Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бисквиттік қамыр және қайнақты қамыр түрлері

18 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Технология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бисквиттік қамыр және қайнақты қамыр түрлері
Сабақтың мақсаты:
▪ Білімділік: Оқушыларды тамақ түрлерін жасай білуді үйрету, ұннан жасалатын кондитер өнімдері туралы мағлұмат беру.
▪ Тәрбиелілік: Қыз баланы үй шаруашылығына икемді болуға, ас мәзірін дайындауда тиянақтылыққа, тазалық пен ұқыптылыққа, дастарқанды әзірлеуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
▪ Дамытушылық: Оқушыларды тамақ әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға, аспаздық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, мақал мәтел, тірек сызба
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сынып оқушыларымен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Cыныпты топқа бөлу I — топ II – топ

2. Үй жұмысы:
I - кезең Өткен сабақтарды қайталау сұрақтары ”Кім жылдам?”
2 топқа бірдей сұрақтар беріледі. Оқушылар жылдам жауап беруі қажет. Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі.
1. Одан әрі өңдеуді керек ететін зат? (Шала)
2. Ашытқыны күшейту үшін ашытпалы қамырға аздап не қосу керек? ( Қант)
3. Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек? (Сортын және елегіштен өткізу)
4. Тұздық дегеніміз не?
(тұздық – жеке ұсынатын тағам емес, ол тағамның дәмін кіргізіп, хош иіс беріп, көрінісін әдемілейді)
5. Тұздықтар неше топқа бөлінеді? (екі топқа: ұн қосылған және үн қосылмаған)
6. Бисквит қамырдың құрамы? (жұмыртқа, қант, ұн)
7. Дастарқанның басты асы не? (Нан)
8. Ашытпалы қамырдан қандай нан түрлері жасалады? (Таба нан, бауырсақ)

9. Ашытпасыз қамырдан қандай нан түрлері жасалады?
(Пирог, шаг - шаг, бисквит, үгілмелі)
10. Торт қай елдің сөзі? (италян torta; испанша tortilla — нан)

II – кезең Ой толғау

1. a) Әр топтан бір оқушыдан шығып өздерінін дайындап келген тағамына сипаттама беру
б) Топтағы қалған оқушыларға тапсырма. Тамақ әзірлеу технология тарауы бойынша тірек сызба әдісін пайдалану арқылы дұрыс жауабын сызу.

3. Жаңа сабақ

Қайнақты қамырдан іші қуыс, сырты қатты қабықпен оралған пісірмелер дайындалады. Қайнақты пирожный піскен кезінде көлемін екі*үш есе үлкейтеді. Піскен пирожныйдың іші бос қуыс болады, ішін дайын салмамен толтыра беруге болады. Қайнақты қамырдың дәмі бейтарап, сондықтан тәтті немесе ащы салма салуға да болады. Қайнақты қамырдан пирожныйлар, профитроль, эклер т. б. Дайындауға болады.

Эклер (французша eclair – жылдырым) ұзын немесе түтікше пішінді, ішіне қайнатпа крем толтырылған француз десерті. Эклерді француз аспазы Мари - Антуан Карем ойлап тапқан. XIX ғасырда кеңінен тарады. Көбіне эклерді тәтті креммен толтырып, бетіне глазурь құяды.
Глазурь – қант сиропы

Профитроль
Кішкентай шариктерге ұқсас өнім. Тәтті креммен немесе көпсітілген кілегеймен толтырылған профитрольдерді шаймен ұсынуға болады.

Эклер дайындау технологиясы:
ингредиенттер
1. 1, 5 стакан су
2. 7, 5 - 100г сары май немесе маргарин
3. 0, 5 шай қасық тұз
4. 1, 5 стакан ұн
5. 4 - 5 жұмыртқа
6. Шағын кастрөлге су құйып, май немесе маргарин, тұз салып қайнағанға дейін жеткізеді
7. Кастрөлді оттан алып, ыстық сұйықтыққа біртіндеп ұн сеуіп, түйіршіктерді жойылғанға дейін араластырады
8. Кастрөлді отқа қайта қойып, кастрөл қабырғасына жабыспай біртұтас массаға айналғанша араластыра отырып жылытады
9. Қамырды біраз салқындатады, әйтпесе жұмыртқа пісіп кетеді де, өнім піскенде көтерілмей қалады.
10. Кондитерлік құйма қалтаға металл ұштық кигізіп, қамырды жұқалап майланған табаға ұзынша етіп(10 - 12см) қысып шығарады. Егер таба көбірек майланса өнімдердің асты қуырылып қалады, ал майланбаса түбіне жабысып қалады
11. 210 - 220*С – та қыздырылған қаңылтыр пештің төменгі торына табаны қойып, 10 - 15 мин пісіреді. Одан кейін 200*С - қа түсіріп, тағы 10 - 15 мин пісіреді.
Қайнақты қамырдан пісірілген пирожный жақсы көтеріліп, көлемі үлкеюі керек. Оларға тез қатты қабық пайда болу үшін, пісіру барысында беті жарылып кетпеуі үшін пеште ылғал ауа болуы керек. Ауаны циркуляция жасайтын қаңылтыр пештерде пирожныйлар жақсы болып шығады. Егер қаңылтыр пеште церкуляция болмаса, оның түп жағына қайнаған суы бар ыдыс қоюы керек. Шамамен 15 мин соң пештің ішінде ылғал жылы ауа пайда болып, дөңгелек пирожныйлардың көтерілуі жақсы қалыптасады.
Есте сақта!
1. Қайнақты қамырдан дайындалатын өнімді пісіру барысындақаңылтыр пешті ашып көруге болмайды! Қамыр отырып қалады.
2. Пешті қамыр көтеріліп, қатты қабық пайда болған соң аш!
3. Қайнақты қамырды алдын ала дайындап қоюға болмайды!
Қайнақты қамырдың сапасын анықтау
 Дайын қамыр жылтыр, қою, жұмсақ болуы керек.
 Табаға қамырды құйғанда жайылып кетпеуі керек.
 Дұрыс дайындалған қамыр табаға салғанда аздап жайылады да, пісіргенде іші кеуектеніп жақсы көтеріледі.
 Тығыз қамыр қиын көтеріледі, ал сұйық қамыр аса жайылып кетеді.

III - кезең мағынаны ашу
1. қайнақты қамыр
2. қайнақты қамырдан жасалатын пирожный
Эклердің дайындаудың технологиялық картасын сыз.
Оқушылар интерактивті тақтаға сызады.
IV – кезең Менің үш құпиям
Топ басшылар сайысы. Үш пәнді таңдап, сол таңдаған пәндерінен сұраққа жауап беру.(жұлдызша - ұпай саны1)
1. Биология
Егер тамақта не нәрсе жетпесе баланың дамуы тежейді? Ол адамдардың денсаулығын едәуір бұзады, еңбекке қабілетін нашарлатады(ақуыз)
2. Музыка
Дастарқанға байланысты қандай әндер білесің?(Қазақы дастарханым, Дастархан - ау дастархан)
3. География
Төрт түліктің киелісі – түйе малының шыққан жері?(Орта Азия, Қазақстан)
4. Бейнелеу өнері
“Дастарқан”натюрмортының авторы кім? (Айша Ғалымбаев)
5. Математика
Ертедегі ақылды әйел өз үйін, малын ұрылардан қалай аман алып қалған? ( Сапырып - сапырып - Сарманға бер,
Құйып - құйып Құрманға бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Есіктегі екеуге бер - деп аман алып қалған.

6. Әдебиет
Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз.
Елімнің социалистік сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар дәрі қымыз - деп жырлаған бір ғасырлық тарихы бар ақынымыз кім? (Ж. Жабаев)

V – кезең Мақалдың жалғасын тап
4. Үй жұмысы:
Қайнақты қамыр оқу
Қайнақты қамыр жасау
5. Бағалау: оқушылар бағаланады

Технология пәні мұғалімі: Жанисова Жазира Султанбековна
4 062
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бисквит қамырын дайындау және безендіру
Бисквит қамырын дайындау және безендіру
Бисквит қамырын дайындау және безендіру. Қауіпсіздік ережесін ұстанады. Бисквит дайындау тәсілін біледі, пісіреді.
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
Оқушыларға тамақ өнеркәсібінің құрылымы, сапасы, таралу аймақтары жөнінде білім беру.
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Технология пәні мұғалімі Жанар Бекбаева
Үй печенесі
Үй печенесі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Қызыл - төбе елді мекені, №2 орта мектебі Технология пәнінің мұғалімі Утегенова Жибек Жаналиевна
Ет тағамдары, оның құнарлығы. Сүрлеу тәсілі
Ет тағамдары, оның құнарлығы. Сүрлеу тәсілі
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Дощанова Жаңылсын Айтжанқызы
Ал, қанекей қыздар (байқау)
Ал, қанекей қыздар (байқау)
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназиясының технология пәні мұғалімі Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×