Балақай, атың кім?
Мұғаліммін мазасыз білім десе,
Көз майымды тауысты күнім неше.
Рахат тауып қалар ем бұл шақта да,
Түні бойы дәптер қарап, кірпігім ілінбесе.
Мектептің тәрбие жұмысының мақсаты:
Ой - өрісі кең, эстетикалық талғамы жоғары, өз тарихын, мәдениетін қастерлейтін, рухани адамгершілік қарым - қатынасқа дайын, өмірлік белсенділігі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысымдағы өзекті мәселем:
«Өз елінің патриоты болу - міндетіміз».
Мақсатым:
Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Балақай, атың кім?
Бағыты.
Қоршаған ортамен байланыс орнату, көшбасшылық қабілетке тәрбиелеу.
Мұхтар Шаханов.
Мені неге Мұхтар қойған?
Айқара ашып аспанын,
Жинап барлық достары мен қастарын
Ниетімді құптар деп,
Бұл есімде ерекше бір құт бар деп,
Мына мендей перзентіне сол күні
Ат қойыпты Мұхтар деп.
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата - ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата - ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал.
Өйткені, есімдердің адам өміріне, ықпалы өте айрықша.
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата - анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды.
Егерде әке - шешесі, ата - әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата - анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет.
Сәбиге ат қоюдағы салт - дәстүр негізінен, қазақ халқында балаға ат қойғанда ата - аналардың арқа сүйейтін ең басты 15 салт - дәстүрі бар.
1. Балаға артық саусағына қарай ат қою.
Есімдері: Артық, Артықәлі, Артық - бай, Қосекен.
2. Балаға тіл - көз тимейді деген ниетпен ат қою.
Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.
3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою.
Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою.
Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т. б.
5. Бала - шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою.
Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Ұзақбай.
6. Бұрын - соңды болған қару - жарақ аттарына байланысты ат қою.
Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т. б.
7. Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою.
Есімдері: Абай, Абылай, Сәкен, Төлеби, Ыбырай т. б.
8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою.
Есімдері: Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл.
9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою.
Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Сүлеймен.
10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою.
Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал,
Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т. б
11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою.
Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек.
12. Мұрат - мақсатыма жеттім - ау деген ниетпен ат қою.
Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.
13. Соңғы балаға ат қою.
Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай.
14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою.
Есімдері: Арыстан, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т. б.
15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою.
Есімдері: Болған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, т. б.
Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі.
Есет Көтібарұлы
Республикалық «Жас Алаш» газетінде жарияланған бір мақалаға арқа сүйесек, 24 жылда 20 баланы дүниеге әкелген Қамаш апай қыз бала тоқтап, орнына ұл келсін деген ырыммен
8 қызының есімін Тоқтар деп атапты.
Мәселен, әлемдегі ең ұзын есім Үндістан азаматының еншісінде. Оның аты 1478 әріптен тұрады. Есімін толық айтып шығу үшін 10 минут уақыт керек екен.
Ал ең қызық фамилия 19 ғасырда өмір сүрген француз азаматында болған. Қызықтығы сол, оның фамилиясы – 1792, яғни тек сандардан құралған. 1792 текті сол адам өзінің төрт баласына жылдың алғашқы төрт айының атын қойған.
Нәтижесінде, балаларының толық аты – жөндері (яғни аты мен фамилиясы) – Қаңтар 1792, Ақпан 1792, Наурыз 1792 және Сәуір 1792 болып тіркелген.
Сондай - ақ, Испанияда өтетін қызықты есім иелерінің съездіне қатысушылар арасында «Екі келі күріш», «Мен картопты жақсы көремін» есімді адамдар да кездескен. Олар Үндістанның Кандмахал ауданының тұрғындары екен.
Адамның туған кезеңінің, маусымның тағдырға тигізер әсері мол.
Әріптер құпиясы
А - Ә - күш, салтанат, билік.
Б - биік сезімге биімділік, тұрақтылық.
В - тұрақсыздық, жүйеліктің жоқтығы.
Г - құпиялық, болмашыға мән берушілік, тиянақтылық.
Д - көпшілдік, ақжарқындық, кінәмшілдік.
Е - өмір сүруге бейімділік, сөзге құмарлық.
Ж - өзіне деген сенімсіздік, маңыздылық, ішкі сырына беріктік.
З - материалдық тұрғыдан қанағаттанбаушылық, жоғары сезімталдық.
И - нәзік руханилық, әсерленгіш, бейбітшіл.
К - Қ - төзімділік, күйгелектік.
Л - әртістік, ұсақшылдық, қисын, әр нәрсені ойлап табушылық.
М - қамқоршылдық, ұялшақтық, еңбексүйгіштік.
Н - шығармашылық амбиция, денсаулыққа мән берушілік, алғыр ой.
О - ерекше сезімталдық, құпия толғаныс.
П - қарапайымдылық, жалғыздық, идеяның молдығы, сыртқы түріне мән беру.
Р - өзіне деген сенімділік, үнемі шиыршық ату.
С - билікке құмартушылық, кінәмшілдік.
Т - идеал іздеушілік, сезімтал шығармашылық тұлға.
У - жараланғыш, үркектік.
Ф - жұмсақтық.
Х - заңға бағыныштық, сезімнің екіұдайлығы.
Ш - қызғаншақтық, әзілқойлық.
Ы - іспен көрінушілік.
Я - өз орнын бағалай білушілік, зиялылық, шығармашылық бейімділік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Жаңалықтар
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, өз елін, туған жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының жоспары
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан - жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Тәрбие жұмысының бастауыш сыныпқа арналған жоспары
Оқушылардың білімдерін дамыта отырып тәрбиелеу. Оқушыларды адал болуға, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Балақай, атың кім?
Қазақ салты бойынша балаға ат қою рәсімдері туралы, ат қоюдың ежелден қалыптасқан жүйесі барын түсіндіру.
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы І жарты жылдық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.