Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Берекелі дастархан

08 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбиелік шараның тақырыбы: «Берекелі дастархан»
Мақсаты: Дастархан басындағы әдептілік туралы әңгімелеу арқылы үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Білімділігі: Қазақ халқының салт - дәстүрін дәріптей отырып, дастархан басында сақталатын рәсімдер мен ырым - тыйымдармен таныстыру арқылы, ұлттық тағамдардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Халықтың педагогикаға сүйене отырып, сәндік үлгідегі ою - өрнекті оқушы санасына жеткізу.
Тәрбиелігі: Оқушыны ұлттық қол – өнерді ұғына отырып, үлкенді құрметтей білуге тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру бөлімі:
Үлкенге де "Сіз",
Кішіге де "Сіз".
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу
І топ: «Береке ауылы»
ІІ топ: «Молшылық ауылы»
ІІІ топ: «Татулық ауылы»

«Ой шақыру» стратегиясы
Жүргізуші: Ауылдағы ата - әжелеріңізді сағынған боларсыздар? Ауылдан үлкендер қонаққа келеді. Ауылдан келген қонақтарды қарсы алып, төрге отырғызайық. (бір апта бұрын оқушылардың ата - әжелерін қонаққа шақырған едік)
Жүргізуші: Қазақ халқы қонақжай халық. Әрі қарай қонақтарымызға құрмет көрсетейік. Келген қонақтарымызды төрге отырғыздық... Әрі қарай, қандай құрмет көрсетілетінін білгілерің келе ме? Ендеше, жұмбақ шешіп, ата - әжелерімізге ерекшеліктерімізді көрсетіп отырайық
(тәрбие сағатының тақырыбын жұмбақ арқылы ашу)

Жұмбақ
Алға жайып тұз - дәмін, Кең пейіл де арайлы,
Келтіреді үй сәнін. Осы жерден тарайды.
Ол халқымның ақ жаны, Бұл не?
Жақсы дәстүр маржаны, Жауабы: Д а с т а р х а н
Бүгінгі тәрбиелік шарамыздың тақырыбы «БЕРЕКЕЛІ ДАСТАРХАН» болмақ. Қадірменді қонақтар, біздің сынып дайындаған берекелі дастархан басына қош келдіңіздер!
Жүру барысы (Жүргізуші тәрбиелік шараның жүру барысымен таныстырады)

І. Дастархан басындағы дәстүрлер
ІІ. «Бала тілі бал» дастархан мәзірі
ІІІ. Ырым - тыйымдар ( сұрақтың жауабын үш тілде айту )

Жаңа ақпарат: Жүргізуші: (Дастархан басындағы дәстүр туралы мәлімет береді)
Дастархан басындағы дәстүр
Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Ас ең алдымен ата - анаға, үлкен кісіге ұсынылады. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды «Құттыханның берекесі»,- деп қасиет тұтады. Дастархан дәмі - киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады,- дейді халық. Дастархан - отбасының тамақтануына, үйге келген қонаққа дәм таттыруға жайылады. Онда ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады. Ас ішу кезінде ауызды сылпылдатпай тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалықты сақтау рәсімдері орындалады. Тамақтанып болған соң ең үлкен, әрі құрметті адам асқа бата береді. Тойларда дастархан жаю - мәдениетті дәстүр болып саналады.
Қазақ халқы майлы тағамды, майлы етті жақсы көреді. Май ағзаға холестеринді көбейтеді. Қыстың ызғарлы аязына төтеп беруі үшін майлы тағамдар жеген және қосымша үнемі қымыз бен шұбат пайдаланып отырған. Қымыз бен шұбат құрамында майды ерітетін қышқылдар бар және олар тез сіңетін сұйықтық болып табылады. Сонымен қатар егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан. Бау - бақша, көкөніс, жеміс - жидек өсірмеген. Бірақ сонда да авитаминоз ауруымен ауырмаған. Өйткені, ет және сүт өнімдерін үздіксіз пайдаланған. Ол тағамдар С, Д, В, А, К, т. б дәрумендеріне өте бай болып келеді.

Жүргізуші: Рүстем, қонақтардың қолына су құйып жібере ғой.
(оқушы қолға су құйып, әрі қарай шара көрініс көрсетумен жалғасын тапты)
Көрініс: Дастархан жайылды. Рүстем үлкендердің қолына су құйды.
(оқушылар үлкендердің аузынан қолға суды құю ережесін тыңдады)
Рүстем Айдананың қолына су құйды. Айдана су қолын сілкейді.
Рүстем: - Айдана, суды сілкіп шашуға болмайды.
Қазақ халқында.«Судай араз боласың...» деген ырым бар,- деді.
- Мен ондай ырымның бар екенін білмеген едім. Кешірерсіздер!!!- деді Айдана.

Жүргізуші: «Судай араз боласың...» деген ырым бар. Балалар, су шашып ойнауға болады ма, екен?
І. «Бала тілі бал» дастархан мәзірі
Дарханның атасы Дарханға ауылдан әжесінің беріп жіберген сандықшасын ұсынады.
Ғажайып сандықша (сандықшадан жұмбақтау арқылы дастархан мәзірін жасау).

ІІ. (слайд) « Бала тілі – бал» (бейнероликте оқушы тұспалдап жеткізеді Мыс: Ол ақ, қатты. Әжем ауылдан беріп жібереді. Сүттен кептіріліп жасалады.... Ол не, балалар?...
Жауабы: ҚҰРТ; т. б «Құрт» туралы не білесің?
(Қазақтың ұлттық тағамы құрт туралы толық мәлімет беріледі)
Осылайша, бейнероликтен тұспалдап айтылған жұмбақтар арқылы дастархан басына айран, құрт, бауырсақ қойылады. Ол туралы толық мәлімет беріледі.
(қонаққа келген Ақарыс атайдың ақылы)
Ас ішу тәртібі (слайдта көрсетіліп тұрады)
Тамақты аса талғаммен, уақытылы, мезгілімен ішу керек
Тамақ ішіп отырып, теледидар қарап, кітап оқуға болмайды
Ұлттық тағамдар өте пайдалы
Тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек

ІІІ. Ырым - тыйымдар (полиглот ойыны)

1. Дастарханға бірінші нені қоямыз? НАН, ХЛЕБ, bread
2. Кім отырғанда малдың басын баласына тарту етпейді? ӘКЕ, ОТЕЦ, father
3. Балаға малдың басынан не жеуге болмайды? МИ, МОЗГ, brain

Қанатты сөздер:
а) « Тамақты тарта жесең санаңды ашар, көп жесең ұйқы басар»
ә) «Таспен атқанды аспен ат»
б) «Дүниедегі байлықтың түрі көп, солардың ішіндегі ең негізгісі нан байлығы»

Қорытынды.
1. Күбіге құйылып, піскен не? (қымыз) 5. Cөреге кептіріп, жайғаным не? (құрт)
2. Ұйытып қойып, ішкенім не? (айран) 6. Кілегей шайқап, алғаным не? (май)
3. Табаға салып, жапқаным не? (таба нан) 7. Тұзын көріп, татқаным не? (сорпа)
4. Үйтіп, қазанға асқаным не? (бас - сирақ) 8. Келіге түйіп, ақтадым не? (тары)
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Атырау облысы, Атырау қаласы
№12 Ф. Досымова атындағы орта мектебінің
бастауыш сыныптары бойынша оқу ісінің меңгерушісі:
Даулетова Айгуль Кенесовна

Берекелі дастархан. жүктеу
17 558
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Балаларға қазақ халқының қонақжайлығы ұлттық салт - дәстүрінің бірі екендігі жөнінде түсіндіре отырып, оларды қонақ күту әдебімен таныстыру, таным - түсініктерін кеңейту.
Менің қонақтарым
Менің қонақтарым
Оқушыларға «Менің қонақтарым» мәтіні жайлы мәлімет беру, жаңа сөздермен сөйлем құрауға және сөз тіркестерін құрастыруға үйрету, жаттығу жұмыстары арқылы ұғым - түсініктерін, білім дағдыларын қалыптастыру.
Ас - адамның арқауы
Ас - адамның арқауы
Мақсаты: Оқушыларды дастархан басында сақталатын салт - дәстүрмен, ырым - тиымдармен таныстыру және ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен таныстыру.
Нан - байлықтың атасы
Нан - байлықтың атасы
Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылы, №137 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шекеркуль Картаева
Қазақ халқының салты бойынша қонақ күту
Қазақ халқының салты бойынша қонақ күту
Балаларға қазақ халқының дәстүрі, тұрмысы жайында түсінік беру. Қазақ халқының киімдері және ыдыс аяқтары туралы білімдерін толықтырып қорытындылау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×