Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерлік өнегесі - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу құралы

29 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ерлік өнегесі - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу құралы
Қазақстан тәуелсіздік алып, өз еңсесін көтергелі бері 20 жылдан астам уақыт болды. 20 жыл біреуге аз, біреуге көп. Ол жылы дүниеге келген сәбилер бүгінгі күнде 20 жасқа шыққан, елдің ертегін ойлар азаматтар болды. Осы тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмегенін бүкіл адамзат біледі. Жоңғар шапқыншылығына ұшырағанда да, Ресейдің қарамағына іліккенде де, бүкіл дүниені дүр сілкіндірген II дүниежүзілік соғыс кезінде де, тоқырау жылдарына тап келгенде де Қазақ елі ешқашан еңсесін түсіріп, жер бетінен жойылып кеткен емес. Оның бірден бір себебі – қазақтың киелі топырағында анадан туған алыптардың өз ұлты үшін, Қазақстанның өз алдына бөлек мемлекет болуы үшін жан пида болуы еді. Мұндай намыс оты кеудесін өртеген азаматтар қазақта аз емес. Оларды елі ешқашан ұмытқан емес, ұмытпайды да.

Қазақстан тарихы өте ертеден басталады. Бүгінде аңызға айналған батырлар жырының кейіпкерлері Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Қамбар батырлар қазақтың өр рухты, жігерлі ұлт болғанын айғақтай түседі. Олардың елі үшін жауға қарсы жалғыз шабуы да елін сүйгендіктен деп кім айтпайды?! Одан бермен Қазақстанның Ресей қарамағына кіріп, қазақ Автономиялы Республикасы болған кезінде де, бұл атауға, бұл құлдыққа келіспей Қазақстан Республикасын құрып, айдай әлемге мәшһүр етуге ұмтылған А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллиндерді өз ұлтын сүймеген деп кім айта алар? Ресей саясатының қату қабағына ілініп, «халық жауы» атағын арқалаған атпал азаматтар жастайынан оққа ұшты. Алайда, көзден кетсе де, көңілден кетпеген сол бір жылдар әлі күнге қазақ халқының есінде, сол жаужүрек ақындардың отты өлеңдері талай «ұйықтап жатқан қазақтарды оятты», аналар Мағжанның бесік жырымен сәбилерін ұйқыға жатқызды. Жастар Сәкеннің жырларымен махаббаттың құдіретін сезінді.

Қазақ халқының ерлік жігерін көрсеткен тағы бір оқиға – бұл II – дүниежүзілік соғыс еді. Соғыс Қазақстан жерінде болмаса да, біздің жерлестеріміз шайқаста ерлікпен көзге түсіп, батыр атанды. 4 жыл бойы дүниені қан қақсатқан фашистер патшасы Гитлердің сұмдық саясатына жүрегімен, қанымен, рухымен қарсы тұра білген қазақ халқы бұл жылдары да беріспей өліскен емес. Отты жылдарда қасық ханымен соғысқан аталарымыздың ерлігі ешқашан ел есінен кетпейді. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ата – әжелеріміздің ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі – өнеге боларлықтай. Рейхстаг басына алғаш ту тіккен Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін қай қазақ ұмытып, есінен шығара алады. Олардың бұл істері қазіргі ұрпақтың еңсесін көрсетіп, патриоттық рухқа тәрбиелеудің басты себебі.

Бүгінгі жас ұрпаққа соғыстың адамзат тарихындағы орнын, біздің халқымызға түсірген қиындылықтарын айта келіп, қан майданда ерлік көрсеткен қазақ қыздарының қаһармандығын ұғындыру елжандылық сезімді қозғайды. Шығыс халқының ішінде қазақ қыздары қай заманда да ер – азаматтармен бірге жойқын соғыстарға қатысты. Ер намысынан кем түспейтін намысты, батыр қыздар ішінде Әлия мен Мәншүктің шоқтығы биік. Әлия мен Мәншүкті ардақтау – иісі қазақты ардақтау. Әлия мен Мәншүк намысы – тәуелсіздік рухының тұғыры.

Белгілі қазақ ақыны М. Хакімжанқызы «Мәншүк» атты шығармасын дүниеге келтірді. Әлия мен Мәншүкке «XX ғасыр арулары» деген атақ берілді. Сонымен қатар соғыс даласында жау ұшақтары мен танкілерін жойып, аспанды жау қолынан тазартқан Хиуаз Доспанованың да ерлігі мақтауға, ұрпаққа, жастарға үлгі етуге тұрарлық. Солардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру – баршамыздың азаматтық борышымыз. Батыс Майданда, Сталинград түбінде, Мәскеуді қорғауда айрықша батырлық пен батылдықтың үлгісін көрсеткен Қазақстандықтардың шайқаста жан аямай күрескенін білу – жас ұрпаққа міндет. Халқымыз Отан үшін от кешіп, елдік пен ерлік сынға түскен сәтте қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батыр ұл – қыздарын қадірлеп, қастер тұтады.

Ел тәуелсіздігі тақырыбы, Отан қорғаудың өшпес өнегесі – аңыз атамыз Бауыржан Момышұлы шығармашылығының алтын арқауы. Ел – жерді көздің қарашығындай қорғау, Отанға деген парыз – қарызды адал атқару – бүгінгі күннің де басты талабы. Бұл Бауыржан Момышұлының адами болмысымен бірге әдебиетке адалдығын, ой – сөз жүйесін кие тұтқанын, ар мен ұрпақ алдындағы аманатын да танытады.

Әр халықтың тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан – ұрпаққа танылған, өмірі мен үлгі өнеге – болатын абзал адамдар болған және бола бермек. Дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз. Сол бір 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қазақтың қазақтығын сақтап қалу үшін, біздің тәуелсіз ел болып, ата – бабадан аманат болып қалған өз жерімізді өзіміз басқаруымыз үшін қан төгіп, жазықсыз жазаланған, кеудесіне қазақ деген ұлттың намысы ата қанымен, ана сүтімен келген қыршын жастар Қазақстан тәуелсіздігін аламыз деп қасық қанын қиған жоқ па еді.?! Сол күндер қазір алыстап кеткенімен, отты жылдардың жарықшағы қалған жүректер әлі де бар арамызда. Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің бірден – бір себебі болған – Желтоқсан оқиғасы. Тек сол жылдардың тақсіретін тартпай, бейбіт күнде өмірге келген жастар сол жылдарды бағалай білсе игі.

Қазақ жастары ел басына күн түскенде етігімен су кешкен азаматтардың ерлігімен танысып, оларды өз идеалдарына айналдырса құба – құп. Бірақ, олардың мынандай жаһандану заманында өзге елдерге еліктеп, ұлттық сана мен тілден алыстап бара жатқаны солар үшін кезінде шыбын жанын қиюға даяр тұрған нәубет жылдардың куәгерлеріне үлкені соққы екені мәлім.
Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден бір құндылық – ол жасөспірімдерді отаншылдық рухта тәрбиелеу.

Патриотизм – ол әрбір азаматтың бойында туа біткен сезім емес. Патриотизм ол Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік, оның мүддесі үшін кез келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық. Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егемен ел болып, қазақ деген ұлт болып сақталып қалуымыздың өзі ата – бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.

Әрқашанда Отанын сүйетін, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасқан, Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын – жыраулардың, көсем – билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең – жырлары, шешендік сөздері жас жеткіншектер бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Патриотизмнің діттегені – Отанды қастерлеу мен ардақтауға тәрбиелеу

Бауыржан мен Рахымжанның, Мәншүк пен Әлияның, Қайрат пен Ләззаттың ерліктерін бүгінгі жас ұрпаққа үлгі – өнеге қылу, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу әрбір мұғалімнің, ата – ананың міндеті деп білемін. Жас жеткіншектерді Отанымыздың байлығымен, тілімен, дінімен, батыр тұлғаларымен ата – ананың отбасында, мұғалімнің мектепте таныстырып, патриотизмге жастайынан тәрбиелегенде ғана Қазақстанның «ұлтым» деп жүрегі соғатын, «Отаным» деп өмір сүретін жастарын тәрбиелей аламыз.
15 906
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
Екінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі үшін соғыс жайлы өткен тақырыптарды қайталау
Тәуелсіз елімнің - ерлік жолы
Тәуелсіз елімнің - ерлік жолы
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.
Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым
Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым
Тәуелсіздік туралы болашақ мамандардың білімін толықтыру; Студенттерді жеке шығармашылық ізденіске үйрету;
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×