Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шұлық тоқу

18 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Технология
11 сынып

1. Тақырыбы: Шұлық тоқу
2. Мақсаты: Ұлттық қолөнеріміздің бір түрі тоқыма тоқу түрлерімен танысу. Шұлық тоқып үйрену.
Білімділік: қолмен тоқу өнерін жан - жақты таныстыру.
Дамытушылық: тоқыманың тұрмысқа қажеттілігі мен қазіргі өмірде алатын орнын әңгімелеу. Оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: халқымыздың асыл мұрасын бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
3. Сабақтың көрнекілігі, құрал - жабдықтар: компьютер, қайшы, жіп, ине түрлері, суреттер.

4. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру уақыты
2. Өткен тақырыпты қайталау.
3. Қауіпсіздік ережелері.

4. Жаңа сабақ
Балаларға арналған шұлық.
Балаларға арналған шұлық тоқу үшін 70 - 80 грамм жіп, №5 сым қажет. Сымға 40 шалу бастап алынады да, оны төрт сымға тепе - тең бөліп, алғашқы оң шалуды түйреуішпен белгілеп қояды. 4 - 5 см резинка әдісімен тоқыған соң одан әрі тағы 5см (тобыққа дейін) шұлықша әдісімен тоқиды.
Өкше шығару: тоқыманы екіге тең бөліп одан әрі үшінші және төртінші сымдағы шалулар ғана тоқылады. Бірінші және екінші сымдағы шалулар бір сымға өткізіліп тоқылады. Тоқыманың шетіндегі шалу саны 10 - ға жеткенде (20 қатар) оң шалулармен аяқтап, өкше шығарыла бастайды. Ол үшін сымдағы шалуларды ойша 3 - ке бөліп, яғни екі жағына 6 шалудан, ортасына 8 шалу қалдырып, шалу санын бірте - бірте кеміте беру керек.

1 - қатар (тоқыманың теріс жағы): бірінші жағынан 6 шалу тоқылады, сосын ортадағы 8 шалудың
ең соңғысынан басқасы тоқылып, соңғы шалу екінші жақтың көршілес шалуымен қосылып теріс тоқылады. Қалған 5 шалуды тоқымай, тоқыманы кері айналдырады.

2 - Қатар (тоқыманың оң жағы): шеткі шалуды сымға тартып іледі де, ортаңғы сымдағы
шалулардың ең соңғысынан басқасын тоқып шығып, соңғы шалуды бірінші жағының көршілес шалуымен қосып тоқиды. Тоқыманы кері айналдырады. Осылайша 1 - 2 қатарларды қайталап тоқи беру керек. Ақыр аяғында сымда тек ортаңғы бөліктің шалулары ғана қалады.

Шұлықтың басын шығару: бұл бөлік те №5 сыммен, оң тоқылады. Ортаңғы бөліктің шалулары тізілген сыммен өкшенің шеткі шалуларынан 10 шалу ілініп алынады. Сонан соң сыммен 1 - ші сымдағы 10 шалуды, басқа сыммен 2 - ші сымдағы 10 шалуды тоқу керек. Бұдан кейін айналдыра тоқи отырып, 3 - 4 - ші сымдағы артық шалуларды әрбір 2 - ші қатарда кеміте береді. Олардың әрқайсысында 10 шалудан қалғанда кеміту тоқтатылып, енді шұлықтың басы шығарыла бастайды. Ол үшін әр қатар сайын сымның соңғы екі шалуы біріктіріліп, теріс шалынады. Осылайша әр сымда бір - бір шалу қалғанша кемітіп, жіп үзіледі де, шалулар қатты тартып тігіледі. Жіпті ұзын ілмекпен шұлықтың іш жағына өткізіп, жасыру керек.

6. Сабақты қорытындылау, оқу білімін бағалау.
7. Үйге тапсырма: бастаған шұлықтарын аяқтап келу және ілмек инемен тоқылған шұлықтарын да бітіру.
19 226
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып; білімін жүйелеу; моншақпен білезік тоқуды үйрену. 1. Бисер тарихы мен білезік тоқудың технологиясымен таныстыру; меңгерту.
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып; білімін жүйелеу; моншақпен білезік тоқуды үйрену. 1. Бисер тарихы мен білезік тоқудың технологиясымен таныстыру; меңгерту.
Жобамен сарамандық жұмыс. Көбелек тоқу
Жобамен сарамандық жұмыс. Көбелек тоқу
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Майлық іліптоқу
Майлық іліптоқу
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі КММ Технология пәнінің мұғалімі: Қыстаубаева Гүлмира Мәмірәсілқызы
Тоқу өнері
Тоқу өнері
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы Сабақтық тақырыбы: Тоқу өнері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға тоқу өнері туралы толық мағлұмат беру; Дамытушылық: теориялық білімдерін
Өрнектеп тоқу түрлері
Өрнектеп тоқу түрлері
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×