Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ

10 қараша 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ

«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата - ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс - жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат болды. «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»[1]- деді. Демек, бұл үшін еліміздің әрбір тұрғыны осы стратегиялық жоспарды жүзеге асыруға қатысатыны белгілі.

Отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата - ана, ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас жайлы мәселе – қашанда өзектілігін жоймайтын мәселе болып қала бермек. Ұстаз бен ата - ана бірікпей қоғамның саналы ұрпақ тәрбиелеуде жетістіктерге жете алмасы белгілі. Қазіргідей жан - жақтан технологиялық ақпараттар жаулаған заманда ұрпақ тәрбиесін мектеп пен мұғалімге жүктеп қойып бейқам жүрудің ертеңі өкінішке апарып соқтырмасына кім кепіл?

«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата - ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс - жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат болды. «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»[1]- деді. Демек, бұл үшін еліміздің әрбір тұрғыны осы стратегиялық жоспарды жүзеге асыруға қатысатыны белгілі.

Осы тұста мектеп мұғалімдеріне қойылатын міндет те зор болмақ. Тек бала тәрбиесімен ғана айналысып қоймайтын мектеп ұстаздары ата - анамен де жұмысты қатар алып жүретіні белгілі.
Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлінген емес. Сондықтан оның іс - әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.

Ал, бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. «Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата - аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата - ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата - анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу - тәрбие үрдісінің не табысты, не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін қалыптастырады» [2, 12] - деп атап көрсетілгеніне қарап, отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы екенін түсінуіміз қажет.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді. Ал бұл ынтымақтастың орнауы әрине, сынып жетекшісіне байланысты. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысады, сонымен қатар ата - аналармен жасалатын жұмысты да осы педагог атқарады.

К. Ж. Қожахметова өз еңбегінде: «Халық даналығының ережелері, адамның әрекеттері мен қызметтерін оның мәртебесіне сәйкес: ата, әже, әке, ана, ұл, қыз, күйеу бала, келін деп реттеп қана қоймайды, сонымен бірге халық даналығының өсиеттерінде, әрбір рөлдің қызметі мен терең идеялық мағынасы сақталады» - деп атап көрсеткен [3, 145]. Иә, шынымен де, отбасындағы осы әрбір рөлдің қызметі мен маңызы зор. Бала тәрбиесі үшін әрқайсысының қатысы ерекше. Осы мәселелерді саналы меңгерген ұстаздар қауымы ғана, халық даналығының ережелерін білетін мұғалім ғана ұрпақ тәрбиелеуде, ата - анамен жұмыс жасауда жетістіктерге жетері сөзсіз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 891
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек. Өмірге келген әрбір бақытты болуы тиіс. Бұл баланың басты - құқығы.
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Ата – аналарға рухани – адамгершілік білім жайлы түсінік беру.
Мәңгілік елдің ұрпағы - біздің болашағымыз
Мәңгілік елдің ұрпағы - біздің болашағымыз
«Мәңгілік Ел» жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі арманы болатын. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән - мағынасын ұғындыру, баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер
Тәрбие отбасынан басталады (баяндама)
Тәрбие отбасынан басталады (баяндама)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×