаға және т.. б. Жейделер жағасыз да болады, мойын ойындысы әдіппен өңделеді және әр түрлі безендіріледі (желбіршек, шілтер), сонымен бірге жейдені безендіруге әр түрлі қосымша материалдармен (ызба – жиектер, шілтерлер, моншақтар, тастар, сумоншақтар)

Осылардың ішіндегі бірнеше түрін бүгінгі сабақта жейде негізін модельдейміз.
1. Бүкпелерді көшіру арқылы.
2. Бедер қиығын шығару арқылы.
3. Күлтелеу арқылы.

Бұйым түрлерін модельдеу үшін алдымен, алдыңғы бой мен артқы бойдың негізгі сызбасын құрастырып сызып аламыз.
Егер жейде моделін алатын болсақ, онда сызбаның алдыңғы және артқы бойының кеуде бөлігін аламыз.

1. Бүкпе көшіру жейденің негізгі конструкциясын қалаған жерден (иық, бүйір, орта және астыңғы қиықтарынан, қолтық ойындысымен мойын ойындысынан) бүкпенің орнын табуға болады. Бірақ бүкпені көшіргенде ені (тереңдігі) өзгертілмейді және бүкпенің бағыты әр дайым кеуде томпақтығының ортасына келу керек.

Бүкпе көшірудің үш тәсілі бар: графикалық, макетті, шаблонды және лекало бұру әдісі, біздер осылардың шаблонды түрімен жұмыстанамыз. Бүкпені таңдаймыз. Қиықтан бүкпе ұшына дейін сызамыз.
Сызықтың бойымен қию, ескі бүкпені жауып жаңадан сызылған жаңа бүкпені ашу.

2. Бедер қиығы. Егер модель бойынша бедер немесе иініш қиығын табу болса, ең бастысы бедер қиығының немесе иініш қиығының кеуде бүкпесімен қиылысу жерін анықтаймыз.

Қиылысудың үш түрі бар:
1. Бедер немесе иініш кеуде бүкпесінің ортасымен жүреді немесе 2 см жеткізбеуге болады.
2. Бедер немесе иініш кеуде бүкпесінің ортасына 3 см жетпейді, бірақ жетпеген жері ылғалдық жылулық жұмысымен отырғызылады.
3. Бедер қиығы бүкпе ортасына 3 см ден артық жеткізбеуге болады, қалған ара қашықтықты бүкпемен немесе бүкпесінмен өңделеді.
Бедер қиығы мен иініштің айырмашылығы, иінішті жобалағанда бүкпені бірінші жабамыз сосын иінішті қиямыз. Ал бедер қиығында бүкпе ашық түрінде жасалады.

3. Күлтелеу – кең формалы үтіктелмеген қатпарлар, өңдеу барысында қиықты жиырып, бүкпе мен бедер қиықтары сияқты кеуде ортасына кеңдік беріледі. Күлтену вертикальды, горизонтальды және диогональды бола береді.

Жаңа сабақты бекіту: Тірек сызба. (Оқушылар слайдтан қате суреттерді көрсетеді).
1. «Қате бүкпені тап».
2. «Қате бедер қиығын тап».
3. «Қате күлтеленуді тап».

Оқушылар жаңа сабағымыз бойынша кімнің қандай сұрақтары бар?
Егер сұрақтарың болмаса бұйым пішуге қойылатын талаптары мен бірізділігін қайталап кетейік.
1. Матаны пішпестен бұрын декатерлейміз.
2. Матаны тексеру(дақ, тесік)
3. Матаның оң жағын анықтау.
4. Матаның оң жақтарын беттестіріп екіге бүгеміз, кромкасын өзімізге қаратып үстелге жаямыз.
5. Негізгі жібін анықтау.
6. Матаның суреттерін ескере отырып, үлкен бөлшектерді орналастырамыз (егер суреттері бір бағытта болса лекалоларды да бір жағына қаратып саламыз, егер суреттері әр түрлі бағытта болса лекалоларды да екі жаққа қаратып салуға болады, ал егер түкті мата болса, матаның түктерін төменнен жоғарыға қаратамыз), сосын арасына ұсақ лекалоларды орналастырып түйрейміз.
7. Сызатын борымыздың ені 1 мм ден аспауы керек.
8. Бірінші лекалоларды айналдырып бастырамыз, кейін екінші сызықты тігіске қалдырып сызамыз.
9. Сызылған бөлшектерді алынған өлшеммен салыстырып тексеремін.
10. Пішеміз (Матаны қию барысында қайшы мен матаны үстелден көтермей немесе орнынан қозғамай қиылады).
11. Бақылау белгілеріне 0, 3 – 0, 5 см керпе саламыз.
12. Пішім бөлшектерін тексереміз.

Өндірістік сабағына кіріспестен бұрын қауіпсіздік ережелерін қайталап жіберейік.
Топ шамадағы сұрақтар бойынша (үйлестіріледі).
1. Тігін машинасының қауіпті жерлерін ата.
2. Пішушінің жұмыс киімін сипаттап бер.
3. Үтік температурасын өзгертеді, қандай жағдайда?
4. Диэлектрикалық кілемшені не үшін және қай жерге төсейді?
5. Механик пен электриктің атқаратын жұмыстары.
6. Пішушінің қажетті құралдарын ата?
7. Машинаның инесі сынған кезде не істеу керек?
8. Үтіктің қауіпті жерлерін ата
9. Инемен жұмыс жасаған кезде не істеуге болмайды?
Инемен көздің арақашықтығы.
10. Зардап шеккендерге қандай алғашқы көмек көрсетесің?
11. Үтіктің қызғанын қалай тексересің?
12. Өрт шығудың негізгі себептерін ата.

III Ағымды нұсқау.
Оқушылар өз беттерімен жұмыстарын орындайды.

Шебердің көрсеткені бойынша өздерінің негізгі лекалоларына таңдаған модельдерінің сызбасын сызып, қияды. Лекалоларды матаға орналастырады, бастырады, сызбаларын тексереді, қияды. Пішім бөлшектерін тексереді.

Жұмыс орнын қарап өткенде:
- Жұмыс орнын ұйымдастыруын тексеру.
- Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау.
- Технологиялық процесін орындалуын бақылау.
- Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау.
- Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау.

IY Қорытынды нұсқау.

1. Оқушылардың жақсы жұмыстарын айтып көрсету.
2. Қателерді сипаттап, олардың орын алу себебіне тоқталып өту.
3. Бағаларын жариялау.
4. Шеберхананы жинастыру.

БҚО. Орал қаласы. МКҚК «Технологиялық колледж»
М. Б. Имангалиева арнайы пәндер оқытушысы
6 472
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өлшем алу. Иық бұйымының пішімін дайындау үшін конструкциясын есептеуге қажетті формулалар
Өлшем алу. Иық бұйымының пішімін дайындау үшін конструкциясын есептеуге қажетті формулалар
Түнгі көйлек туралы түсінік беру; Киімнің пайда болуы қолданылуы мен қоғамдағы рөлі туралы дұрыс түсінік қалыптасуы
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
Corel Draw бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту және практика жүзінде қолдана білуге үйрету;
Әйел шалбарын пішу. І өлшемге әзірлеу. І өлшем өткізу
Әйел шалбарын пішу. І өлшемге әзірлеу. І өлшем өткізу
Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушыларға әйел шалбарын пішу, І өлшемге дайындау және өткізу мақсатында кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, көз – дәлдіктерін дамыту.
Шеткі тігістерді орындау
Шеткі тігістерді орындау
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі Шеткі тігістерді үйрету. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін қайталау. Оқушылардың жүйелі ойлау әрі тігу дағдыларын қалыптастыру.
Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру
Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе елді мекені, №2 орта мектебінің Технология пәні мұғалімі Утегенова Жибек Жаналиевна
Иықты бұйымдар және олардың түрлері
Иықты бұйымдар және олардың түрлері
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің технология пәні мұғалімі Бұрханова Айнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×