Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика сабағында ұлттық ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды ата-салт дәстүріне тәрбиелеу

18 наурыз 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика сабағында ұлттық ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды ата-салт дәстүріне тәрбиелеу

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойын элементтерін математика сабағында меңгерту арқылы халқымыздың салт - дәстүрін дәріптеу және жеке
тұлғаның ойлау дағдыларын жүйелеу арқылы тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту, таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру
Ойын дегеніміз - адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиялына қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенше жалғасады. Ал, оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі. Адамның ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте - бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видео компьютерлік ойынға дейін ауысады.

Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К. А. Покровский:”ойын - күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады”,- деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі.
Ұлттық ойындар мазмұн жағынан да мәнерлі әрі түсінікті. Ұлттық ойын элементтерін сабақ барысында қолдану оқушыларға халықтық салт - дәстүрі мен тұрмыстық шаруашылық еңбегінен түсінік береді.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты т. б. мінез - құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш - қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. «Ақсүйек», «Орда» ойындарындағы ерекшелік олардың түнде ғана ойналатындығында емес, бұл ойында болашақ жауынгерлерге қажетті қасиеттер: қырағылық, байқағыштық барлау жасау үшін түнде жерді айыра білуге, бағытты дәл табуға жаттығады

Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу – тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолданып жатыр. Сондай әдіс – тәсілдеріміздің оқу – тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойын және тәрбие.. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес. Бала отбасы тәрбиесі және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға

математиканы оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән бердім. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ұлттық ойындар бірден – бір таптырмайтын құрал.

Мысалы: Мен бірінші сыныпта балаларды қимылдату мақсаты мен халық ойыны «Қуыр, қуыр, қуырмашты» сабағымда пайдаландым. Оның шарты: Бірінші бала бас бармақтан бастап шынашаққа дейін бір рет саусақтардың атын түгел айтып береді. Сөйтіп, бар саусағын жұмып тұрып, екінші бала кез – келген саусағының атын атайды. Бұл ойын балалардың тілін жаттықтырып, есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі және тура, кері санау дағдыларын дамытады. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ

ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік береді. Оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түсемін. Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығының бірдей тілі келе бермейді. Бұл кезеңде нағыз көмекші ұлттық ойын элементтері болып табылады. Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тіл дамытуда, сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда пайдасы көп.

Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, ол онша қиындық келтірмейді екен. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін «санамақ» ойынын ойнату тиімді екенін ұқтым.

Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы мен 1 - ші сыныпта оқушылардың ауызша есептерге жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бердім. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады.
Атап айтқанда: «Қай қолымда», «Сөз мәнісін байқаңыз», «Өзім де құр қалмаймын» т. б.
Мысалы: «өзім де құр қалмайын» ойыны.

Жексенбі күні еді. Атамның үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір – бірден берсе біреуі ауысып қалады, екі – екіден берсе жетпейді. Сонда неше алма, неше немере болған?
Жауабы: 3 немере, 4 алма.
«Сөз мәнісін байқауың» ойынын алсақ мысалы:
«Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр,» осы үйде неше адам отыр?
Жауабы: 3 адам
Бастауыш сыныпта ойынды пайдалану арқылы есептер шығарумен қатар есептеп шығару барысында құрғақ шығарумен шектелмей оның тәрбиелік мәнін ашып түсіндіруді қажет етеді.
Мысалы: 2 - класс математикасындағы кейбір есептерге тоқталар болсам, 17 - беттегі №3 есепте сурет бойынша есеп құрастыр және шығар деп тапсырма берілген.
Бұл суретте:
Саба – 10л
Торсық – 4л
Оның тәрбиелік мәнін былайша әңгімелеп, түсіндіріп өтер едім.
«Қазақ халқының ыдыс аяғы тұрмыстық әр түрлі көлемде болады да, әр түрлі мақсатта қолданылады».
Саба деген – үлкен ыдыс, оны сиыр немесе жылқы малының терісінен жасайды, көлемі сыртқы пішіні конус тәріздес болып келеді. Оған 100л - ге дейін қымыз сияды. Жоғары жағынан піспек жасап ішіндегі қымызды пісіріп отырады. Жетісіне бір рет ішін жуып тазалайды. Сабаны керегеге іліп қояды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 808
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика сабағында ойын есептерін пайдалану
Математика сабағында ойын есептерін пайдалану
Атырау қаласы, Атырау селосы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің Математика пәнінің мұғалімі Утеулиева Алма Нәсіпқалиқызы
Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Шығыс Қазақстан облысы, Үрджар ауданы, «Алтыншоқы орта мектеп» КММ - сі Мектепалды даярлық тобының мұғалімі Сихимбаева Рымхан Абилхайдаровна
Ойын – математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі
Ойын – математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қызылжар ауылы, Қызылжар ЖОББМ физика және математика пәні мұғалімі Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындардың маңызы
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындардың маңызы
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындардың маңызы Эпиграф: Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.
Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында пайдалану
Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында пайдалану
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×