Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ылғалды - жылулық өңдеу құралдары

09 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Ылғалды - жылулық өңдеу құралдары

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ылғалды - жылулық өңдеу
жұмыстары туралы түсінік беру, ылғалды - жылулық
өңдеу құралдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін тұрмыста, күнделікті
өмірде қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,
ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа баулу, тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, баяндау.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
3. Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қ а й т а л а у с ұ р а қ т а р ы:
1. Ең алғаш тігін машинасының жобасын кім жасады?
2. Машинамен тоқуды ойлап тапқан кім?
3. Карл Вейзентальдың машинасы қандай, қай жылы шығарылды?
4. 1790 жылы қандай машинаға патент берілді, құрастырушы кім?
5. Тігіншіге арналған машинаны шығарған кім, қай жылы?
6. Шөлмегі бар машинаны шығарған кім, қай жылы?
7. Тігін машиналарының «әкесі» деп кімді атаған?
8. Тігін машиналарын осы заманғы күйіне жеткізген кімдер?
9. Зингер тігін машиналары қай жылдан бастап шыға бастады?
10. Подолсьскі қаласында «Зингер» фирмасы қай жылы ашылды?
11. Киімнің тігілуіне байланысты тігін машиналары қандай түрлерге бөлінеді?
12. Сырып тігетін және жартылай автоматты тігін машиналары қандай операцияларды орындайды?
13. Арнаулы тігін машиналары қандай? Машинаның жұмыс органдары қандай?
14. Машинамен жұмыс кезінде орындалу керек техникалық талаптар?

Қайталау сұрақтарының жауаптары:
1. Киім тігетін алғашқы машина жобасын ХҮ ғасырдың соңында Леонарда да Винчи ұсынды.
2. Осыдан 100 жылдан кейін, ХҮІ ғасырдың соңында ағылшын Уильям Ли әйелінің қолындағы тоқу бізінің қозғалысына мұқият зер сала отырып машинамен тоқуды ойлап тапты.
3. 1755 жылы неміс Карл Вейзенталь ортасында құлақшасы бар инемен жұмыс істейтін тігін машинасын ойлап тапты.
4. 1790 жылы ағылшын Томас Сент тәжірибеде былғары бұйымдарын оның ішінде етік тігуге пайдалануға болатын тігін машинасына патент алды.
5. 1808 жылы Т. Сенттың отандасы Д. Пири тігіншіге арналған машинаны ойлап тапты.
6. 1834 жылы американдық Уолтер Хант үшкір жағында құлақшасы бар инені және шөлмек қондырғысын ойлап тапты.
7. 1844 - 1845 жылдары американдық Элиос Хау, Уолтер Хант тігін машинасының жұмыс істеу принциптерін пайдаланып, оған жетілдірген өзгертулер енгізді. Бірқалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын жасап шығарды.
8. 1850 - 1851 жылдары американдықтар Ален Вильсон мен әсіресе Исаак Зингердің күш жігерімен тігін машинасы іс жүзінде осы заманғы күйіне жеткізілді.
9. 1850 жылдан бастап өз фирмасын ашып, Зингер тігін машиналары көптеп шығарыла бастады.
10. 1900 жылы «Зингер» фирмасы Мәскеу түбіндегі Подольск қаласынан зауыт ашып, шетелдерден әкелінген бөлшектерден тігін машиналарын құрастырды. Жылдық шығарылу саны 600 мыңға жетті.
11. Киімнің тігілуіне байланысты жалпы бағыттағы, арнаулы және жартылай автоматты болып бөлінеді.
12. Сырып тігетін машиналар бұйым бөлшектерін қайық тігімен қосуға арналған. Жартылай автоматты тігін машиналарын ілмектерді торлау, түймелерді қадау үшін қолданады.
13. Арнаулы тігін машиналары тігу жұмыстарын жасырын инешаншымдармен орындайды; бөлшектердің шетін кестелейді. 51 - А класты ПМЗ машинасы. Жұмыс органдары: ине, ілмектегіш, кеңейткіш, пышақтар, матаны жылжытатын рейка.

ІІІ Жаңа материалды меңгерту.
1 Балалар мен әйелдердің жеңіл көйлектерін әзірлеген кезде дымқыл - жылулық өңдеу едәуір орын алады және бұйымның бүкіл өңдеудің маңызы зор, ол жұмысыңның шамамен 15 - 20% - ын құрайды.
Бұйым сапасы мен оның сыртқы көрінісі көп жағдайда бұйымды тігу барысында да, сондай ақ оны ақырғы өңдеу кезінде де дымқыл - жылулық өңдеудің қалай орындалуына байланысты болды.
2 Дымқыл - жылулық өңдеу, негізінен, мына мақсатта қолданылады:
- бұйым бөлшектеріне көлемді - ауқымды пішім беру және әр түрлі тігіс түрлерін өңдеу;
- бөлшектерді желіммен қосу.
3 Тұтас дымқыл - жылулық процесс екі сатыдан тұрады:
- талшықтарды дымқылмен және жылумен жұмсарту;
- алынған пішімді дымқылмен, жылумен және қысыммен бекіту.
4 Өңдеу процестері үтіктеу, басу және булау болып үшке бөлінеді.
5 Ылғалды - жылулық өңдеу кезінде қолданылатын құралдар;

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 157
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу
Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.
Машина тігістерінің түрлерімен таныстыру
Машина тігістерінің түрлерімен таныстыру
Білімділік: машина тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып, тігістер жасау, үйрету.
Бұйымды ылғалды - жылулықпен өңдеу
Бұйымды ылғалды - жылулықпен өңдеу
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Машина тігістерінің түрлері
Машина тігістерінің түрлері
Алимбетова Ботагөз Болатқызы №197 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Қызылорда қаласы
Металдар технологиясы
Металдар технологиясы
Сабақ мақсаты металдар туралы метал өңдеу құралдары туралы түсінік беру, металмен жұмыс жасауды үйрету, оқушыларды еңбекке баулу, еңбекке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×