Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойын – математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі

24 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Кембридж бағдарламасы бойынша үшінші (негізгі) деңгей
Ойын – математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі

Эпиграф
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.
В. М. Сухомлинский

Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Адамның ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте - бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады.

Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К. А. Покровский «ойын - күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»- деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі.

Ойын - 2 немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту
Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым - қатынас жасауға, қажетті дағдыны, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс - әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру, біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын - тапсырмалар арқылы берілген оқу - тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл - ой белсенділігінің күшеюі
4) Оқу - тәрбие мақсаттарының бірлігі

Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын - ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.

Сонымен қатар ұлттық ойындары математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу - жаттығу ойындары.
Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 475
0
  • 80
7 дауыс


Жаңалықтар
Бала тілін ойын арқылы дамыту
Бала тілін ойын арқылы дамыту
№7 «Айгөлек» МКҚК балабақшасы тәрбиешісі: Асия Рахметова
Математика сабағында ұлттық ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды ата-салт дәстүріне тәрбиелеу
Математика сабағында ұлттық ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды ата-салт дәстүріне тәрбиелеу
Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Е. Ж. Калиева
Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту
Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шапейқызы Ж
Баланың таным қабілетін дамытудағы ойынның маңызы
Баланың таным қабілетін дамытудағы ойынның маңызы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, №11 «Балауса» балабақшасы педагог – психолог Пазылова Айсұлу
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындардың маңызы
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындардың маңызы
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындардың маңызы Эпиграф: Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×