Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дастархан мәзірі

19 ақпан 2017, Жексенбі
Категориясы: Технология
Дастархан мәзірі
Сабақтың мақсаты: Дастархан мәзірін жасауды үйрену
Білімділік: тамақтану мәдениеті бөліміндегі алған білімдерін меңгеру мақсатында дастархан сәнін келтіретін ас дайындау өнерін үйрете отырып, дастархан әзірлеу;
Дамытушылық: Күнделікті алған білімдерін практикада қолдануды арттырып, қол шеберліктерін, іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік: дастархан мәзірін жасау барысында, тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, өзара көмек беруге, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу,
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: бүктемелер, нақыл сөздер, мақал - мәтел, дастархан тағамдары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ән, бейнелеу, дүниетану.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Сабаққа әзірлігін тексеру
III. ақылдастар алқасын сайлау
IV. Кіріспе әңгіме, оқушыларды топқа бөліп, сабақ жоспарларымен таныстыру

Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтан халықтың тыныс тіршілігінен хабардар боламыз. Көшпелі тұрмыста бақша егіп, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз да этнографиялық салтына қарай дастарханның да өзіне тән ерекшелігі бар. Сол ерте заманнан бері қазақ халқы өздері баққан малдың терісін, жүнін, етін, сүтін және тары, сұлы, күріш, арпа сияқты бақша дақылдарын ретімен өз тіршілігіне пайдалана біліп, тағам жасау өнерін де жақсы игерген. Қазақ халқы үшін дастарханнан, дәмнен үлкен еш нәрсе жоқ.
Қазы, жая, омыртқа, көмбе деген,
Қуырдақ, сүр, мипалау тәтті неден?
Қарта, төстік, жая, шұжық, жаужұмырдың,
Қазағым қасиетін ерте білген.
Біздің бүгінгі сабағымыз қорытынды сабақ, оқушылар «тамақтану мәдениеті» бөлімінен алған білімдерін қорытындылау мақсатында сайыс түрінде өтпекші. Сабаққа қатысып отырған мұғалімдерден ақылдастар алқасы сайланады.

Өтілу барысы:
Топпен таныстыру
Сұрақ - жауап
Мың бір мақал
Тағамдар түріне саяхат
Өз өнерін көрсету (салат жасау)

Бүгін біздің ауылда дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылып, күй күмбірлеп,
Қош келдіңдер, халайық сергісін бой.

Болады қыздың аты затына сай,
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген,
Бос қалып, бұл өмірде жүрмеші жай.

Сайыстың I кезеңінде топ басшысы таныстырады. Топ басшысы өз тобының аты мен, мүшелерінің өнерімен, білімімен, жетістіктерімен таныстырады.
I топ – “Алтын астық” тобы
II топ – “Ақ дастархан” тобы
II кезең. Тағам түрлерінің жасау әдістеріне байланысты сұрақ - жауап.
III кезең. Қазақ тілінде «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдіріп, белгілі бір тұжырым жасауды мақал дейді. Енді топтың тіл байлығын тексеру мақсатында «Мың бір мақал сайысына кезек береміз. Мұғалім басын айтады, аяғын оқушылар жауап береді.

IV кезең. Тағамдар түріне саяхат жасау мақсатында 2 топ сайысқа жайған дастарханындағы тағамдардың барлығы қолдан жасалған тағамдар өзінің сіңімділігімен, құнарлығымен тіл үйірер әуес ас екендігін, тағамдардың қадір - қасиеті, маңызы жайында айтады.

V кезең. Өз өнерін көрсету.
Оқушылардың қалауы бойынша салат жасалады.
Сабақты бекіту.
Сонымен қыздар, бүгінгі сайыс сабағында ізденгендерің байқалды. Осындай сайыс сабақтар адамның қызығушылығын, ізденімпаздығын, бәсекелестігін арттырады. Сондықтан әруақытта үлкен ізденіс, тынымсыз еңбек, таудай талап қажет екенін есте ұстаңдар.
Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,
Салыстырып біз көрдік.
Қара қылды қақ жарып,
Әділін тек айтатын,
Ортамызда төбе би, өзіңізге сөз бердік – деп бүгінгі кешті қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Сабақтың соңында екі топқа мақтау қағазы беріледі.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№19 жалпы орта білім беретін мектептің жоғары білімді,
І санатты технология пәнінің мұғалімі
Жумагалиева Салтанат Кулымжановна
5 512
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі дастархан
Берекелі дастархан
Қазақ халқының салт - дәстүрін дәріптей отырып, дастархан басында сақталатын рәсімдер мен ырым - тыйымдармен таныстыру арқылы, ұлттық тағамдардың түрлерімен таныстыру.
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Технология пәні мұғалімі Жанар Бекбаева
Салқын және тәтті көжелерді дайындау
Салқын және тәтті көжелерді дайындау
Технология пәні мұғалімі: Бақыт Матаева
Дастархан жабдықтау
Дастархан жабдықтау
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Нан - байлықтың атасы
Нан - байлықтың атасы
Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылы, №137 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шекеркуль Картаева
Дастархан мәзірі
Дастархан мәзірі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×