Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шыңғыстау, Шұбартау, Абыралы өңірінің көне ескерткіштерінің зерттелуі

16 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырып: Шыңғыстау, Шұбартау, Абыралы өңірінің көне ескерткіштерінің зерттелуі

«Қазақтың ұсақ шоқылығы» аталатын осынау бір Сарыарқаның шығыс өңірі жөнінде белгілі ғалым, археолог Әбдіманап Медеуұлы Оразбаев өзінің туған жерге деген сағынышын, оның тарихының ашылмаған кітаптай талай сырды бүгіп жатқандығын дала күнделіктерінде» төмендегі жолдармен білдірсе керек.
Көсілген кең жазық. Қараған мен көдесі жайқалған ұшы – қиыры жоқ сары дала. Суға шөліркеп кезеріп жатыр. Тайпақ, еңкіш таулары ғана болмаса көз тоқтатар дәнеңе таба алмайсың. Меңіреу де мылқау. Бірақ осы тілсіз дала өткен бір замандардың куәсі ғой. Не көрді екен ол өткенде? Не сыры бар оның бүгіп жатқан? Бұл даланың айтары да, бері де мол - ау! Бір ғана қиыншылық – оған сыр шерткізу деп біліңіз.
«Қазақтың ұсақшоқылығы» деген атау – ең алдымен геологиялық - геоморфологиялық атау. Ол тек Арқаның аласа таулы биіктерінің негізгі орналасу аумағын біріктіреді де (Шыңғыстаудан Ұлытауға дейін, Көкшетаудан Балқашқа дейін) олардың сырт тұстарындағы жапсарлас жатқан жазықты, төбелі геология – геоморфология тұрғысынан басқаша құралған өлкелерді қоспайды. (1. 10).
Бұл өңірдің физикалық – географиялық жағдайы аридті аймақ ретінде саналып, Сарыарқаның бас суайрық эрозиялық – тектоникалық қыратының төбелері жолдар, сирегірек қырқалармен жондар, күмбез тәріздес және конустық шоқылар пішінді болады (2. 44). тау жоталарының абсолюттық биіктігі Шыңғыстау 1100 м. Одан да биігірек Қособа, Ақшатау тау сілімдерінің биігі 1300м, Дегелең 1010м, Оңтүстік – батысында Қотанемел және тағы басқа тау сілемдері жатыр.

Шыңғыстаудың солтүстік беткейінен Шаған және Ащысу, оңтүстігінен Бақанас, Дағанделі, Құрбақанас, Көксала тағы басқа ұсақ өзендер басталады. Беткейінде бұта (тобылғы қараған) аңғарларында тал, терек, қайың, арша, шалғын шөп өседі. Арқар, киік, қасқыр, сілеусін, түлкі, борсық, суыр тағы басқа аңдар мекендейді.
Біз сөз еткелі отырған Шыңғыстау, Шұбартау, Абыралы өңірінің тағдырына, топырағына жақсылығымен, асылдарын берумен қатар зобалаңы мен зұлматын да аямай берген.

Бұл өңірдің қазан төңкерісіне дейінгі Қарқаралы өңірімен байланысты. 1824 - 1868 жылдар аралығында орталығы Омбы қаласына болып, Омбы облысының, Қарқаралы округіне қарады. 1868 жылдан уездерге бөліну науқанымен Қарқаралы уезі Семей облысы болып кеңес өкіметі орнағанға дейін тұрды. 1920 - 1930 жылдары Кеңестік әкімшілік шекара реформасы бойынша Қарқаралының өзі жаңа құрылған Қарағанды облысына қарап, Шыңғыстау Абыралы өңірі Семей облысында қалды. Кейінгі әкімшілік бөлініс бойынша жақсы атаумен Абай, Абыралы, Шұбартау аудандары аталды. Әсіресе Абыралы ауданына бұйырмаған әкімшілік бөлініс, біресе Абай ауданына қосылды, біресе бөлінді. Қазіргі таңда Абыралы жері Жаңасемей ауданына, Шұбартау өңірі Аягөз ауданына қарасты Шығыс Қазақстан облысы болып кетті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 545
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәнінен 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
Сарыарқа
Сарыарқа
Жаңа сабақ: Сарыарқа Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық - географиялық және табиғи - тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді.
Сарыарқа
Сарыарқа
ШҚО, Аягө ауданы, «№6 жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ Курмангалиева М. А.
Қазақстан жеріндегі аласа таулар
Қазақстан жеріндегі аласа таулар
ШҚО, Үржар ауданы, Қаракөл орта мектеп - бақшасы КММ география пәні мұғалімі Темербаев Ерлан
Сарыарқа
Сарыарқа
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп - лицейі география пәні мұғалімі Сағынғалиева Гүлжанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×