Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз елімнің - ерлік жолы

09 желтоқсан 2016, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәуелсіз елімнің - ерлік жолы.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: слайд, бейнебаян. Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Н. Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.

- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздікке биыл 25 жыл толды. Бүгінгі 8 класта өткізгелі тұрған «Тәуелсіз елімнің – ерлік жолы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын! Отбастарыңызға бақыт, береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін!
Мақсатын хабарлау.
Әнұран:

Оқушыларға сұрақтар.
Қазақстан туралы не білеміз? Оқушылар жауабы..
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Топқа бөлу І топ - Қазақстан, ІІ топ - Тәуелсіздік
Мақал арқылы топқа бөлу.
Слайд: Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған.(тарихи оқиғалар )

2 - топқа сұрақ: Қандай тарихи оқиғаларды білеміз?
1- топ 1465 – 1986 жылдардағы тарихи оқиғаларды айтады.
2 -топ 1986 – 2016 жылдардағы тарихи оқиғаларды айтады.

1 - оқушы:
Қазақ елі еркіндікке жету үшін қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды. Керей мен Жәнібек бастаған қалың қол елді жаудан қорғады.

2 - оқушы.
Қазақ хандығы 1465 - 1847 ж. Аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейін, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын қамтыған. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы
Мұғалім: 1 топ: Ал екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білеміз?

3 - оқушы:
1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді.
Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды.

4 - оқушы:
Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес.. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

2 - оқушы:
1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл.
Мұғалім: 2 топ: Желтоқсан көтерілісі туралы не айтуға болады?

4 - оқушы
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы:
1986жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

5 - оқушы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9 - желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Хор: Желтоқсан желі әні:
Оқушы:
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Мұғалім: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қандай?.
1 - оқушы: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастықтың қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі Ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 062
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Патриот болу - парызың
Патриот болу - парызың
Патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Тәуелсіздік – тірегіміз
Тәуелсіздік – тірегіміз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×