Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бисерден «Терек» жасау

05 маусым 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Бисерден «Терек» жасау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бисердің шығу тарихын, жасалу жолдарын, қолданылуын, композициялық табиғат көрінісін үйрету
Білімділік: Оқушыларға өнер және қолөнер туралы білім беру. Қолөнердің бір саласы бисер туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету. Қолөнер бұйымын жасап шығару
Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, бисер туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту. Бұйымды жаңа дизайн үлгіде көрсету.
Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын, сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу. Тиянақты деңгейін көтеруге баулу.
Көрнекілігі: Бисерден жасалған бұйымдар: білезік, картинка, т. б…..
Құрал - жабдықтар: бисер, сым, тоқыма ақ жіп, қайшы, нұсқау карта.
Пәнаралық байланыс: Тарих, математика, сызу, бейнелеу өнері, биология, география.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сарамандық жұмыс арқылы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Білімдерін тексеру немесе ой толғау.
ІY. Жаңа білімді меңгерту.
Ү. Сарамандық жұмыс.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, оқу құралдарын алып отырған орнын ретке келтіруді ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа келген, келмегені түгенделеді.
ІІ. Үй тапсырмасы: (8 - 10мин)
1. Изонит дегеніміз не?
2. Қай елде алғашқы рет қолданылды?
3. Жіппен бейнелеу үшін не қажет?
4. Жіппен бейнелеудің шығу тарихы?

Жаңа сабақ
Халқымыздың қолөнері деп, халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз.
1. Оқушылырдың бисер тоқу өнерінің шығу тарихына байланысты жинаған аңыз - әңгімелерін тыңдау.
Бисер тоқу өнері ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармаларының ішінде әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі - түсті жұмыстар жасауға, алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелер, әшекейлер тоқуға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.
Бисер тоқу өнері нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның(натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Кейбір деректер бойынша әйнектің отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс - аяқтар б. з. д ҮІ ғасырда ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ киімге таққан деседі.
Ең алғашқы «Бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң әйнек өндіруші шеберлер жан - жаққа тарап, әлемге «Бисер атауы» мәлім бола бастады. Нақ осы кезде бисерден тоқылған бұйымдар жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқкиімдер, сөмкелер т. б жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» болуы үшін мықты болып келетін жібек жіппен орындалады. Бисермен қазақтың ою - өрнектерін тұмарша, алқа, шашпау, тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, алқалар жасауға болады.
Пластмассадан, әйнектен, інжу - маржаннан жасалған түрлі - түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.
Дөңгелек
Таяқша
Сопақ
Бисермен тоқу нені талап етеді?
Оқушы: - Бисермен тоқу көп уақытты, шыдамдылықты талап етеді.
Шыны
Керамика
Хрусталь
Металл
Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Бисермен тоқу жұмысы жақсы жүру үшін құрал - саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын да ыңғайлап алу, әсіресе, ол жерде бисерді дұрыс орналастыру қажет. Ол үшін өте терең емес,(5 - 10 мм) тәрелкеге салған да жөн, не болмаса жақтаулары өте биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Сонымен қатар, жұмыс істелетін орнын жарықпен жақсы қамтамасыз ету керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10 - 15 минут үзіліс жасау қажет.
Бүгінгі сабағымызда біз бісерден тал, ақ қайың жасаймыз. Ақ қайың түралы мәлімет

Технологиялық картасы:
6 3 - 4 бұтақты біріктіріп, қалыңдау сымға жіппен орап шығу Сым, тоқыма ақ жіп
7 Дайын бұтақтарды 50 см қалың сымға жіппен орау Сым, тоқыма ақ жіп

Қауіпсіздік ережелерін қайталау.
1. Қайшымен жұмыс кезіндегі.
2. Сыммен жұмыс кезіндеі.

Сарамандық жұмыс.
Оқушыларды жұмысқа кірістіру.
Әр оқушы өздерінің әкелген сымдарымен, бисерімен өз жұмысын орындау керек. Алдымен математикаға байланысты ойын ойнайық. Ол үшін бізге 1ден 9 ға дейін санды цилиндрге жазып қоямыз. Осы сандарды араластырып қойсақ 156 саны шығу керек. Ол үшін 39 көбейтеміз 4 - ке, 78 көбейтеміз 2 - ге.
Көзге жаттығу орындату.

Сергіту сәті. Полиглот
1. Тап - тап, тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе таптырмас (ине, игла, needle)
1. Басы екеу, аяғы да екеу (қайшы, ножница, scissors)
2. Ине өткен жерден — ……… өтер (жіп, нитка, sting)
3. Әйнектен, інжу - маржаннан жасалатын түрлі - түсті ұсақ моншақты қалай атайды? (сумоншақ, бисер, beads)
4. Әшекейлі күбіні
Июлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге. (сәукеле, Saukele)
1. Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген.
Етегі желкендей
Киім еді ол нендей? (Кимешек, kimeshek)
5 минут уақыт беріледі.

Қорытынды.
Болғандарына сурет беріп, «Кім жылдам табады?» ойынын ұйымдастыру. (көзді тынықтыру)
Оқушылардың жасаған бұйымдарын тексеру, жақсы жасалған бұйымдарды атап өту, кемшіліктері болса түзету, соған қарап бағалау.
Осы еңбектің барлығын жисақ — байлық, берсек — тәуір сыйлық, сатсақ — теңге, бір сөзбен айтқанда сән - салтанат емес пе? Бұл уақыт керуенімен озған ата – бабамыздың бізге қалдырған иелік мұра – қазынасы, бай тәжіребесі, қолөнері. Байқасақ, мұнда әлеуметтік және экономикалық мәні зор исі қазақтың атакәсібі жатыр. Бабаларымыздың атамұрасын жалғастыру атакәсіпті игеру арқылы тіршілігімізді жандандыру, тұрмысымызды елмен егіздеу біздің қасиетті парызымыз деп білемін.
1. Бисер жайлы не білдік?
Түрлерін анықтай аламыз, эскиз дайындай аламыз, эскиз бойынша бисер мен жұмыс істей аламыз.
Бисермен қандай заттарды әшекейлеп тігуге болады?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау.
Бисерден «Терек» жасау жүктеу
3 997
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып; білімін жүйелеу; моншақпен білезік тоқуды үйрену. 1. Бисер тарихы мен білезік тоқудың технологиясымен таныстыру; меңгерту.
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып; білімін жүйелеу; моншақпен білезік тоқуды үйрену. 1. Бисер тарихы мен білезік тоқудың технологиясымен таныстыру; меңгерту.
Бисерден жасалатын бұйымдар
Бисерден жасалатын бұйымдар
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Жобамен сарамандық жұмыс. Көбелек тоқу
Жобамен сарамандық жұмыс. Көбелек тоқу
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Бисерден бұйым жасау
Бисерден бұйым жасау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының № 24 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жалғасбаева Перуза Тоекешқызы
Бисерден бұйымдар жасау технологиясы
Бисерден бұйымдар жасау технологиясы
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×