Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гальвандық элемент макеті

04 сәуір 2017, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Технология 10 сынып
Гальвандық элемент макеті
Бағыты: «Энергетика»
Аннотация: шығармашылық жобаны зерттеу гальвандық элементтер туралы толық мәлімет беруге бағытталып, бұрын қолданыста болған тұрмыстық және құрылыстық қалдық материалдарды пайдаға асыра отырып, құрастыру, дәнекерлеу және электрлік монтаждау шеберлігі өнерін үйрету.
Болжамы: технология пәнінен теориялық және практикалық алған білімдерімізді, шығармашалық жоба жасау кезінде өз бетімізше ізденіп дамыту арқылы, бойымыздағы сан - алуан қабілеттеріміз ашылады, шығармашылық ой - өрістеріміз кеңейеді, шеберлігіміз дамиды.

Жобаның мақсаты:
1. Шығармашылық жобаны орындау барысында технология пәнінен алған теориялық білімдерді практикамен ұштастыра отырып, өзінің шығармашылық әлеуетін байқап көруге, өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, жаңашылдыққа, табандылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету.

2. Қоршаған ортаны ластамайтын, «Жасыл энергия» көздерінің бірі болған, сумен жұмыс істейтін гальвандық элемент макетін дайындау арқылы армандап - қиялдауға, қиялын жүзеге асыруға баулу.

3. Бұрын қолданыста болған тұрмыстық және құрылыс қалдық заттарды қайта өңдеп, оларға екінші өмір сыйлау арқылы ысырапшылықтың алдын алуға, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға септігін тигізу.

Жобаны орындау реттілігі:
1. Шығармашылық жобаны зерттеу. (1 - сызба)
2. Іздену кезеңдері: ғаламтор, БАҚ және кітапханамен байланыста болып ақпарат жинақтау.
3. Бұйымды дайындауда пайдаланылатын материалдарды анықтау.
4. Жұмысқа қажетті құрал - саймандармен айла - бұйымдарды таңдау.
5. Жұмыс орнын ұйымдастыру және жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері.
6. Макеттің құрамдас бөліктерін ойлап, бөлшектердің өлшемдерін анықтап, эскизін дайындау.
7. Дайындауға кететін материал шығындарын және бұйымның өзіндік құнын есептеу.
8. Бұйымды дайындаудың технологиялық реттілігін зерделу, технологиялық картасын дайындау.
9. Технологиялық карта бойынша бұйымды жасау.
10. Зерттеу әдістері арқылы жобаны нақты талқылау, қорытынды жасау.
Жобаның назар аударылуы қажет құрамдас бөліктері

Кіріспе
Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында, тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады. Электр қуаты көздеріне электр стансаларындағы генераторлар, аккумулятор батареялары мен гальвандық элементтер, күн батареялары жатады. Электр стансаларында генераторлар жылу энергиясын, судың потенциалдық энергиясын, желдің кинетикалық энергиясын, іштен жану қозғалтқыштарының механикалық энергиясын, толқын энергиясын, тасқын энергиясын және жарық энергияларын электр энергиясына түрлендіреді. Генераторлар негізінен айнымалы ток өндіреді. Аккумулятор батареялары, гальвандық элементтер және күн батареялары сәйкесінше электродтар арасында жүретін химиялық реакцияларды, жарық энергиясын тұрақты электр қуатына айналдырады.

Бүгінгі таңда әлем энергетикасы жаңартуға келмейтін энергия көздерін пайдалануда. Басты энергия көзі ретінде мұнай, газ және көмірді қолдану салдарынан қоршаған орта ластануда, экологиялық жағдай нашарлауда. Сондықтан табиғатқа, адам өміріне зиянын келтірмейтіндей энергияның балама көздерін ойлап табу мәселесі әлемдік мәселелер деңгейінде қарастырылуда. Адам баласы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер анадан барлығын алуда. Оның ресурстары шексіз емес. Ертеңгі ұрпақты, қоршаған ортамызды ойлар болсақ, бәрі де бұлыңғыр екендігіне көзіміз жетіп - ақ тұр. Осы себепті әлемде үлкен үміт аталмыш энергияның балама көздеріне артылуда. Олардың дәстүрлі энергия көздерінен артықшылығы үнемі жаңарып отырылуы мен қатар табиғи таза энергия көзі болып табылуында. Табиғи ресурстардың шектеулілігі, оларды үнемдеу мен қайталама шикізаттың қолдануына итермелейді. Көптеген мемлекеттерде энергия мен шикізатты үнемдеуге үлкен күш жұмсалуда.

Қазақстанның әлемдік мұнай, газ, металл, минералды тыңайтқыштарды өндіруде үлесі едәуір болғанымен, энергетикалық және шикізат проблемалары туындауы әбден мүмкін. Сол себепті оны шешу үшін барлық мемлекеттердің атсалысуы қажет. Оны шешудің ең тиімді жолы энергияның балама көздерін пайдалану. Энергияның балама көздеріне мыналарды жатқызуға болады: күн энергиясы; жел энергиясы; тасқын энергиясы; жердің тереңдік энергиясы; биомассалар отыны; геотермальды энергия.

Мемлекетіміздің энергетика саласында энергияның балама көздерін пайдалану жөнінде жүргізіп жатқан кең көлемді шараларына, аз да болса өз үлесімді қосу мақсатында, таза сумен жұмыс істейтін галвандық элемент макетін жасауды, және оны тұрмыста пайдалануды ұйғардым.
Гальвандақ элементтің шығу тарихы

Әртүрлі металдардың өзара жанасуынан электр тогының пайда болу құбылысын, Болон университетінің (Италия, Болон қаласы) медицина профессоры, физиолог Луиджи Гальвани 1786 жылда бақамен тәжірибе өткізіп жүргенде ашқан. Ол жаңадан бөлініп алынған бақаның санына мыс ілгекті бекітіп, оны өзінің үйі орналасқан бақтағы темірден жасалған торға іліп қойды. Бірақта ешқандай атмосфералық әрекет байқалмады. Тек қана, соққан желден тербелген бақаның табаны кездейсоқ қоршаудың торына тигенде, оның бұлшық еттері кенеттен тітіркенді. Гальвани бұл тәжірибені үй ішінде қайталауды ұйғарды. Бақаның табанына темір тақтаны қойғанда, ол тағыда бұлшық еттердің жиырылғанын байқады. Гальвани бұл құбылысты "жануарлық” электрдің әсері деп ойлайды. Бақа сирағына жасалған тәжірибені физиктер, химиктер, философтар және дәрігерлер қайталап жасады.

Бұл бақыланған құбылыстың нақты себебін тек италян ғалымы Алессандро Вольтаның түсінуіне мүмкін болды. Вольта бұл құбылысты тиянақты зерттеу нәтижесінеде, бақаның табаны "жануарлық” электрдің әсерінен емес (Гальвани ойлағандай), екі түрлі металл өткізгіштердің жанасуы салдарынан одан өтетінн электр тогының әсерінен жиырылады деген тұжырым жасады. Бұл тәжірибелерде, Вольтаның көзқарасы бойынша, бақа "тіпті өте сезімтал алтын жапырақшалы электрометрден де ондаған есе сезімтал электрометр” ретінде қажет болды. Егер электр өткізгіштігі бар сұйыққа әртекті металдарды жанастыруға әрекет жасасақ, бақаны пайдаланбай - ақ сол токты алуға болады. Вольта күміс және қалайы өткізгіштердің ұштарын бір - біріне жалғап, қарама - қарсы ұштарын тіліне тигізіп, тәжірибені өзіне жасай отырып өз тұжырымын нақтылайды. Осы кезде тілінде пайда болған ащы - қышқыл дәм оның тілі арқылы токтың өткендігін білдіреді. Егерде электр көзі тілдің бұлшық еті болған болса, онда дәм металдар бірдей болған кезде де байқалған болар еді, бірақта бұл олай болмады. Вольта тәжірибені жалғастыра берді. Ол әр текті заттан жасалған екі тиынды алып, оның біреуін тілінің үстіне, екіншісін — астына қояды. Тиындарды өткізгіштермен қосқанда тағы да сондай дәмді сезеді. Ақырында, 1800 жылы Вольта бірнеше ондаған жұп дөңгелек пластина (күміс пен мырыш) алып, олардың арасына тұзды суға батырылған қалың қағаз қойып бағана сияқты тігінен қатарластыра орналастырады. Жоғарғы және төменгі пластина бағандарын өзара қосып, Вольта ең бірінші тұрақты ток көзін (Вольта бағаны) алады. Вольта бағаны тәжірибесін француз ғалымдарының алдында көрсеткен кезде Наполен Бонапартта қатысты. Тәжірибе оған қатысушыларға өте күші әсер қалдырды. Сондықтан, өзінің зерттеулеріне Вольта граф атағын алды және аймақтың Құрметті рыцары болуы таңқаларлық емес.

Күнде көріп жүрген үйреншікті ток көзі бірнеше жылғы үздіксіз жетілдіру барысында алынды. Қазіргі ток көзінің құрылымы әр түрлі. Химиялық реакция арқылы жұмыс істейтін ток көзін химиялық ток көзі деп атаймыз. Оларға гальвани элементтері (немесе жай элементтер) және аккумляторлар жатады. Гальвани элементтері (Л. Гальвани құрметіне аталған) бір реттік қолданылатын ток көзі болып табылады. Периодты зарядтай отырып, аккумляторларды бірнеше қайтара пайдалануға болады. Кез келген ток көзінде екі электрод болады — (+) оң және (–) теріс. Арнайы ертіндіге батырылған ток көзінің ішінде өтетін химиялық реакцияның әсерінен шартты түрде өткізгіштерде электродтарда әр түрлі зарядтармен белгіленген. Егер өткізгіштер арқылы ток көзіне қандай да бір электр энергиясын тұтынушы құрылғыны жалғаса, ток көзінің электр өрісінің әсерінен олардан ток өтеді. Ток көзімен өзара жалғасқан өткізгіштер және электр энергиясын тұтынушылар (шамдар, электр пеші, электр - және радиоқондырғылар) электр тізбегін құрайды. Тізбекте тұрақты ток (яғни, уақыт өтуіне байланысты өзгермейтін ток) жүруі үшін тізбек тұйықталған болуы керек. Егер де тізбек үзілсе, онда оның бойымен ток жүрмейді. Тізбектегі токты ажыратып және қосатын батырма, ажыратып - қосқыш, кілт және басқа құрылғылар жұмысы осыған негізделген.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
Рахат ауылы, № 18 орта мектеп ММ
Орындаған: Ескуватов Рамазан Мақсатұлы
Жетекшісі: Чукаев Бекгали Узакбаевич

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 984
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек (ұл балаларға арналған) 9-сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 9-сынып
Еңбектен тақырыптық-күнтізбелік жоспар (ұл балаларға арналған) 9-сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 8 – сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 8 – сынып
Еңбек тақырыптық-күнтізбелік жоспар (ұл балаларға арналған) 8 – сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 7 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 7 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 7 - сынып
Гальвандық элемент макеті
Гальвандық элемент макеті
Шығармашылық жобаны орындау барысында технология пәнінен алған теориялық білімдерді практикамен ұштастыра отырып, өзінің шығармашылық әлеуетін байқап көруге, өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, жаңашылдыққа, табандылыққа, еңбексүйгіштікке
Сыйкәделік шертер аспабы
Сыйкәделік шертер аспабы
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, № 142 орта мектептің 8 сынып оқушысы Бекназаров Ерболат. Жетекшісі: технология пәні мұғалімі Жүсіпбаев Талғат
Шығармашылық жоба жасау ерекшеліктері
Шығармашылық жоба жасау ерекшеліктері
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын, өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×